алу
👈 қаріп өлшемі 👉
қосу

Негізгі геометриялық ұғымдар. Аксиома, теорема, салдар туралы ұғымдар. Алгебра, 7 сынып, презентация.


Геометрия

Негізгі геометриялық ұғымдар.

Аксиома, теорема, салдар туралы ұғымдар

Оқу мақсаттары:

7.3.1.2. нүктелер мен түзулердің тиістілік аксиомаларын білу және қолдану

Қайталау

- Жазықтықтағы негізгі фигураларды атаңыз

- нүктелер мен түзулер қалай белгіленеді?

- кесінді деген не?

- екі нүктенің арақашықтығы дегеніміз не?

- сәуле дегеніміз не?

- бұрыш дегеніміз не?

- аксиома, теорема деген не?

Аксиома І. Түзу қандай болса да, оның бойында жататын және жатпайтын нүктелер табылады. Кез-келген екі нүкте арқылы бір ғана түзу жүргізуе болады.

Аксиома ІІ

Түзу бойындағы үш нүктенің тек біреуі ғана қалған екеуінің арасында жатады.

Аксиома ІІІ

Кез-келген кесіндінің нөлден үлкен ұзындығы бар. Кесіндінің ұзындығы оның әрбір нүктесімен бөлінетін бөліктерінің ұзындықтарының қосындысына тең.

Жаттығу-1.

Түзу сызыңыз. Түзуге тиісті және түзуден тыс жатқан бірнеше нүкте белгілеңіз.

Сұрақ: егер түзу берілген болса, әрқашан осы түзуге тиісті және түзуден тыс жатқан нүктелерді көрсетуге бола ма?

Жаттығу-2

Түзу сызып, оның бойынан үш нүкте А,В,С белгілеңіз(мұғалім А-В-С жазылуын түсіндіреді: В нүктесі А және С нүктелерінің арасында жатады)

Сұрақ: әрқашан түзу бойындағы 3 нүктенің біреуі қалған екеуінің арасында жата ма?

Қалыптастырушы бағалау

1. Түзуде А, В, С, D, E, F нүктелері берілген:

а) осы нүктелердің қайсысы ВЕ сәулесінде және қайсысы АD кесіндісінде жатыр?

б) Х нүктесі келесі шартты қанағаттандырады және осы түзудегі бір нүктемен беттеседі. Ол қай нүкте?

в) ВС кесіндісін қиятын түзу жүргіз және осы түзумен қиылысатын барлық кесінділерді тап.

2. Ұзындығы 12-ге тең AB кесіндісіндегі К нүктесі В нүктесіне қарағанда А нүктесіне 5 бірлікке жақын. AK және BK ұзындығын тап.

Рефлексия

Сабаққа мен белсенді / белсенді емес қатынастым.

Сабақтағы өз жұмысыма ризамын / әлі де жұмыстануым керек.

Шығарылған есептер түсінікті болды / тағы да қарап шығуым керек.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 керемет тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, бата қайыру

Пікір жазу



Келесі мақала, жүктелуде...
Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы