Қайталанбалы алмастырулар. Алгебра, 10 сынып, презентация. 1 сабақ.
Сабақ кезеңдері:
1) Өткенді қайталау;
2) Жаңа білімді енгізу;
3) Топпен жұмыс.
Теорияны қайталау
Комбинациялардың түрін анықта:
Берілген әртүрлі п элементтен k бойынша алынған
____________________ деп, әрқайсысы бір-бірінен элементтерінің құрамымен және орналасу ретімен ерекшеленетін комбинацияларды айтады.
2) Берілген әртүрлі п элементтен k бойынша алынған ________________ деп, әрқайсысы бір-бірінен тек элементтерінің құрамымен ғана ерекшеленетін комбинацияларды айтады.
3) Берілген әртүрлі n элементтен құралған ______________ деп, әрқайсысы бір-бірінен тек элементтерінің орналасу ретімен ғана ерекшеленетін комбинацияларды айтады.
алмастырулар
орналастырулар
терулер
Теорияны қайталау
1. Сәйкестендір:
АУЫЗША
Жеке карточкаларға жазылған 1, 2, 3, 4 және 5 цифрларынан неше бестаңбалы сан құрастыруға болады?
Жеке карточкаларға жазылған 4, 4, 4, 5 және 8 цифрларынан неше бестаңбалы сан құрастыруға болады?
Қайталанбалы алмастырулар
Оқу бағдарламасына сілтеме:
10.4.2.1 қайталанбалы алмастырулардың, терулердің және орналастырулардың формулаларын қолданудың орындылығын түсінеді;
10.4.2.2 қайталанбалы алмастыруларды, терулерді және орналастыруларды есептеу формулаларын қорытып шығарады;
10.4.2.3 қайталанбайтын және қайталанбалы алмастыруларды, терулерді және орналастыруларды қолданып комбинаторикалық есептерді шығарады;
Сабақтың мақсаты
- Комбинаторика элементтерінің бірі қайталанбалы алмастыру туралы мағлұмат алады;
- Қайталанбалы алмастырудың формуласын қолданып комбинаторлық есептерді шығара алады.
Бейне-көрсетілім.
https://bilimland.kz/kk/courses/math-kz/algebra/kombinatorika-yqtimaldyqtar-teoriyasynyng-ehlementteri/lesson/qai-talanatyn-ornalastyrular-men-teruler
«Объектілердің орналасуы» 6-бетті таңдау керек.
1-мысал. Жеке карточкаларға жазылған 4, 4, 4, 5 және 8 цифрларынан неше бестаңбалы сан құрастыруға болады?
2-мысал. «ҚЫМЫЗ» сөзіндегі әріптердің орындарын ауыстыру арқылы неше сөз құрастыруға болады?
ҚЫМЫЗ
- жылқы сүтінен алынатын кышқыл сүт өнімі.
Жамбыл атамыз: «Ауруға ем, сауға қуат дәрі қымыз»,— деген екен. Қымыз қазақ халқының ұлтық тағамдарының ішіндегі ең құрметті дастарқан дәмінің бірі.
3. Он зерттеуші 5, 3 және 2 адамнан тұратын үш топқа бөлінуді шешті. Олар бұны неше тәсілмен жүзеге асыра алады?
Бейне-көрсетілім: https://bilimland.kz/kk/courses/math-kz/algebra/kombinatorika-yqtimaldyqtar-teoriyasynyng-ehlementteri/lesson/qai-talanatyn-ornalastyrular-men-teruler «Объектілердің орналасуы» 6-бет, 11-жаттығуды таңдау керек.
4. 2, 3, және 5 цифрларын қолданып қанша жетітаңбалы санды жазуға болады, егер әрбір санда 2 цифрі үш рет, 3 және 5 цифрлары екі реттен қайталануы керек болса?
5. Жеті ұл бір қатарға тұрмақшы. Араларында Ерлан және Нұрлан есімді ұлдар бар. Барлық мүмкін комбинацияларды тап, егер:
а) Ерлан қатардың соңында тұратын болса;
б) Ерлан қатардың ең басында, ал Нұрлан ең соңында тұратын болса;
в) Ерлан мен Нұрлан екеуі қатар тұратын болса?
ТОПТЫҚ ЖҰМЫС
САБАҚТЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАУ
- Не білдім, не үйрендім?
- Не түсініксіз болды?
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру