Практикалық жұмыс №11 (М): «Фильтрация және несептің түзілу үдерістерін зерттеу». Биология, 10 сынып, презентация.
Cабақ тақырыбы:
Практикалық жұмыс №11
«Фильтрация және несептің түзілу үдерістерін зерттеу»
Оқу мақсаты:
фильтрация және несептің түзілу үдерістерін сипаттау
Бағалау критерийлері:
фильтрацияның анықтамасын біле алады;
несептің түзілу үрдісін сипаттай алады.
Зәр түзілу кезіндегі нефронды қоршап жатқан қан тамырларының маңыздылығы
Ультрафильтрация – қысым арқасындағы сүзу процесі. Қанның гидростатикалық қысымы арқасында бүйрек шумағына жүректен қолқа шығып үлкен қысыммен қан келеді. Шумақты қылтамырлар жүйесі қоршаған. Шумақтың қылтамырлары бүйрекке келетін салатамырдың қылтамырымен салыстырғанда кіші болады, сондықтан шумақтың қылтамырларының қысымы жоғарылайды. Су мен басқа еріген молекулалары капилярлардан сығылып, боумен денешігінің эпителийлері арқылы өтеді. Ал үлкен молекулалар, ақуыз, қан жасушалары қанда қалып қояды.
Нефрон денешігіндегі процесс
1. қылтамырдың эндотелийі – өте жұқа, көп қабатты саңылалары -10 нм тең жасушалар. Саңылаулар саны өте көп, барлық қабаттың 30 % құрайды. Өте үлкен болғандықтан плазмадағы ақуыздарды сүзе алмайды.
Қылтамырдың Базальды мембранасы – барлық эпителий жасушалары осы қабатта орналасқан. Коллаген талшықтарынан тұрады. Су мен ұсақ молеклалар бұл сүзгі арқылы өтеді де, ал ақуыз бен қан жасушалары өтпейді.
Боумен капсуласының эпителийі – подоцит жасушасынан тұрады. (гр. Podos - аяқ) вырост бар. Бұл жерде плазманың 20% сүзіледі.
КФ (клубочковый фильтрат)- шумақ сүзгісі – химиялық құрамы бойынша қан плазмасына ұқсас. Құрамында глюкоза, аминқышқылдары, дәрумен, электролит, азотты өнімдер ( мочевина, зәр қышқылы, креатинина) гормондар мен су болады.
Бірінші реттік зәр түзілу механизмі
Проксимальды бүгілген арнадағы таңдамалы реабсорбция процесі немесе екінші реттік зәрдің түзілу механизмі
Адам ағзасынан 1 минут ішінде 125 мл сүзгі пайда болады. Күніне ол 180 л тең. Ал біз білуімізше күніне 1,5 л зәр пайда болады. Яғни олар қайта сіңіріледі – реабсорцияланады. 125 мл сүзгі түзіле, оның 124 мл қайта сіңіріледі, демек 80% сүзгі проксиальды бүгелген арнада реабсорбцияланады.
Проксимальды бүгілген арна жасушалары мынадай ерекшеліктеріне байланысты реабсорбция процесіне бейімделген
Микроворсинкалар мен базилатеральды шытырманның арқасында беттік алмасу жоғары.
Митохондрия саны өте көп
Қылтамырларға жақын орналасқан
Реабсорбция механизмі:
Глюкоза, аминқышқылдары, және иондар сүзгіден плазмалық мембранадан жасушааралық кеңістікке және шытырманға тасымалдағыш ақуыздар арқылы проксимальды бүгілген арнаға диффузия процесімен өтеді.
Жасушааралық кеңістік пен шытырманнан өте өткізгіш перитубулырлы қылтамырлар мен нефрондар арқылы шығады.
Натрий мен басқа да иондардың белсенді сіңірілуі нәтижесінде сүзгінің осмостық қысымы төмендейді де, өткізгіш қылтамырлар осмос жолы арқылы судың мөлшері эквивалент санына жетеді. Еріген заттар мен судың негізгі массасы сүзгіден қалыпты жылдамдықпен сүзіледі.
Сүзгіден диффузия процесі арқылы 40-50 % моевина перитубулярлы қылтамырға өтіп, қан айналым жүйесіне оралады.
Ұсақ ақуыздар сүзгіден проксимальды бүгілген арнада пиноцитоз арқылы өтеді.
Проксимальды бүгілген арна жасушалары мынадай ерекшеліктеріне байланысты реабсорбция процесіне бейімделген
Проксимальды бүгілген арнадағы таңдамалы реабсорбция процесі немесе екінші реттік зәрдің түзілу механизмі
Генле ілмешегіндегі процесс
Суды сақтау қызметін атқарады. Генле ілмешегі ұзын болған сайын зәрдің концентрациясы соғұрлым жоғары болады.
Мекен ету ортасы құрғақ болған сайын генле ілмешегі ұзын болады.
Генле ілмешегі бүйректің милы затында жинағыш арнамен бірге орналасады.
Милы заттан су осмос арқылы өтеді, ал ілмешегінде концентрленеді.
Қызметі бойынша генле ілмешегінің 2 түрі бар:
Жұқа сегментті төменгі иін – су мен еріген заттар - диффузия
Жұқа сегментті жоғарғы иін – суды өткізбейді, натрий,калий, хлоридтер
Қалың сегментті жоғарғы иін - суды өткізбейді, натрий,калий, хлоридтер
Зәрдің түзілуі
Рефлексия
Үйге тапсырма:
Пайдаланылған әдебиеттер:
Д.Тейлор, Н.Грин, У.Стаут «Биология в 3-х томах» 3 том
http://www.biologymad.com/resources/kidney.swf
https://www.twig-bilim.kz/film/kidneys-5338/
https://www.youtube.com/watch?v=9w6GayrnWIg
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру