Жердегі тіршіліктің пайда болуы. Биология, 10 сынып, презентация.


«Миға шабуыл»:

1.Абиоткалық және биотикалық факторлар дегеніміз не?

2.Қолымда менің бір зат тұр бұл тірі ме әлде өлі ме?

3.Қалай анықтадыңыздар?

4. Алдымыздағы гүлдерге қандай белгілер тән?

Видео

https://www.youtube.com/watch?v=P9cNwlc4DDc.

10.3D – Эволюциялық даму және сұрыптау негіздері.

Жердегі тіршіліктің пайда болуы.

Оқу мақсаты:

Жердегі тіршіліктің пайда болуының негізгі теорияларына дәлелдемелер келтіру

Бағалау критерийлері:

Жердегі тіршіліктің пайда болуының теорияларын айтып шығады;

ең жиі таралған теорияны атайды;

жаңа терминдерді дұрыс пайдаланады.

Адамзаттарды ерте заманнан бастап жердің пайда болу тарихы қызықтырды.

-Сіздердің осы сұрақ бойынша ойларыңыз қандай?

Жер бетіндегі тіршілік басталған уақыт аралығында ағзалар көптеген өзгерістерді бастан кешірді.

Анаэробты тыныс алатын, прокариотты және гетеротрофты жасушалар мен аэробты автотрофты тыныс алатын эукариоттық ағзалар түрлері дамыды.

Тіршіліктің пайда болуы жайында, негізінен, бір-біріне қарама- карсы екі көзкарас қалыптасқан. Оның

біріншісі — тіршілік өлі табиғаттан пайда болған деген абиогенездік теорияға келіп тіреледі.

Екінші көзқарасбиогенездік теория. Бұл көзқарас бойынша тіршіліктің өздігінен пайда болуы мүмкін емес. Тіршіліктің пайда болуы жайындағы бұл екі көзқарас арасындағы өзара келіспеушілік пікір осы күнге дейін жалғасып келеді.

Жердегі тіршіліктің пайда болуының теориялары

Стационарлық күй

Креационизм

Панспермия

Кенеттен пайда болу

Биохимиялық эволюция теориясы (Опарин-Холдейн теориясы)

Креационизмтабиғаттағы түрлер өзгермейді, оны « құдіретті күш» жаратқан деген көзқарас.

Стационарлы дәлелдеме – «Тіршілік жер бетінде мәңгілік». Стационарлық жағдай теориясыжер ешқашан пайда болмаған, ол мәңгілік тіршілік етіп келеді; және әрқашан тіршілік үшін қолайлы болды. Ал, егер өзгеріс болса, онда болмашы ғана өзгерген.

Панспермия тіршіліктің пайда болуын басқа ғаламшардан тіршілік тұқымы арқылы таралған деп түсіндірген көзқарас.

Кенеттен пайда болу– «тіршілік күшінің» арқасында ғана тіршілік пайда болды.

Биохимиялық эволюция теориясы тіршілік өлі табиғаттан химиялық қосылыстардың күрделенуінен пайда болған

Тапсырма

Сабақты қорытындылау

1. Бит - еттен, қандала - жануар шырынынан, шұбалшаң - балшықтан пайда болады деген көзқарасты ұстанған ғалымды ата.

2. Тіршіліктің құпия сырларын білу үшін міндетті түрде бақылау, эксперимент жасап зерттеуді ұсынған ғалымды ата.

3. Тіршілік өздігінен пайда болады деген теорияға қарсы шыққан ғалым.

4. Ішінде сорпасы бар ыдысты қайнатып, оның аузын тығыз етіп жауып эксперимент жасаған ғалым.

5. S - әрпі тәрізді шыны түтікті қолданып эксперимент жасаған ғалым.

6. Креационизм деген көзқарасты қолдаған ғалымдарды ата.

7. 1865 жылы алғаш "Панспермия теориясын" ұсынған неміс ғалымын ата.

8. 1880 жылы тіршілік жер бетінде мәңгілік деген теорияны ұсынған неміс ғалымын ата.

9. Органикалық заттардың абиогендік жолмен пайда болуы туралы гипотезаны ұсынған ғалым?

10. «Тіршілік күшінің» арқасында ғана тіршілік пайда болады деген теорияны атаңыз?

Үйге:

Видео

https://youtu.be/MKPKvWnAntk

Пайдалы ақпарат:

http://goo.gl/Vwd6N

және

http://goo.gl/t0MZm

Толық және кеңейтілген талдау:

http://goo.gl/pMBRy

Рефлексия.

Сабақ соңында түсінікті болды.

Мен барлығын білемін

Барлық мақсатқа жету үшін мен



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу