Қайталанбалы алмастырулар. Алгебра, 10 сынып, қосымша материал.


А деңгейі

  • М, А, Т, H, E, M, A, T, I, C, S әріптері жазылған карточкалардан неше сөз (мағынасы маңызды емес) құрастыруға болады?
  • Жеребе жеті рет тасталды. Неше тәсілмен үш алтылық, екі бірлік және екі үштік алуға болады?
  • 1, 2, 3, 4, 5 цифрларынан цифрлары әртүрлі неше бестаңбалы жұп сан құрастыруға болады?
  • Неше тәсілмен жіпке 4 жасыл, 5 көк және 6 қызыл моншақ тастарын тізуге болады?
  • Отыз адамды үш топқа әрқайсысында 10 адам болатындай етіп бөлу керек. Құрамы әртүрлі неше топ болады?

В деңгейі

  • Үшінші цифры – 7, соңғы цифры – жұп болатын неше бестаңбалы сан бар?
  • Бірдей карточкаларға жазылған К, О, Н, У, С әріптерінен К, О, Н әріптері қатар тұратындай неше сөз құрастыруға болады?
  • Бес «A» әрпінен және көп дегенде үш «B» әрпінен құралған неше сөз құрастыруға болады?
  • Бірдей карточкаларға жазылған т, і, к, т, ө, р, т, б, ұ, р, ы, ш әріптерінен неше сөз құрастыруға болады? Олардың ішінде неше сөз т әрпінен басталып, ш әрпімен аяқталады?
  • Five boys and three girls sit in a single line. In how many ways can they be seated in a single line so that the boys and girls are in two separate groups?

С деңгейі

  • 7 оқушыны, бір қатарда орналасқан 7 орындыққа, белгілі үш құрбы қатар отыратындай етіп, неше түрлі тәсілмен отырғызуға болады?
  • Әртүрлі 28 открытканы төрт бірдей конвертке, әрқайсысында 7 открытка болатындай, неше тәсілмен салуға болады?
  • Автомобиль номерлері үш немесе төрт латын әрпінен және үш цифрдан құралған (алдымен әріптер, сосын цифрлар тұрады). 26 латын әрпі мен 10 цифрды пайдаланып, неше номер құрастыруға болады?
  • Бірдей карточкаларға К, Е, Р, Е, Г, Е әріптері жазылған. Осы әріптерден неше сөз құрастыруға болады, егер:

а) үш «Е» әрпі қатар тұрмауы керек болса;

б) екі «Е» әрпі қатар тұрмауы керек болса?

  • О, Б, О, Р, О, Н, О, С, П, О, С, О, Б, Н, О, С, Т, Ь әріптері жазылған карточкаларды екі «О» әрпі қатар тұрмайтындай етіп неше тәсілмен алмастыруға болады?

Қосымша тапсырмалар:

  • 4 оқушыға 12 оқулықты неше түрлі тәсілмен тең үлестіріп беруге болады?
  • Неше тәсілмен 3 оқушыны 5 орындыққа отырғызуға болады?
  • 15 оқушыны 3, 5 және 7 оқушыдан құралған үш топқа неше тәсілмен бөлуге болады?
  • Мини футболдан бір айналымдық жүйе бойынша ұйымдастырылған турнирге 5 команда қатысты. Турнирде барлығы неше ойын ойналған?
  • Шеңбер бойынан 12 нүкте алынған. Төбелері осы нүктелерде орналасқан неше үшбұрыш салуға болады?
  • 4, 5 және 6 цифрларынан тұратын, құрамында 4 цифры үш рет, ал 5 пен 6 цифрлары екі-екіден қайталанатын неше жетітаңбалы сан бар?
  • Математикалық олимпиадаға қатысушыларға бір кітаптың 3 экземпляры, екіншісінің 4 экэемпляры және үшіншінің 8 экземпляры дайындалды. Олимпиадаға қатысушы 30 оқушыға осы кітаптарды неше тәсілмен сыйға тартуға болады, егер әрқайсысына бір кітаптан артық беруге болмайтын болса?


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу