Биологиялық бақылау жүйесі. Биология, 11 сынып, сабақ жоспары.


Бөлім:

11.2 А Гомеостаз және гуморальді реттелу

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Биологиялық бақылау жүйесі

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

11.1.7.1 биологиядағы басқару жүйесін сипаттау

Сабақ мақсаттары

  • Басқару жүйесі түрлерінің анықтамаларын түсіндіру;
        • Адам ағзасына басқару жүйесін рөлін анықтау.

Бағалау критерийлері

-Басқару жүйесі түрлерінің (оң/теріс кері байланыс) анықтамаларын түсіндіреді;

-Оң және теріс кері байланыстарға мысалдар келтіреді;

-Бақылау жүйесінің адам организміндегі рөлін анықтайды;

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

Басқару жүйесі түрлерінің анықтамаларын түсіндіру;

Адам ағзасына басқару жүйесін рөлін анықтау.

Пәнге тән лексика және терминология:

гомеостаз, ашық жүйе, жабық жүйе, оң кері байланыс, реттеу механизмдері, теріс кері байланыс, ішкі орта өзгерісі.

Диалог/жазу үшін пайдалы сөз тіркестерінің топтамасы:

Басқару жүйесі түрлерінің...

Адам ағзасына басқару …

Мектеп құндылықтары

Әл-ауқат (денсаулық, мәдениет, бақыт). Коллаборативті мәдениет. (құрметтеу, ашықтық, жауапкершілік). Адалдық. Ашықтық. Өмір бойы үйрену. Өзіндік сана-сезім.

Пәнаралық байланыс

Физика: басқару жүйесі

Химия: метаболиттер, гормондар түзілуіндегі химиялық

 Алдыңғы білім

Жүйке жүйесінің рөлін, рефлекторлық доға ұғымы және жүйке жүйесінің қызметі (9-сынып)

Жоспар

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-5

5-7

7-10

10-12

Ой шақыру.

Екі сызба қарай отырып оқушылар өз ойларын айтуға тырысады.

Мұғалім жетектеуші сұрақтар қояды:

- Бұл сызба адамның қай мүшесі немесе қай жүйесімен байланысты болуы мүмкін?

- Қандай байланысы бар?

Сабақ мақсаттары:

  • Басқару жүйесі түрлерінің анықтамаларын түсіндіру;

Адам ағзасына басқару жүйесін рөлін анықтау.

Бағалау критерийлері:

  • Басқару жүйесі түрлерінің (оң/теріс кері байланыс) анықтамаларын түсіндіреді;
  • Оң және теріс кері байланыстарға мысалдар келтіреді;

Бақылау жүйесінің адам организміндегі рөлін анықтайды;

Күтілетін нәтиже:

Жүйке жасушаларының түрлерін ажыратады, құрылыс ерекшеліктерін анықтайды, қызметін сипаттайды, құрылысы мен қызметі арасында байланыс орнатады.

Сабақтың ортасы

12-22

22-24

24-26

26-38

2. Мұғалім таныстырылымы. Басқару жүйесінің типтері

3. Жұптық жұмыс. Сәйкестендіру. Оқушылар ашық және жабық басқару жүйесі бойынша топтастырулары қажет.

4. Топтық жұмыс.

Бір топ: ашық жүйе

Екінші топ: жабық жүйе

Критерийлерді анықтайды, қосымша ақпарат көздерін қолданады (оқулық, интернет, флипчарттар немесе тақта, маркерлер).

Топтық жұмыс критерийі:

  • Басқару жүйесінің механизмінің мағынасын ашу;
  • Ашық және тұйық жүйе түрлерін түсіндіру;
  • Басқару жүйесінің бұл түрлеріне мысалдар ( 2-ден кем емес) және (оң кері байланы, теріс кері байланыс) графикалау (2-ден кем емес);
  • Барлық топ мүшелерінің қатысуы;

5. Оқушылар қорғалым

6. Өзара бағалау. «Екі жұлдыз бір тілек» әдісімен топ жұмысын бағалайды.

7. Білімді нақтылау. Әрбір оқушыға екі түсті қима қағазы беріледі. Оны екі реттеу механизміне (жүйкелік/гуморальді) қолданады. Түсті қима қағаздардың бір түсі –реттеудің ашық жүйесін (А), келесі түсі - реттеудің жабық жүйесін білдіреді. Мұғалім сөйлемдерді оқығанда, оқушылар түсті қима қағаз көтеру арқылы реттеу механизмдерін анықтайды.

Сұрақтар үлгісі:

  • Жүгіргенде жүрек соғуының жиілеуі; (Т)
  • Көзге нысанды жақындатқанда қорғану үшін көз қабағының жыпылықтауы; (А)
  • Саусақ күйгенде қолды жылдам тартып алу; (А)
  • Емтихан алдында жүрек соғуының жиілеуі; (Т)
  • Инсулиннің мөлшері қанда азайғанда оның түзілуінің реттелуі; (Т)
  • Адреналиннің стресті жағдайда көбеюі; (А)
  • Адреналиннің көбеюін төмендету үшін норадреналиннің көбеюі; (Ж)

Қосымша 1

Қосымша 2

Сабақтың соңы

38-40

8. Оқушылардың рефлексиясы, кері байланыс.

Оқушылар үшін рефлексия сұрақтары:

Не білдім?

Неге үйрендім?

Не түсініксіз болды?

Нені жақсартуым керек?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу