Механорецепторлардың түрлері . Рецепторлардың тітіркендіргіштің өзгеруіне жауап беру реакциясы (Пачини түйіршігі мысал ретінде ). Биология, 10 сынып, дидактикалық материал.
Механорецепторлар
Жалпы адамның ағзасындағы рецепторлар: экстероцептивті, проприоцептивті,интероцептивті деп бөлінеді . Экстероцептивтіге жатады жанасу: сипап сезу, дәм сезу,алыстан сезіну: көру, есту, иіс сезу, проприоцептивті:терең сезімді сезеді , интероцептивті :зат айналым үрдістерін сезеді.
Эволюциялық тұрғыда механорецепторлар ертеден келе жатыр, олар барлық жерде кездеседі Жанасу стимулдарына жауап беретін механорецепторлар (денеге жанасу немесе қысу) жылдам және тез бейімделетін түрлері болады .Тез бейімделетін түріне : терінің түкті бөлігі , терінің түксіз бөлімдері Мейснер түйіршіктері ,Пачини түйіршіктері.Түктің фолликулаларының рецепторлары және Мейснер рецепторлары 30-40Гц жиілікпен келетін стимулдарға жауапты, ал Пачини түйіршігі болса жиілігі 250Гц болатын стимулдарга жауап береді.
Баяу бейімделетін тері рецепторлары – Меркель дискілері және Руффини түйіршіктері . Меркель дискілері нүктелі рецептивті кеңістіктер ретінде болса, Руффини түйіршіктері тері созылғанда белсенді болады .Бұл рецепторлардың барлығында миеленген аксондары бар .
Ал С тобының механорецепторлары миеленбеген аксондардан тұрады, олар баяу әсер ететін стимулдарға жауапты мысалы : сипалау.Адамның С тобының механорецепторлары жақында ғана табылды, бірақ басқа сүтқоректілерде бар екендігі ертеден белгілі болған, мысалы : мысықта.
Рис.16.1. Механорецепторы кожи и их расположение на гладкой коже ладони (А) и волосистых участках кожного покрова (Б).
Қысым мен жанасуды сезу. Қысым мен жанасуды сезу үшін терінің белгілі бір бөлімдері ғана жауап береді ,олар сезімтал жанасу нүктелері деп аталады.Сезімтал жанасу нүктелері саусақтың ұштарында ,ерінде көптеп кездеседі.Ал иықты жамбасты, арқаны жабатын теріде сезімтал жанасу нүктелері өте аз кездеседі.
Пачини түйіршіктері
Терінің барлық механорецепторларының ішінде жақсы зерттелген ол Пачини түйіршіктері –немесе қысқа механикалық әсердің детекторлары .Осы рецепторларды бірнеше рет қоздырсақ, вибрация сезімін береді
Теріде жанасу рецепторы өте көп .Соның Пачини түйіршігі (Pacinian корпускулы) көбірек, Олар терінің астында және дермада үлкен 1мм лік құрылымдарды алып жатыр. Пачини түйіршіктерінің ұштары миеленделген ,сыртқы қабаты тегіс жасушалардан коллагенді талшықтардан және лимфа сұйықтығынан тұрады .Пачини түйіршігі механикалық және вибрациялық қысымдарға сезімтал.
Пачини түйіршігінің капсуласы бірнеше бірдей бірінің ішінде бірі «матрешка» тәріздес орналасқан қабаттардан тұрады, сол «матрешканың» ішінде өзегінде жүйке ұшы орналасады.Бұл көпқабатты конструкция жоғарыжиілікті фильтр тәрізді жұмыс жасайды: капсулаға қысқа ғана әсер еткенде ,капсула деформацияланады ,сосын жүйке ұшына әсер етеді .Егер осы механикалық тітіркендіргіштің әсері ұзаққа созылса, онда капсуланың қабаттарының арасындағы арақашықтық өзгереді, Ол Пачини түйіршігіне әсер еткен тұрақты қысымның орнын толтырады да жүйке ұшының деформациясын болдырмайды.
Механикалық тітіркенгіштің әсерінен Пачини түйіршігінің капсуласы деформацияға ұшырап, жүйке ұшына әсер етеді .Ал жүйке үштарында әрекет потенциалы пайда болады .Капсула жоғарыжиілікті фильтр болғандықтан тұрақты қысымның стимулына жауап бермейді ,нейронның қоздыру үдерісінде капсула қатыспайды, тек тітіркендіргішті өзгертіп отырады, Пачини түйіршігін бірнеше рет ұзақ уақыт тітіркендірсе, әрекет потенциалы төмендейді.Пачини түйіршігінен өтетін жүйке ұштарында әрекет потенциалы тітіркенгіштің 200-400Гц жиілігіне жауап береді 400-500Гц те бұзылады, ал 500Гц жиілігенде реакция тоқтайды .
«Пачини түйіршігіндегі рецепторлық потенциалдың даму механизмі.»
Пачини денешігінің құрылысы
Фатер-Пачини икемді дененің схемасы:
А –көлденең кесіндісі: 1 – дәнекер ұлпасынан құралатын капсула; 2, 5, 8 - гемокапиллярлар; 3 – сыртқы пиязшықтың пластинкалары; 4 - коллагенді микрофибриллалар; 6 - периневрий; 7 – миелинді жүйке талшығы ; 9 - аксон; 10 - миелин; 11 –ішкі пиязшық; 12 – жүйкелік талшықтың ұшы;
Б –көлденең кесіндісі: 1 – интердигитирлі ішкі пиязшықтың жартыпиязшықтары; 2 - радиальная щель; 3 – жүйке талшығы (по Р. Крстичу, с изменениями)
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру