Оқиға, сынақтар, оқиға түрлері. Алгебра, 10 сынып, сабақ жоспары. 1 сабақ.


Математика ӘБ жетекшісі: Ахмедиева Г. Б.

Сабақ001

Мектеп: Тараз қаласы ФМБ НЗМ

Мұғалім: Базилева Ю.С., Искакова М.М,

Сынып: 10

Қатысқандар саны.

Қатыспағандар саны:

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 10.2A: Ықтималдық

Сабақ тақырыбы: Оқиға, сынақтар, оқиға түрлері

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары:

10.2.1.1 кездейсоқ оқиға, кездейсоқ оқиға түрлері туралы біледі және мысалдар келтіре алады

Сабақ мақсаты

Оқушылар

  • «оқиға», «сынақ» түсініктерімен танысады;
  • Оқиға түрлерін біледі;
  • Оқиға түрлерін анықтауды үйренеді және мысалдар келтіреді

 Бағалау

критерийлері:

Оқушылар мақсатқа жетеді, егер

– берілген оқиға түрлерін анықтай алады;

– берілген оқиғаларға мысалдар келтіреді.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар

– таңдалған оқиға түрін түсіндіреді;

– оқиға түрлері арасындағы айырмашылықты түсіндіреді;

– сынақ нәтижесін түсіндіреді.

Берілген ұғымдармен жұмыс жасайды:

– кездейсоқ оқиға;

– мүмкін емес оқиға;

– расталған/сенімді оқиға;

– оқиға ықтималдығы;

– ақиқат оқиға;

– шартты оқиға;

– тәуелсіз оқиға.

Берілген ұғымдарды қолданады:

 оқиғалар үйлесімсіз деп аталыды, егер олар …;

 оқиғаны ақиқат деп аталад, егер …;

 сынақ нәтижесі ... болса, мүмкін емес оқиға деп аталады;

 ақиқат оқиғаның ықтималдығы …;

 Құндылықтарды

дарыту

Жұпта жұмыс жасау барысында сыйластық және өзара сенімді қарым-қатынас құндылығын дамыту;

 АКТ қолдану

дағдылары

Оқыту барысында қолданатын презентация

Бастапқы білім

Әріпті өрнектерді оқи алуы және олармен жұмыс жасай алуы, мысал есептерді шығара алуы.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы.

Ұйымдастыру кезеңі (2 мин)

а) сәлемдесу, оқушыларды түгендеу;

б) жаңа үй жұмысын жазу:

1. кездейсоқ оқиға анықтамасын оқу;

2. кездейсоқ оқиғаның түрлерін анықтау;

3. әрбір анықтамаға мысалдар келтіру

в) сабақтың жүрі жоспарын түсіндіру

г) оқушыларды топтап отырғызу( 4 адамнан)

Сабақ мақсатын қою (2 мин)

Мұғалім презентацияны пайдаланып оқу мақсатын көрсетіп, оқушыларға сабақ мақсатын қоюды ұсынады

Сабақ мақсаты

Кездейсоқ оқиға туралы түсінік, кездейсоқ оқиғаның түрлері және оларға мысалдар келтіру

Презентация

Сабақтың басы (10 мин)

Мұғалім теориялық тапсырмаларды презентация көмегімен түсіндіреді.

Сыныпқа сабақ түсіндіру барысында мұғалім теориялық материалдарды түсінуін бағалайды.

Қосымша 1

Топтық жұмыс (25 мин)

Мұғалім оқушыларға топта жұмыс жасауды ұсынады. Оқушылар өз мысалдарын келтіру арқылы бірнеше кестені толтырады

Кесте №1

Сынақ

Оқиға

Ойын сүйегін лақтыру

Жұп санның шығуы

...

...

Оқушылар кестеге сынақ пен оқиғаның 5-6 мысалын жазғаннан кейін топтар арасында талқылауды ұсыну. Әр топ өзінің «Сынақ» епн «Оқиғаға» келтірген мысалдарын айтады. Қалған топтар бағалайды («Бармақты көтер» әдісі, егер мысал дұрыс болса бас бармақты жоғары көтереді, егер қате болса төмен түсіреді). Келіспеушілік туындаған жағдайда оқушылар өздерінің жауаптарын негіздеуді ұсыну.

Кесте №2

Әр топ оқушылары «Кездейсоқ оқиға», «Ақиқат оқиға» және «Мүмкін емес оқиғаға» бірнеше мысалдар келтіреді.

Кездейсоқ оқиға

Ақиқат оқиға

Мүмкін емес оқиға

Жәшікте ақ және қара шар жатыр. Жәшіктен қарамай екі шар алды. Екі шарда ақ түсті.

1-6 аралығында ұпай бар ойын сүйегі лақтырылды. Түскен ұпай 6-дан аспайды.

1-6 аралығында ұпай бар ойын сүйегі лақтырылды. Түскен ұпай 10 ұпай.

Кестені топтағы оқышалармен талдап, оларды басқа топпен талдауды ұсынады.

Кесте №3

Оқушыларға үйлесімсіз және теңшамалы оқиғалардың бар екенін ескерту және түсіндіру. Оқушылар осы оқиғаларға да мысалдар келтіреді.

Үйлесімсіз оқиға

Теңшамалы оқиға

Таң атты ( А орқиғасы),

Кеш батты (В оқиғасы)

Таң атты (А оқиғасы),

Жаңбыр жауды (В оқиғасы)

...

...

Тақтамен жұмыс

Сабақ соңы

Қорытындылау

(3 мин)

Рефлексия

(жауаптарын қағазға жазып отыру)

«+» - егер өзі жауап беріп, дұрыс жауап берсе

«-» - егер өзі жауап беріп, жауап қате болса

«Д» - мұғалім айтуымен жауап беріп, жауап дұрыс болса,

«Қ» - мұғалім айтуымен жауап беріп, жауап қате болса

«0» - жауап бермесе

2. Үй жұмысына байланысты мұғалім түсіндірме береді

1. кездейсоқ оқиға анықтамасын оқу;

2. кездейсоқ оқиғаның түрлерін анықтау;

3. әрбір анықтамаға мысалдар келтіру ию

Презентация к уроку

Саралау оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Топтар «жоғары-орташа-төменгі» схемасы бойынша ұйымдастырылды. Өйткені төмен деңгейлі оқушы өзінің қабілетін арттыру үшін, ал жоғарғы деңгейлі оқушы өзінің қабілетін одан ары дамыт алады.

1. Топтық жұмыс кезінде мұғалім оқушылардың жаңа тақырыпты, жаңа терминдерді түсіну деңгейін қадағалайды;

2. Оқушылар топтық жұмыс кезінде бағалауды бағалау критерийлері бойынша бірін-бірі бағалайды;

3. Кестемен жұмысты оқушылармен талқылау кезінде мұғалім оқушыларды бағалау критерийлеріне мән беруді ұсынады, осы арқылы оқушы өзінің мақсатқа жеткенін көре аллады;

4. Сабақ соңында оқушылардан оқу мақсатына жету туралы ауызша рефлексия алынды.

Жұмыс басталмас бұрын «көзге арналған гимнастика» жасалады

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылғанба?

Сабақ мақсаты анық және қолжетімді деп ойлаймын.

Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткіздіме? Жеткізбесе, неліктен?

Барлық оқушылар оқу мақсатына жетті.

Мақсат оқушылармен бірге құрылды, бағалау критерийлері талқыланды және мақсатқа жету жолы айтылды.

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Оқущыларда сабақта топқа бөлу жоспар бойынша жүргізілді

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталдыма?

Барлық сабақ кезеңдері жоспарланған кақыт бойынша өтті.

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Жоспардан ауытқулар болған жоқ.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралыда, оқу туралыда ойланыңыз)?

1: Жаңа тақырыпты меңгеруде қолданылған анимациялы презентация

2: Топтық жұмыс оқушыларды бір-бірін оқытуға ықпал етті.

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1: Егер топтық жұмыс әр сабақ сайын өткізілмесе, онда топтық жұмыстың ережелерін түсіндіріп жіберу керек

2: Оқушылардың назарын өтілген тақырыптағы теориялық материалдарды оқуды, терминдерді жаттап алуды ұсыну керек.

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

Кейбір оқушыда өз ойын еркін жеткізе алмауы. Өйткені оқушының математикалық тілде сөйлей алмауы



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 🙌 ҚАРЫЗ ҚАЙТАРУМЕН ҒАНИБЕТ
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
Пікір жазу