Оқиға ықтималдығы және оның қасиеттері. Алгебра, 10 сынып, қосымша материал. 1 сабақ.
Сабақтың тақырыбы: Оқиға ықтималдығы
Оқу мақсаты: 10.3.2.1 - кездейсоқ оқиға ұғымын, кездейсоқ оқиға түрлерін білу және оларға мысалдар келтіру;
Сабақ мақсаты:
- «Кездейсоқ оқиға», «сынақ» түсініктерімен танысады;
- Кездейсоқ оқиға түрлерін біледі;
Оқиға түрлерін анықтауды үйренеді және мысалдар келтіреді
Бағалау критерийлері: Оқушылар
– берілген оқиға түрлерін анықтай алады;
– берілген оқиғаларға мысалдар келтіреді.
1.
а) Лақтырылған тиын – сынақ.
б) Елтаңба жағы түсуі – оқиға.
2.
а) Нысанаға оқ атылды – сынақ.
б) Нысанаға тиюі немесе қисық кетуі – оқиға.
3.Жәшікте түрлі-түсті шар бар. Жәшіктен кез-келген бір шар алады.
а) Жәшіктен шар алуы – сынақ.
б) Шардың белгілі бір түспен шығуы – оқиға.
4. Дүкен сөресінде екі түрлі қуыршақ бар(ақ шашты және қара шашты). Сөреден бір қуыршақты алады.
а) Сөреден қуыршақ алынуы – сынақ.
б) Қуыршақтың шышының белгілі бір түспен шығуы – оқиға.
5. а) Әрбір тоқсан соңында оқушылар математика пәнінен бақылау жұмысын жазады – сынақ.
б) Оқушы бақылау жұмысынан қанағаттанарлықсыз баға алды – оқиға.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру