Оқиға, сынақтар, оқиға түрлері. Алгебра, 10 сынып, презентация. 1 сабақ.


Оқиға және олардың түрлері

Сабақ мақсаты

кездейсоқ оқиға және оның түрлері туралы түсінік;

оқиғаның әртүрлі түрлеріне мысалдар келтіру

Ықтималдық теориясы

бұл математика тарауы ықтималдық заңдылықтарын, көптеген кездейсоқ оқиғаларды оқытады

Сынақ дегеніміз? Оқиға? Нәтиже?

Тәжірибе (сынақ) – кездейсоқ оқиғаны қарастыратын жағдайлар жиынтығы.

Нәтижетәжірибе қорытындысы (сынақ).

Оқиғатәжірибенің күтілетін нәтижесі.

Тапсырма

Берілгендердің сынақ немесе оқиға екенін анықтаңыз

1. Тиын лақтырылды;

2. Елтаңба жағымен түсуі;

3. Нысанаға оқ атылды;

4. Нысанаға тиюі немесе тимеуі;

5. Қорапта түрлі-түсті шар жатыр. Қораптан кездейсоқ бір шар алынды.

Қораптан шар алынуы;

Алынған шардың белгілі бір түсте болуы;

6. Дүкен сөресіне екі түрлі қуыршақ бар (ақ шашты және қара шашты). Сөреден кездейсоқ бір қуыршақ алынды.

Сөреден қуыршақ алынды;

Қуыршақтың шашының белгілі бір түсті болуы;

9. Оқушылар тоқсан соңында математика пәнінен жиынтық бағалау жұмысын жазуы;

10. Оқушының математика пәнінен қанағаттанарлықсыз баға

алуы .

Оқиғалардың түрлері

АҚИҚАТ

КЕЗДЕЙСОҚ

МҮМКІН ЕМЕС

Егер оқиға белгілі бір уақыт ішінде міндетті түрде орындалса, онда оны ақиқат оқиға деп атайды.

Кейбір сынақ нәтижесінде оқиғаның мүмкін болуын немесе мүмкін болмауын кездейсоқ оқиға деп атайды

Бұл сынақ нәтижесі болмаса, онда бұл оқиғаны мүмкін емес оқиға деп аталады

Егер бұл оқиғаны белгілі бір шартта орындалатынын айтпасақ, онда бұл оқиға кездейсоқ оқиға.

А={Тараз қаласында келесі жылы қар жексенбі күні жауады};

В={стол үстіндегі бутерброд жерге құлағанда, май жағылған жағы жерге қарайды};

С={ ойын сүйегін лақтырғанда 4 саны шығады};

D= {ойын сүйегін лақтырғанда шыққан сан тақ сан}.

Белгілі шартта орындалмайтын оқиғамүмкін емес оқиға.

F = { ойын сүйегін лақтырғанда жеті санының шығуы}

Белгілі шартта міндетті түрде орындалатын оқиғаақиқат оқиға.

Н = {ойын сүйегін лақтырған 7 санынан кіші сан шығады}

Үй тапсырмасы:

1. кездейсоқ оқиға анықтамасын оқу;

2. кездейсоқ оқиғаның түрлерін анықтау;

3. әрбір анықтамаға мысалдар келтіру

Рефлексия

(жауаптарын қағазға жазып отыру)

«+» - егер өзі жауап беріп, дұрыс жауап берсе

«-» - егер өзі жауап беріп, жауап қате болса

«Д» - мұғалім айтуымен жауап беріп, жауап дұрыс болса,

«Қ» - мұғалім айтуымен жауап беріп, жауап қате болса

«0» - жауап бермесе



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу