Қайталанбалы және қайталанбайтын терулер. Алгебра, 10 сынып, сабақ жоспары. 2 сабақ.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

10.1С Комбинаторика элементтері және ықтималдық теориясы

Мектеп: Қарағанды қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 10

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Қайталанбалы және қайталанбайтын терулер

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

10.4.2.1 қайталанбалы алмастырулардың, терулердің және орналастырулардың формулаларын қолданудың орындылығын түсінеді;

10.4.2.2 қайталанбалы алмастыруларды, терулерді және орналастыруларды есептеу формулаларын қорытып шығарады;

10.4.2.3 қайталанбайтын және қайталанбалы алмастыруларды, терулерді және орналастыруларды қолданып комбинаторикалық есептерді шығарады;

Сабақ мақсаттары

1) Комбинаториканың элементтерінің бірі теруге анықтама беру;

2) Қайталанатын және қайталанбайтын теру формулаларын есеп шығаруда қолдану

Бағалау критерийлері

Оқушы оқу мақсатына жетеді:

1) Қайталанбалы және қайталанбайтын теру ұғымдарын біледі, оларды ажырата алады;

2) Қайталанбалы және қайталанбайтын теруді есептеу формулаларын біледі;

3) Қайталанбалы және қайталанбайтын теру формулаларын есеп шығаруда қолданады.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

Қайталанбалы және қайталанбайтын терулерді есептеу үшін формулаларға ауызша сипаттама бере алады және осы формулаларды қолданып, есептер шығару барысында өз жауабына түсінік бере алады.

Пәнге тән лексика мен терминология:

Жиын, терулер/орын ауыстырулар, n-нің ішінде r элементтерін таңдау, орналастыру тәртібі, реттеу, қою, қайта реттеу.

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Қайталанбайтын теру дегеніміз...

Қайталанбалы терулерді есептеу үшін ...

Қайталанбалы теру және қайталанбайтын теру арасындағы айырмашылық ...

Құндылықтарды дарыту

Оқушылар жаңа жағдайға бейімделеді, мәселені қойып шешімін іздейді, жұпта жұмыс жасай алады, бір-бірінің пікірін тыңдап үйренеді. Барынша өз ойын дұрыс қорыта алады. Құндылықтарды дарыту осы сабақта жоспарланаған іс-әрекеттер арқылы жүзеге асады.

Ұлттық құндылықтарды дарыту есеп шығару арқылы жүзеге асырылады. Оқушылар есеп шығару барысында КЕРЕГЕ деген кілт сөзін анықтайды.

Мұғалім кереге туралы қысқаша ақпарат береді.

Пәнаралық байланыстар

Комбинаториканы қолдану салалары:-лингвистика (әріптердің комбинациясын қарастыру)

-география (карталарды бояу)

-биология (ДНҚ кодын зерттеу)

-химия (химиялық элементтер арасындағы мүмкін болатын байланысты саралау)

-экономика (акциялардың сатуын/сатып алуын саралау) және т.б.

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақтаны презентацияны, видеоматериалды көрсету үшін қолдану, тақтаны жазу құралы ретінде қолдану.

Бастапқы білім

Жиындарды қосу және көбейту ережелерін біледі. Қайталанбайтын алмастыру, орналастыру, теру.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

1-сабақ

Сабақтың басы

2 мнн

I. Ұйымдастыру кезеңі.

Мұғалім оқушыларды сабақ жоспарымен таныстырады

Слайд 1-4

1-сабақтың ортасы

17 мин

18 мин

III. Есептер шығару.

1. Топтық жұмыс.

Оқушылар домино ойынын топта орындайды. Берілген тапсырмалар қайталанбалы және қайталанбайтын терулер санын есептеу дағдысын дамытуға бағытталған.

Мұғалім топтардың жұмысын бағалайды, доминоны дұрыс жинағанын тексереді.

  • Деңгейлік тапсырмаларды орындау.

Мұғалім оқушыларға деңгейлік тапсырмаларды орындауды ұсынады: А, В, С деңгейлері. Оқушылар өздері деңгейді таңдайды, тапсырманы жеке орындайды.

Мұғалім оқушыларды бағалайды.

Оқушы мақсатқа жетті, егер

  • А деңгейін толығымен және В деңгейінің 2 тапсырмасын дұрыс орындаса;
  • В деңгейін толығымен дұрыс орындаса;
  • В деңгейін жартылай орындап, С деңгейінің есептерін дұрыс шығарса.

2-сабақтың соңы

3 мин

Сабaқ соңында оқушылар рефлекcия жүргізеді:

- Мен не үйрендім?

- Менің білгім келетінім…

- Нені жақсартуым керек?

Слайд 32

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы.

Деңгейлік тапсырма беру арқылы және өзін-өзі оқыту стратегиясын пайдалана отырып оқушылар арасындағы диффенциялық оқытуды жоспарланады

Оқушылар есеп шығару барысында өзара бағалауды және өзін-өзі бағалауды жүргізеді, сабақ барысында мұғалім ерекше қабілет көрсеткендерге мадақтауды, мотивациялау мақсатында жеке дара жетістіктерімен ынталарын ескеріп ауызша бағалауды қолданады.

Оқу процесінің барлық күйзеліс түзуші факторларын алып тастау мақсатында әр оқушы өзін еркін ұстауына, көңіл күйінің көтеріңкі болуларына жағдай туындатылады. Ол қызықты математикалық сұрақтардан, мадақтаудан тұрады.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілгенсұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқутуралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу