Биологиялық бақылау жүйесі. Биология, 11 сынып, презентация.


Тұжырымдардың мысалдары:

Жүйке жасушалары арқылы іске асырады.

Электр импульстары және медиаторлардың көмегімен іске асырылады.

Бұлшық ет қысқаруының бір ғана реттеуіші болып саналады.

Психикалық үдерістердің өтуін қамтамасыз етеді.

Биологиялық белсенді заттар арқылы іске асырады.

Баялау іске асырылады.

Тұжырымдардың мысалдары:

Жүйке жасушалары арқылы іске асырады.

Электр импульстары және медиаторлардың көмегімен іске асырылады.

Бұлшық ет қысқаруының бір ғана реттеуіші болып саналады.

Психикалық үдерістердің өтуін қамтамасыз етеді.

Биологиялық белсенді заттар арқылы іске асырады.

Баялау іске асырылады.

11.2 А Гомеостаз және гуморальді реттелу

Сабақ тақырыбы: Биологиялық бақылау жүйесі.

Сабақтың мақсаттары:

Басқару жүйесі түрлерінің анықтамаларын түсіндіру;

Ағзаның ішкі ортасы тұрақтылығын сақтау механизмін түсіндіру.

Адам ағзасындағы басқару жүйесінің рөлін анықтау.

Бағалау критерийлері:

Реттеуші жүйелерінің механизмін сипаттайды;

Реттеуші жүйелерінің ерекшеліктері мен айырмашылықтарын көрсетеді;

Үш реттеуші жүйелерінің әрекеттесуін түсіндіреді.

Реттеуші қандай да бір эффекторға басқарушы әрекет етеді, ал осы эффектордың күш әрекетінің есебінен қандай да бір көрсеткіш – реттелетін параметр өзгереді. Адам ағзасында жүйке жүйесі, эндокринді және иммундық жүйелер реттеушілер, ал барлық мүшелер дерлік – эффекторлар болып қызмет етеді».

Реттелу жүйесі

Әртүрлі мүшелер мен жасушалар іс әрекетін байланыстырып оларды толық бір ағза ретінде біріктіреді.

«Автобус аялдамасы»

Бағалау критерийлері:

Постерге: Ферменттер класстарының катализдейтін реакция түріне, механизміне сызба әзірлейді.

Реттеу жүйелері: жүйкелік, эндокринді және иммундық сөздік сызбасы әзірлейді.

Постерді қорғауға:

Реттеуші жүйелерінің механизмін сипаттайды;

Реттеуші жүйелерінің ерекшеліктері мен айырмашылықтарын көрсетеді;

Үш реттеуші жүйелерінің әрекеттесуін түсіндіреді.

Иммундық реттеу

Иммунды жүйе-барлық лимфоидты ағзалар мен организмдегі торшалар жинағы. Ерекше иммундық қорғаныс механизмдеріне жауапты. Иммунды жүйе сүйектік қызыл кемігі, лимфа безі, айыршық безі (тимус), кұстардық фабрицнев қапшығы, көкбауыр, сондай-ақ тыныс алу және ас қорыту жолдарындағы топталған лимфоидты тканьдар кіреді. Иммунды жүйе ең басты мүшесінің қызметін әртүрлі лимфоциттердің субпоппуляциялары және лимфоциттердің кейбір тармақтары атқарады, олар макрофагтармен қосылып, иммунологиялық жауаптың негізі — антиденелер түзу және сезімталдығы күшейтілген лимфоциттердің жиналуын қамтамасыз етеді, ал бұлар бөтен антигендерді таниды, қорытады және жояды.

Адамның иммундық жүйесі.

1 - қызыл сүйек кемігі,

2 - тимус,

3 - тіл бадамшасы,

4 - таңдай бадамшасы,

5 - түтік бадамшасы,

6 - жұтқыншақ бадамшасы,

7 - кеңірдек және ауатамыр қабырғаларында лимфоидты түйіндер,

8 - қолтықасты лимфоидты түйіндер,

9 - көкбауыр,

10 - аппендиктің лимфоидты түйіндер,

11 - тоқ ішек қабырғаларындағы лимфоидты түйіндер.

Иммундық жауап - бөтен антигендердің әрекетіне қарсы пайда болады. Иммундық жүйе антигенмен қарым-қатынасқа түскенде әр-түрлі иммундық жауап бере алады: қанмен бірге айналатын ерекше антиденелердің пайда болуы, осы антигенмен өзгеше байланысқа түсетін Т-лимфоциттер санының көбеюі, ұзақ өмір сүретін Т және В лимфоциттердің «иммундық есте сақталуының», иммундық төзімділіктің, аллергияның пайда болуы..

Иммундық жауап организм антигенмен алғаш және кейін кездесуіне байланысты:

-біріншілік;

-екіншілік;

Біріншілік иммундық жауап-антидене плазмалық торшалардың саны бәсеңдеп немесе көбеюуімен, иммуноглобулин жинақталуымен және олардың қанда пайда болуымен сипатталады. Антиген енгеннен кейін алғашында ИГМ антиденесі пайда болады, ал бірнеше күн өткен сон ИГМ-ның орнына ИГО антиденелері жинақтала бастайды.

Екіншілік иммундық жауап антигенмен екінші рет қайталап кездескенде пайда болады,бұл кезде ИГМ мен ИГО антиденелері пайда болады

Механизміне байланысты:

-Жасушалық;

-Гуморалдық;

-Аралас

Иммунды жауаптың нейроэндокринді реттелуі.

Ағзаның иммунды жауабы - жоғары спецификалық үрдіс,бірақ оның қарқындылығы бейспецификалы нейрогуморальды реттеледі.

Иммунды жауапты модульдейтін мидың мынадай құрылымдары жатады: артқы гипоталамус аймағы, алдыңғы гипоталамус аймағы, гипокамп, ортаңғы мидың ретикулярлы формациясы шванн ядролары, миндалиндер.

Иммунды жауаптың реттелу механизімдері.

Бас миынан иммунды жүйеге баратын сигналдарды модульдейтін негізгі механизмдер: гормональді, жүйкелік және нейропептидті болады.

Жүйкелік және гуморальді реттелу нейромедиаторлар, нейропептидтер және гормондар арқылы жүзеге асады.

Иммундық жүйенің бас ми арқылы баратын сигналдардың реттелуі горманалдық, нервтік және нейропептидтік жолдармен байланысты.

Нейромедиаторлар мен нейропептидтер иммундық жүйеге аксоплазматикалық транспорттың көмегімен жетеді.

Гормондар қанға эндкриндік бездің бөлінуі арқылы иммундық жүйеге барады.

Иммундық жауаптың нейроэндокринді реттелуі күрделі процесс болып тобылады. Иммундық жауап іске осырылу үшін ОЖЖ де гипофиз, гипоталамус секілді гормондармен тығыз функционалдық байланыста болады. Нейроэндкринді реттелу қандағы гормондардың мөлшерімен тығыз байланысты.

Эндокринді реттеу

Эндокриндік жүйе-қандай ұлпадан дамуына байланыссыз ішкі ортаға спецификалық реттеуші заттарды бөлетін барлық бездердің,ұлпалардың және жасушалардың бірігуінен тұратын жүйе. Эндокриндік жүйе құрамына эндокриндік бездер мен жекелеген эндокриндік жасушалар жатады.

Эндокринді жүйе бұл реттеуші жүйенің эфференттік звеносы болып табылады және ішкі ортаны қалыпты жағдайда сақтайды. Бұл қызмет эндокринді жүйенің қанға бөлініп шығатын гормондары арқылы атқарылады. Бұл органдардың белсенділігінің өзгеруі олардың құрылысы өзгеруімен жүреді, сонымен қатар керісінше олардың құрылысының бұзылуы өндіретін гормондарының мөлшерін өзгертеді.

Адамның эндокриндік жүйесі.

Эндокриндік жүйе-ағзаның гуморальды реттелуінде маңызды рөл атқарады. Бұл жерде гуморальды реттелу дегеніміз — қанның құрамындағы гормондар және минералдық заттардың әсерлері арқылы организм қызметінің реттелуі. Ол ағзаның ішкі ортасына арнаулы биологиялық белсенді заттарды бөліп шығарады. Ішкі секреция бездері шығарған заттар гормон деп аталады. Бездер бөлген гормондар қанның ағысымен ішкі мүшелерге және мүшелер жүйелеріне келіп, олардың жұмысына әсер етеді. Эндокринді бездер ағзадағы барлық процесстерді реттеп отырады. Олар бір-бірімен өте тығыз байланыста болады. Бірінің бұзылысы екіншісінің қызметінің бұзылысына әкеледі.

Гормон-биологиялық активті заттар,олар арнайы эндокриндік ұлпада түзіліп шығарылады,яғни зат алмасуға және организмнің функциональдық реттеуге қатысады.

Гормондардың қасиеттері:

а) олар өте белсенді, тым азғантай мөлшерде (микрограмм, нанограмм, пикограмм) әсер ете алады;

ә) әсері арнайы бағытталған, бір гормон жетіспегенде екінші бездің гормоны немесе басқа бір белсенді химиялық зат оның қызметін атқара алмайды;

б) арнайы мамандаған инкреторлы жасушада өндіріледі, ұлпаларға, мүшелерге өзінің пайда болатын жерінен дистантты, яғни қашық тұрып, алыстан әсер етеді.

Жүйкелік реттеу

Жүйке жүйесі - адам мен жануарлар организмдерінің қоршаған ортаға бейімделуін реттейтін жүйе. Жүйке жүйесін зерттейтін морфологияның бөлімін гр. neurologia (грек, neuron — жүйке, жүйке жасушасы; logos — ілім) деп атайды. Жүйке жүйесінің қызметтері рефлекстер арқылы іс жүзіне асады.

Жүйке жүйесі жануарлар мен адам организмдегі органдар мен жүйелер әрекетін біріктіретін және организмнің тіршілік әрекетінің сыртқы ортамен үздіксіз қарым-қатынасын қамтамасыз ететін жүйке ұлпасы мен глеяның жиынтығы. Жүйке жүйесі ішкі және сыртқы тітіркендіргіш әсерін қабылдайды, талдайды, өңдейді,организм қызметін реттеп үйлестіреді. Бұның негізгі бөлігі - аса қозғыш және қозуды тез өткізетін өсінділері бар жүйке жасушасы (нейрон). Жүйке жүйесі филогенез процесінде күрделі өзгеріске ұшыраған.

Адамның жүйке жүйесінің бөлімдері.

Жүйке жүйесі мүшелерін негізінен жүйке ұлпасы құрайды. Жүйке жүйесі организмдегі орналасу орындары (топографиясына) мен құрылысына сәйкес: орталық және шеткі бөлімдер болып екіге бөлінеді. Жүйке жүйесінің орталық бөліміне ми және жұлын, ал шеткі бөліміне — мидан және жұлыннан организмнің шеткі аумақтарына таралатын мүшелер: жүйке түбіршіктері, жүйкелер, жүйке тораптары, жүйке түйіндері (ганглийлері) және жүйке талшықтарының ұштары жатады.

Адамның жүйке жүйесі

Организмдегі қызметтеріне байланысты жүйке жүйесін үш бөлімге бөледі.

Олар: сомалық (денелік), парасимпатикалық (ішкі мүшелік), симпатикалық (тамырлық).

Жүйке жүйесінің сомалық бөлімі - дене, яғни тірек-қимыл аппараты және тері жабыны мүшелерінің, парасимпатикалық бөлімі — ішкі мүшелер мен бездердің, симпатикалық бөлімі — тамырлар жүйесі мүшелерінің қызметтерін реттейді.

Парасимпатикалық және симпатикалық бөлімдерді біріктіріп, жүйке жүйесінің вегетативтік бөлімі деп атайды

Ыстық орындық



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу