Бірліктерін өзгерту. Стандарт түрде жазылған сандарға амалдар қолдану. Алгебра, 7 сынып, сабақ жоспары.
Мектеп: Тараз қаласы ФМБ НЗМ | Мұғалім: Искакова М.М. | ||||||||
7.1В Бүтін көрсеткішті дәреже | |||||||||
Сабақтың тақырыбы | Бірліктерін өзгерту. Стандарт түрде жазылған сандарға амалдар қолдану | ||||||||
Сабақтың типі | Жаңа тақырыпты меңгерту | ||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 7.1.2.10 шамаларды бір өлшем бірліктен басқа өлшем бірлікке аудара алады және нәтижені стандарт түрде жаза алады; 7.1.2.7 сандарды стандарт түрде жаза алады және оларға арифметикалық амалдар қолдана алады; | ||||||||
Сабақ мақсаттары | Стандарт түріндегі жазылған сандарды салыстыруды қалыптастыру; стандарт түріндегі жазылған сандарға арифметикалық амалдарды қолдану. | ||||||||
Бағалау критерийлері | санның стандарт түрі ұғымын, оның маңызды бөлігін және ретін біледі; стандарт түрде жазылған сандарды салыстыра алады; сандарды стандарт түрде жаза алады және оларға арифметикалық амалдар қолдана алады; | ||||||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар: - дәреженің қасиеттерін ауызша және жазбаша түсіндіреді; Бөлім бойынша лексика және терминология - дәреженің негізі; - дәреже көрсеткіші; - натурал көрсеткішті дәреже; - бүтін көрсеткішті дәреже; - дәрежеге шығару; - көбейтіндінің дәрежесі; - бөліндінің дәрежесі; - дәрежелердің көбейтіндісі; - дәрежелердің бөліндісі; - дәрежені дәрежеге шығару; - санның стандарт түрі; - стандарт түрде жазылған санның мәнді бөлігі мен реті; - заңдылық, тізбек, тізбектің элементі. Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер - бірнеше бірдей сандардың көбейтіндісі; - ... дәреже түрінде жазыңыз; -негізі сақталып, дәреже көрсеткіштері қосылады (азайтылады); -негізі сақталып, дәреже көрсеткіштері көбейтіледі; -теріс санды жұп көрсеткішті дәрежеге шығарғанда ...; -теріс санды тақ көрсеткішті дәрежеге шығарғанда ...; -негізі ... болатын дәреже түрін келтіріңіз; -санды стандарт түрде жазыңыз; | ||||||||
Құндылықтарды дарыту | Жұпта және топта жұмыс жасау барысында оқушылардың жауапкершілігі, бір-біріне деген құрмет тәрбиеленеді | ||||||||
Пәнаралық байланыс | Мәтін есептерді шығару барысында оқушылар физикалық және химиялық процесстермен байланысты үдерістермен танысады | ||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Интерактивті тақтаны қолдану дағдыларын дамыту | ||||||||
Бастапқы білім | Натурал көрсеткішті дәреже, бүтін көрсеткішті дәреже, бүтін көрсеткішті дәрежелерге амалдар қолдану | ||||||||
Сабақ барысы | |||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||||
Сабақтың басы Ұйымдастыру кезеңі (2 минут) | оқушылармен сәлемдесу, зейінін сабаққа шоғырландыру, түгелдеу; сабақ жоспарын хабарлау ; | ||||||||
Сабақтың ортасы Үй жұмысын тексеру (5 минут) | мұғалім үй жұмысының шешу жолын көрсетеді, оқушылар өз жұмыстарын жасыл қаламмен тексереді. | ||||||||
Стандарт түрдегі сандармен жұмыс (7 мин) | Мұғалім оқушыларға стандарт түрде жазылған сандармен амалдар орындау арқылы “Tarsia” моделін құруға ұсынады. | Қосымша «Тарсия» | |||||||
Жаңа материалды түсіну (7 мин) | Мұғалім оқушылармен талқылау барысында оларды төмендегі аударуларды орындауды сұрайды 1) 3 м см-ге; 2) 2,5 дм см-ге; 3) 267 см м-ге; 4) 34 м км-ге; Ережелерін тұжырымдауды сұрайды. Мысалы: «См-ді мм-ге аудару үшін санды 10-ға көбейту қажет» 3,5·105 т граммға; 3,5·105 т = 3,5·105 106 г = 3,5·1011 г. Тапсырманы орында:
10 кВт = … Вт 15 кН = … Н
5106 Па = … МПа 1,7103В = … кВ
| Презентация Қосымша | |||||||
Алған білімді бекіту Жұптық жұмыс (16 мин) | Оқушылар жұптасып бөлінеді. Есептер шығарып, кейін өзара тексереді. Өрнектеңіз:
Оқушыларға қосымша тапсырмалар ұсынылады. | Қосымша Қосымша | |||||||
Сабақтың соңы Қорытындылау (3 мин) | з) Рефлексия. Мұғалімоқушыларды төмендегі сұрақтарға жауап беруін сұрайды
и) Мұғалім сабақты қорытындылайды Үйге: теориялық материалды жаттау, қосымшадағы №3,4 есепті шығару | Презентация Қосымша |
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы |
Топтық жұмысты бақылай отырып, қиындықтар кездескенденде бағыт беру қажет. Есеп шығару барысында қиындық болса, оқушыларға жеке консультация алуға мүмкіндік беруге болады. | Оқушылардың тапсырманы орындаудағы белсенділіктерін бақылау арқылы формативті бағалау. Оқушы өзін-өзі бағалау арқылы неге жеткенін және неге әлі қол жеткізу керектігін бағалап отыру. | Сабақты бекіту кезеңінің алдында «көз жаттығуын» жасатамын. |
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Сабақ мақсаттары дұрыс қойылған және қолжетімдіі болды Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Барлық оқушы ОМ жетті. Сабақ басында ОМ мен жетістік критерийлері талқыланып, жақсы түсінілді Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Саралау сабақ жоспарына сай өтті Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақтың әр кезеңі өз уақытында орындалды Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? Барлық жоспарланған әрекеттер орындалды |
| |
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: таныс аударуларды қолдану арқылы стандарт түрдегі аударуларды орындау ыңғайлы болды 2: Оқушыларға Tarsia-мен жұмыс қызық болды Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? Аударуларды пікірме қоса жасауды ұйымдастыру. Мысалы, «тізбек бойынша жұмыс», бір оқушы аударып, пікірін айтады, қалғандары тексереді. Кезек бірінен біріне жүріп отырады Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? Кейбір оқушылар өз ойынматематикалық тілде жеткізуде сөздік қорының аздығынан қиындықтарға тап болады. Ол үшін термин сөздер мен анықтамаларды жаттаулары қажет |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?