Жердегі тіршіліктің пайда болуы. Биология, 10 сынып, дидактикалық материал.


Бағалауға арналған тапсырма

Сұрақтар

Ақпараттар

А.И.ОПАРИННІҢ КОНЦЕПЦИЯСЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ТІРШІЛІК ПАЙДА БОЛУЫ МӘСЕЛЕЛЕРІН ШЕШУДЕП РӨЛІ

  • Берілген ақпартты қолдана отырып

А.И. Опариннің концепцияның маңызы

атты инфограмма жаса.

  • Төмендегі кестені толытыру керек

А.И. Опариннің концепциясымен

Келісемін (дәлел)

1.

2.

Келіспеймін

(дәлел)

1.

2.

Тіршілік пайда болуы туралы әр түрлі концепциялар мен гипотезалар ішінде А.И. Опариннің концепцияның маңызы зор болды. Ғалымның жүргізген зерттеулерінің биікке көтерілген тұсы 1950-1970 жылдар болды, ал оның негізгі еңбегі - «Тіршіліктің пайда болуы» 1924 жылдың өзінде-ақ жарық көрген болатын. Сол кездің өзінде бұл еңбекте Опарин гипотезасының негізгі идеясы қаланған болатын. Оның идеясының ең негізгісі - Жер бетінде тіршіліктің пайда болуы -тірі материяның өлі материя қойнауында қалыптасуының ұзақ эволюциялық процесі.

Опарин химиялық эволюцияның жаңа идеясын ұсынды - күшті әсер етуші физикалық-химиялық факторлардың (температураның, ультракүлгін және рентген сәулелерінің, үлкен қуатты электр разряд-тары мен атмосфералық қысымның) әсер етуінен кейбір бейорганика-лық қоспалар органикалық «тіршілік кірпіштеріне» - амин қышцылдарына, нуклеозидтер мен нуклеотидтерге, қарапайым полисахаридтер мен химиялық энергияны сақтауға қабілетті АТФ молекулаларына өздігінен айналуы жүзеге асады. Клетка 70% оттегі, 17% көміртегі, 10% сутегі және 3% азоттан тұрады. Тіршіліктің негізін құрайтын бул химиялық элементтер әлемдегі ең тұрақты және көп таралған элементтердің қатарына жатады. Олар бір-бірімен оңай қосылыс түзеді және атомдық салмақтары да аз. Олардың қосылыстары суда жылдам ериді.

Ежелгі кембрийге дейінгі шөгінді жыныстарды химиялық және палеонтологиялық жолмен зерттеу, әсіресе көптеген жобалық эксперименттер күрделі органикалық қосылыстардың пайда болу жағдайын түсінуге көмектесті.

А.И.Опарин «Тіршілік пайда болуы» еңбегінде ол су буы, аммиак, циан, металл тағы басқа заттардан туратын газ қоспасына электр разряды, жылу энергиясы, ультракүлгін сәулелер әсер еткен кезде Жер гидросферасында коэцерваттық тамшылар деп аталатын коллоидты жүйе пайда болатынын экспериментті түрде дәлелдейді.

Бұл коэцерваттардың маңызды қасиеті - сыртқы ортадан әр түрлі органикалық заттарды сіңіруі болды, ал буның өзі қоршаған ортамен алғашқы зат алмасудың мүмкіндігін қамтамасыз етті. Ал қалыптасып келе жатқан «табиғи сұрыпталу» ең турақты коэцерваттардың сақталып қалуына әсерін тигізді.

Опариннің сипаттап жазған химиялық микроқурылымы алғашқы метаболизмге (зат алмасу) қабілетті болды, дегенмен гендік ақпарат беретін жүйесі болмады.

Табиғи сурыпталу жағдайында сақталып қалған жүйелердің белоктық және нуклеотиптік полимерлерден тұратын ерекше құрылымы болды, ал бұл тірі заттарға тән үшінші қасиетті - тұқым қуалаушылықты қамтамасыз етті.

А.И. Опариннің концепцияларының ғылыми маңызы өте зор, дегенмен кейбір күшті және сонымен бірге әлсіз жақтары да бар.

Оның концепциясының мықты жағы - оның химиялық эволюцияға нақты сәйкес келуі.

Бұл концепцияның тағы бір мызғымас дәлелділігі - оның негізгі жағдайларын эксперимент арқылы тексеріп көрудің мүмкін екендігі. Ал, концепцияның әлсіз тұсына келетін болсақ, ол генетикалық коды бар молекулярлық жүйелер болмағанда жасушаға дейінгі қурылымдардың өздігінен пайда болу мүмкіндігін жоққа шығармайды. Сондықтан амин-қышқылдарын зертханалық жағдайда синтездеу кезінде химиялық «блоктардың» «бірінші сорпасына», мысалы онсыз (реакция жүрмегенде), ферменттерді қосымша енгізуге жол берілді.

Тапсырма

Мәттіннің түрі

Негізгі компанент

Мәтіннің күрделілігі

Мағыналық оқылым

Тапсырма деңгейі

Біртұтас

Ақпаратты айқындау

Циклизация

Ізденістік оқу

2 немесе 3



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 🙌 ҚАРЫЗ ҚАЙТАРУМЕН ҒАНИБЕТ
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
Пікір жазу