Теңсіздіктер жүйелерін шешу. Алгебра, 8 сынып, сабақ жоспары. 6 сабақ.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Теңсіздіктер | Мектеп: | ||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | ||||||
Сынып: 8 | Қатысушылар саны: | Қатыспағандар: | |||||
Сабақ тақырыбы | Теңсіздіктер жүйелерін шешу | ||||||
Cабақтың түрі | Бекіту сабағы | ||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 8.2.2.11 құрамында екі квадрат теңсіздігі бар жүйелер мен жиынтықтарды шешу | ||||||
Сабақ мақсаттары | Оқушылар:
| ||||||
Бағалау критерийлері | Оқушы
| ||||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар:
Пәнге қатысты лексика және терминология:
Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:
| ||||||
Құндылықтарды дарыту
| Құндылықтарды дарыту осы сабақта жоспарланған іс-әрекеттер арқылы жүзеге асады. Оқуға үйрену, жағдаятты талдау, жаңа шарттарға бейімделу, мәселені қою және шешім қабылдау, топта жүмыс істеу, өзінің жұмысының сапасына жауап беру, өз уақытын ұйымдастыру білігі. | ||||||
Пәнаралық байланыстар | Геометриямен байланыс фигураның ауданын өрнектеп жазу. | ||||||
Бастапқы білім | Оқушылар сызықтық және квадраттық теңсіздіктерді шеше алады. Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктер жүйесін шеше алады. Біреуі сызықтық, ал екіншісі квадраттық теңсіздіктер жүйесін шеше алады. Екі квадраттық теңсіздіктен құралған теңсіздіктер жүйесін/жиынтығын шеше алады. | ||||||
Сабақ барысы | |||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||
Сабақтың басы 0-2 мин 2-7 мин |
Мұғалім оқушылармен сәлімдесіп, олардың сабаққа дайындығын тексереді. Мұғалім сабақтың тақырыбы мен оқу мақсаттарын айтады. Оқушылармен бірге сабақ мақсаттары құрастырылып айтылады. Кейін мұғалім бағалау критерийлерін айтып, оқушылардың «жақын даму аймағын» айқындайды, сабақ аяғына қарай күтілетін нәтижелерді айтады.
Мұғалім оқушылармен екі квадрат теңсіздіктен тұратын теңсіздіктер жиынтығын шешу алгоритмін қайталайды. Бұл қайталауды «Ыстық орындық» стратегиясы арқылы жүзеге асырады. Оқушылар бір-біріне таратылған келесі сұрақтарды қояды: - Қос теңсіздіктер қалай шешіледі? - График арқылы теңсіздікті қанағаттандыратын сан аралығын қалай анықтауға болады? | Презентация Слайд 1-3 Презентация Слайд 4 | |||||
Сабақтың ортасы 7-15 мин 15-20 мин 20-25 мин 25-38 мин | 3. Қос теңсіздікті құруға есеп шығару. Мұғалім оқушыларды кіші топтарға біріктіреді, оқушылар топтарда тапсырманы орындауларын талқылайды. №1-тапсырмада оқушылар берілген фигураның ауданын өрнектеп жазады. Бұл тапсырма геометриямен байланысты және оқушылар үшін жаңа болғандықтан, мұғалім топтарға өз беттерімен уақыт бергеннен кейін, оларға бағыт-бағдар көмек көрсете алады. Қажеттілігінше бүкіл сынып талдауын өткізуге болады. №1-Тапсырманың дескрипторы. Білім алушы:
4. Рационал теңсіздіктер жүйелерін теңсіздіктер жүйелері және жиынтықтары арқылы шешу. №2-тапсырмада теңсіздікті интервалдар әдісімен шешу барысында, еселі түбірде таңба қайталанатынына оқушылардың назары аударылады. Мұнда оқушылардың естеріңе екімүшенің квадраты теріс мән қабылдамайтыны түсіріледі. №2 тапсырманың дескрипторы. Білім алушы: - Екімүшенің квадратының қабылдайтын мәндерін дұрыс анықтайды; - Рационал теңсіздіктің таңбасына дұрыс талдау жасайды; - Квадрат теңсіздікті дұрыс шешеді; - Теңсіздіктер жүйесінің шешімін дұрыс табады; - Теңсіздікті қанағаттандырмайтын бүтін сандар жиынын дұрыс жазады. №3 тапсырманың дескрипторы. Білім алушы:
5. Өздік жұмыс. Оқушылар өз беттерімен «Теңсіздіктер жүйесі» тақырыбы бойынша тапсырмаларды орындайды. Мұғалім оқушыларға көмек көрсетпейді. Жазба жұмысының орындалуы тексеріліп, оқушылардың өткен оқу мақсаттары бойынша жетістік деңгейлері анықталады. Оқушыларға кері байланыс беріледі. | Қосымша 1 Презентация Слайд 5 Презентация Слайд 6 Презентация Слайд 7 Қосымша 2 | |||||
Сабақтың соңы
| 6. Сабақты қорытындылау. Рефлексия. Мұғалім сабақ мақсаттарына қайтып оралады, олардың жетістіктерінің деңгейін айтады. Келесі сабақтарды жоспарлау мақсатында оқушыларға сұрақтар қойылады: •Бүгін мен білдім … •Маған қызықты болды … •Маған қиын болды … •Мен ... тапсырмаларын орындадым. Сұрақтар ауызша немесе жазбаша талқылана алады. Үй тапсырмасы ретінде оқушыларға қосымша деңгейлік тапсырмаларды ұсынуға болады, олар әдістемелік нұсқаулықта берілген. | Презентация Слайд 8 Стикерлер Сабаққа берілген әдістемелік ұсыныстар | |||||
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||
Сабақта өзіне сенімсіз оқушылар біршама қабілетті оқушылармен бірге жұпта жұмыс жасайтындай етіп жасалған, сонда олар қабілетті оқушылармен жұмыс жасағанда көбірек біле алады. Қабілетті оқушылар өздерінің қабілеттерін консультант ретінде айқындай алады. Жұптағы немесе жеке жұмыстарда Сіз өзіне сенімсіз оқушыларға көмекші сұрақтар қою арқылы көмектесе аласыз. | Формативті бағалау сабақтың әр кезеңінде өткізіледі (өзін-өзі бағалау, мұғалімнің критерий бойынша бағалауы). Оқушылардың тапсырманы орындау барысындағы қатысуы және диалогқа қатысуын бағылау арқылы бағалау. Жұптағы, топтағы тапсырмаларды орындауға жауапты реакция және прогресс әр оқушының үлесін бағалауға және қателердің бар болуын анықтау үшін қарастырылады. | Барлық тапсырмалар оқушылардың жас ерекшеліктерін ескеріп алынған. Іс-әрекеттердің ауысып отыруы ең үлкен нәтижеге қол жеткізу мақсатында оқушылардың күші мен зейінін дұрыс үлестіруге ықпалын тигізеді. | |||||
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру