Механорецепторлардың түрлері. Биология, 10 сынып, дидактикалық материал.
Мұғалімге нұсқаулық
Механорецепторлар – механикалық тітіркенуді анықтайтын сенсорлы жасушалар, олар вибрацияны, қысымды және ауырлық күшін сезеді. Біз оларды біздің ішкі құлағымыздан табамыз, олар сол жерде дыбысты, ауырлық күшін, қимылды сезеді, сондықтан да бізге естуге және баланс сақтауға мүмкіндік береді. Олар, сонымен қатар, теріде де болады, сол арқылы біз бір затқа тигенімізді және қысымды сезе аламыз. Олар бұлшықеттің құрамында да кездеседі, онда олар кеудені тік ұстауға, қимылдауға және баланс сақтауға көмектеседі.
Тапсырмалар ұйымдастыруға арналған суреттер
Меркель жасушалары сипап сезу және қысым рецепторлары болып табылады. Олар эпидермисте, әсіресе, шаш жоқ жерлерде орналасқан. Негізінен, саусақтың ұшында кездесіп, жылдам түйсіну тітіркендіргіштерін әр түрлі қарқынмен қабылдайды.
Мейснер денешіктері, яғни сипап сезу денешіктері, нәзік жанасуды қабылдайды. Олар сипап сезу тітіркендіргіштерін дәл орналасуына және заттың пішінін анықтауға жауап береді. Олар қолдың, табанның, қабақтың, еріннің, емшектің және сыртқы жыныс мүшелерінің нағыз тері (дерма) дөңестерінде орналасқан.
Руффини ұштары жылу рецепторлары болып табылады. Олар көбінесе еріннің, беттің және шынтақтың терісінде орналасқан.
Краузе түйіндері суық рецепторлары болып табылады. Олар бүкіл дененің нағыз тері (дерма) дөңестерінде орналасқан. Әсіресе, ауыз қуысы мен көздің шырышты қабығында және бет пен саусақ терісінде көп кездеседі.
Пиччини денешіктері, яғни қатпарлы капсулалы жүйке ұштары, қысым мен тербелістің өзгерісіне жауап береді. Нәтижесінде болып жатқан деформациялар жайында хабар береді. Олар тері асты ұлпаларында, әсіресе, саусақтарда, қуық қабырғасында, буындар мен бұлшық ет маңайында орналасқан.
Механорецепторлар
Жалпы адамның ағзасындағы рецепторлар: экстероцептивті, проприоцептивті,интероцептивті деп бөлінеді . Экстероцептивтіге жатады жанасу: сипап сезу, дәм сезу,алыстан сезіну: көру, есту, иіс сезу, проприоцептивті:терең сезімді сезеді , интероцептивті :зат айналым үрдістерін сезеді.
Эволюциялық тұрғыда механорецепторлар ертеден келе жатыр, олар барлық жерде кездеседі жанасу стимулдарына жауап беретін механорецепторлар (денеге жанасу немесе қысу) жылдам және тез бейімделетін түрлері болады. Тез бейімделетін түріне : терінің түкті бөлігі, терінің түксіз бөлімдері Мейснер түйіршіктері ,Пачини түйіршіктері.Түктің фолликулаларының рецепторлары және Мейснер рецепторлары 30-40Гц жиілікпен келетін стимулдарға жауапты, ал Пачини түйіршігі болса жиілігі 250Гц болатын стимулдарга жауап береді.
Баяу бейімделетін тері рецепторлары – Меркель дискілері және Руффини түйіршіктері . Меркель дискілері нүктелі рецептивті кеңістіктер ретінде болса, Руффини түйіршіктері тері созылғанда белсенді болады .Бұл рецепторлардың барлығында миеленген аксондары бар .
Пачини түйіршіктері
Терінің барлық механорецепторларының ішінде жақсы зерттелген ол Пачини түйіршіктері –немесе қысқа механикалық әсердің детекторлары .Осы рецепторларды бірнеше рет қоздырсақ, вибрация сезімін береді
Теріде жанасу рецепторы өте көп .Соның Пачини түйіршігі (Pacinian корпускулы) көбірек. Олар терінің астында және дермада үлкен 1мм лік құрылымдарды алып жатыр. Пачини түйіршіктерінің ұштары миеленделген , сыртқы қабаты тегіс жасушалардан коллагенді талшықтардан және лимфа сұйықтығынан тұрады. Пачини түйіршігі механикалық және вибрациялық қысымдарға сезімтал.
Пачини түйіршігінің капсуласы бірнеше бірдей бірінің ішінде бірі «матрешка» тәріздес орналасқан қабаттардан тұрады, сол «матрешканың» ішінде өзегінде жүйке ұшы орналасады. Бұл көпқабатты конструкция жоғары жиілікті фильтр тәрізді жұмыс жасайды: капсулаға қысқа ғана әсер еткенде ,капсула деформацияланады ,сосын жүйке ұшына әсер етеді. Егер осы механикалық тітіркендіргіштің әсері ұзаққа созылса, онда капсуланың қабаттарының арасындағы арақашықтық өзгереді. Ол Пачини түйіршігіне әсер еткен тұрақты қысымның орнын толтырады да жүйке ұшының деформациясын болдырмайды.
Механикалық тітіркенгіштің әсерінен Пачини түйіршігінің капсуласы деформацияға ұшырап, жүйке ұшына әсер етеді. Ал жүйке үштарында әрекет потенциалы пайда болады. Капсула жоғарыжиілікті фильтр болғандықтан тұрақты қысымның стимулына жауап бермейді ,нейронның қоздыру үдерісінде капсула қатыспайды, тек тітіркендіргішті өзгертіп отырады, Пачини түйіршігін бірнеше рет ұзақ уақыт тітіркендірсе, әрекет потенциалы төмендейді. Пачини түйіршігінен өтетін жүйке ұштарында әрекет потенциалы тітіркенгіштің 200-400Гц жиілігіне жауап береді 400-500Гц те бұзылады, ал 500Гц жиілігенде реакция тоқтайды
«Паччини денешігінің құрылысы» видео көру үшін оқушыға нұсқаулық беріледі.Видеоны қарай отырып төмендегі сұрақтарға жауап алу керек екендігі ескертіледі:
- Паччини денешігінің аталу себебі;
- Паччини денешігі қай жерде орналасқан;
- Паччини денешігінің не қызмет атқарады;
- Паччини денешігінің құрлысы неден тұрады .
Сәйкестендіру дұрыс нұсқасы
Меркель дискі | Мейснер дискі | Пачини түйршігі | Руффини түйіршігі | Краузер түйіршігі |
қысым рецепторлары болып табылады | нәзік жанасуды қабылдайды | механикалық және вибрациялық қысымдарға сезімтал | жылу рецепторлары болып табылады | суық рецепторлары болып табылады |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру