Биологиялық бақылау жүйесі. Биология, 11 сынып, сабақ жоспары.
Мектеп | ||||||
Бөлім атауы | 11.2 А Гомеостаз және гуморальді реттелу | |||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | |||||
Сынып:11 | Қатысқан оқушылар саны: | Қатыспағандар: | ||||
Сабақтың тақырыбы | Биологиялық бақылау жүйесі. | |||||
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары (Оқу бағдарламасына сілтеме) | 11.1.7.1 биологиядағы басқару жүйесін сипаттау. | |||||
Сабақтың мақсаттары |
| |||||
Бағалау критерийлері |
| |||||
Тілдік мақсаттар | Теріс кері байланыстың адам ағзасындағы мәнін түсіндірумен жазбаша талдау құра алады (тыңдалым және айтылым дағдылары) Пәнге тән лексика және терминология: гомеостаз, теріс кері байланыс, реттеу механизмдері, белгілі жол, қайтару, түрлендіру, ауытқу. Диалог/жазу үшін пайдалы сөз тіркестерінің топтамасы: Қалыпты деңгейден кез-келген ауытқу … жолымен анықталады. Өзгеру байқалған кезде, түзету мзанизмдері …деңгейіне оралады Теріс кері байланыс деңгейді шамамен тұрақты ұстап тұрады, бірақ ол түрленуі мүмкін. | |||||
Саралау түрі | Оқу әрекетін ұйымдастыру бойынша саралау: жұптық, топтық | |||||
Құндылықтар | Ынтымақтастық
Өмір бойы оқу
Азаматтық жауапкершілік Оқушылар жұмыс орындарын тәртіппен ұстайды | |||||
Пәнаралық байланыс | Физика: басқару жүйесі. Химия: метаболиттер, гормондар түзілуіндегі химиялық. | |||||
АКТ дағдылары | Ғаламтордан қажетті ақпараттарды іздеп табу дағдыларын дамыту | |||||
Осыған дейін меңгерілген білім | Оқушылар 9-сынып материалынан жүйке жүйесінің рөлін, рефлекторлық доға ұғымы және жүйке жүйесінің қызметін білулері керек. | |||||
Сабақтың барысы | ||||||
Жоспарланған сабақ кезеңдері | Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттері | Дереккөздер | ||||
Сабақтың басы | ||||||
1 мин | Ұжымдық ортаны қалыптастыру.
| |||||
2 – 4 мин | Өткен білімді өзектендіру Оқушыларға тұжырымдарды реттеу түріне (жүйке және гуморальдық) сәйкестікті табуға арналған тапсырманы орындауды ұсыныңыз. Екі реттеу тетігі бойынша білімдерді жандандыра отырып (жүйкелік және гуморальдық), әр оқушыға әр түрлі екі карточкадан таратыңыз. Бір түс мүшелердің жүйкелік реттелу қызметін белгілейді-көк түс, басқа түс – гуморальдық-қызыл түс. Мұғалім оқушыларға сөйлемдер оқиды, ал оқушылар карточкаларды көтеру арқылы реттелу тетігін анықтайды. Тұжырымдардың мысалдары: • Жүйке жасушалары арқылы іске асырады. • Электр импульстары және медиаторлардың көмегімен іске асырылады. • Бұлшық ет қысқаруының бір ғана реттеуіші болып саналады. • Психикалық үдерістердің өтуін қамтамасыз етеді. • Биологиялық белсенді заттар арқылы іске асырады. • Баялау іске асырылады. | Интербелсенді тақта (ИТ), 1-2 слайдтар | ||||
5 – 8 мин | Оқушыларға «Жүйкелік гуморальдық реттелу» теориялық материал таратылып, сыныппен талқылау. | Интербелсенді тақта (ИТ), 3 слайд. Теориялық материал. Жүйкелік гуморальдық реттелу. | ||||
9 – 10 мин | Жаңа тақырып: «Биологиялық бақылау жүйесі» Сабақ мақсаттары мен бағалау критерийлері таныстырылады. | Интербелсенді тақта (ИТ), 4-5 слайдтар | ||||
Сабақтың ортасы | ||||||
11 – 12 мин | Мағананы ажырату Реттелу жүйесі. Әртүрлі мүшелер мен жасушалар іс әрекетін байланыстырып оларды толық бір ағза ретінде біріктіреді. Реттеуші қандай да бір эффекторға басқарушы әрекет етеді, ал осы эффектордың күш әрекетінің есебінен қандай да бір көрсеткіш – реттелетін параметр өзгереді. Адам ағзасында жүйке жүйесі, эндокринді және иммундық жүйелер реттеушілер, ал барлық мүшелер дерлік – эффекторлар болып қызмет етеді». | Интербелсенді тақта (ИТ), 6 слайд | ||||
13 – 34 мин | «Автобус аялдамасы» тәсілінің көмегімен үш реттеу жүйесін зерттеу. Бұл үшін топтарға үш реттеу жүйесінің атаулары үлестіріледі. Әр топ бір реттеу: жүйкелік, эндокринді және иммундық жүйесіне сөздік сызбасы құрастырылған постерлер дайындайды. Ол үшін оқушыларға мәтін оқуды ұсыныңыз да топтар оқығаннан кейін өз түсінігімен осы үдерістің сызбасын құруды сұраңыз. Содан кейін барлық топтар сыныпта постерлерді іледі және бір аялдамадан екіншісіне өткендей, олармен танысады. Бағалау критерийлері: Постерге: Ферменттер класстарының катализдейтін реакция түріне, механизміне сызба әзірлейді. Реттеу жүйелері: жүйкелік, эндокринді және иммундық сөздік сызбасы әзірлейді. Постерді қорғауға:
| Интербелсенді тақта (ИТ), 7 слайд. Теориялық материалдар: «Жүйкелік реттеу», «Иммундық реттеу», «Эндокринді реттеу» | ||||
35 – 36 мин | Топтар постерлерді таныстырғаннан кейін, үш реттеу жүйесінің бірлескен жұмысын сыныпта талқылау. Қорытынды. Жүйкелік, эндокринді және иммундық, олар әр түрлі мүшелер мен жасушалардың қызметін келістіреді және оларды біртұтас ағзаға біріктіреді. | |||||
Сабақтың соңы | ||||||
37 – 40 мин | Рефлексия «Ыстық орындық» Тақтаның алдына орындық қойылады. Ол ыстық орындық. Оған өз еркімен немесе мұғалімнің шақыруымен бір оқушы отырады. Қалған оқушылар тақырып бойынша сұрақтар қояды. | Интербелсенді тақта (ИТ), 21 слайд | ||||
Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз? | Бағалау – оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз? | Денсаулық және қауіпсіздік ережелерін сақтау | ||||
Дифференциация тапсырмаларды таңдау,нақты оқушыдан нәтиже күту, жеке оқушыларға қолдау көрсету, оқушылардың жеке ерекшелігіне қарай оқу материалдары мен ресурстарды іріктеу (Гарднер бойынша арқылы көрінуі мүмкін., Дифференциация уақытты тиімді пайдалану арқылы сабақтың кез келген кезеңінде қолданылуы мүмкін. | Бұл бөлімді сабақ барысында оқушылардың нені үйренгенін бағалаудың әдістерін жазу үшін пайдаланыңыз | Денсаулық сақтау технолоиялары Сергіту сәттері мен белсенді әдіс түрлері. Осы сабақта Қауіпсіздік техникасы ережелерінен пайдаланылатын пункттер | ||||
Сабақ бойынша рефлексия Оқу мақсаттары/оқыту мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? ОМ барлық оқушылар жетті ме? Егер жетпесе, онда неге? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыт бойынша кезеңдері сақталды ма? Сабақтан жоспарынан тыс өзгерістер болды ма және неге? |
| |||||
Жалпы баға Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1: 2: Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1: 2: Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым? | ||||||
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру