Биологиялық объектілерден нәруызды сандық және сапалық реакциялармен анықтау. Биология, 10 сынып, презентация.


Алматы қаласы физика – матетика бағытындағы

Назарбаев Зияткерлік мектебі

Сабақ тақырыбы:

Биологиялық объектілерден нәруызды сандық және сапалық реакциялармен анықтау

Алматы қаласы ФМБ НЗМ

Биология пәні мұғалімі

Шаметов А.К.

shametov_a@fmalm.nis.edu.kz

Оқу мақсаты: Биологиялық объектілерден (жұмыртқа, ірімшік, үрмебұршақ) нәруызды сандық және сапалық реакциялармен анықтау

Жетістік критерийлері:

Теориялық негіздеме

Тағам өнімдерінде нәруыздың болуын сапалық реакция арқылы анықтайды. Оның белгісі ретінде 1) түсті реакциялар; 2) тұнба реакциясы байқалады.

Пептидтік байланысқа Биурет реакциясы.

Биурет реакциясы - пептидтік байланыстың (-CO-NH-) сілтілі ортада мыс сульфатымен боялған комплексті байланысты түзу қабілеттілігі, ал түстің қарқындылығы полипептидтік тізбектің ұзындығына байланысты болады.

Ксантопротеин реакциясы (грек.ксанты-сары) құрамында бензол ядросы бар нәруыздар концентрлі азот қышқылымен сары түс береді.

Нәруыздың санын анықтау үшін спектрофотометрлік әдісті қолданады. Спектрофотометр (спектр, метр сөзінен (гр.Грек тілі photo's — жарық және гр.Грек тілі metreo - өлшеймін) — жарықЖарық толқыныныңТолқын ұзындығына байланысты екі монохроматты жарық ағымдарының интенсивтіліктерінің қатынасын өлшеуге арналған оптикалық аспап.Оптикалық аспаптар Спектрофотометрлік әдіспен нәруызды анықтау ароматты аминқышқылдарының (триптофан, тирозин, аз көлемде фенилаланин) максимум 280 нм ультракүлгін жарықты жұтылуына негізделген.

Қабаты 10 мм қалыңдықтағы кюветаны қолданғанда 1 мг/мл ерітіндідегі белок концентрациясы оптикалық тығыздығы 280 нм 1 тең болатыны туралы шешім қабылданған.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу