Сандардың жуық шамалары. Алгебра, 7 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7.1А бөлім: Бүтін көрсеткішті дәреже | Мектеп: | |||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | |||||
Сынып: 7 | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | ||||
Сабақ тақырыбы | Сандардың жуық шамалары | |||||
Сабақтың түрі | Жаңа білім меңгерту | |||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 7.1.2.11 шамалардың жуық мәндерін табу және оларды стандарт түрде жазу; 7.1.2.12 жуық шамалардың абсолюттік және салыстырмалы қателіктерін есептеу; | |||||
Сабақ мақсаттары | Шамалардың жуық мәндерін таба алу және оларды стандарт түрде жазу; Жуық шамалардың абсолюттік қателіктерін есептеу; Жуық шамалардың салыстырмалы қателіктерін есептеу; | |||||
Бағалау критерийлері | Оқушылар: -эксперимент жасай отырып жуық мәндерді таба алады және салыстырмалы қателіктерінің жуық шамасын есептей алады; - абсолюттік және салыстырмалы қателіктерді есептей алады. | |||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар: санның стандарт түрінің мағынасын түсінеді. Пәнге тән лексика мен терминология: - дәреженің негізі; - дәреже көрсеткіші; - натурал көрсеткішті дәреже; - бүтін көрсеткішті дәреже; - дәрежеге шығару; - санның квадраты, санның кубы; - көбейтіндінің дәрежесі; - санның стандарт түрі; - стандарт түрде жазылған санның мәнді бөлігі мен реті; Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: - бірнеше бірдей сандардың көбейтіндісі; - ... дәреже түрінде жазыңыз;
келесі/жетіспейтін мүшесі ... болып табылады; | |||||
Құндылықтарды дарыту | Тапсырмаларды жұпта (жеке) орындау арқылы ынтымақтастық құндылықтарды қалыптастыру | |||||
Пәнаралық байланыстар | Сандардың жуық шамалары көптеген ғылыми облыстарында және техникада қолданылады | |||||
АКТ қолдану дағдылары | Интернет ресурстарын қолдану дағдыларын дамыту | |||||
Бастапқы білім | Натурал көрсеткішті дәреже және оның қасиеттері; Бүтін көрсеткішті дәреже және оның қасиеттері; Құрамында дәрежесі бар өрнектерді түрлендіру; Санның стандарт түрі; | |||||
Сабақ барысы | ||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||
Сабақтың басы 2 мин | Сәлемдесу. Түгелдеу. Оқушылардың сабаққа дайярлығын тексеру. | |||||
Сабақ мақсатын қою 3 мин | Мұғалім келесі бағыттаушы сұрақтарын қояды: -неге біз санды стандарт түрде жазамыз? -стандарт түрде сан қалай жазылады? -бүтін көрсеткішті дәреженің қасиеттерін атаңыз? | |||||
Жаңа тақырып мазмұны 20 мин | Оқушылар топтасып, эксперимент жасайды: Оқушыларға ұзындықтары бірдей болатын қағаз таратылады. Әр оқушы қағазды сызғыштың көмегімен өлшеп, белгілі бір берілген ені болатын қағаздың бір бөлігін қияды. Қиылған қағаздарды бір-бірінің үстіне қойып, олардың ендерінің айырмашылығын көреді. Оқушыларды кез келген шамаларды өлшеу нәтижесінде қателіктер бой алдыратындығы туралы қорытынды жасайды. Қорытындыдан олар көп жағдайда шамалардың жуық мәндерімен жұмыс жасайтынымызды ұғынады. Оқушылар мұғаліммен бірге сабақтың тақырыбын, мақсаттарын және бағалау критерийлерін атап талқылайды. Оқушылар келтірілген мысалды ескеріп, сандардың қайсысы шамалардың дәл мәні, қайсысы жуық мәні және стандарт түрі қандай екенін анықтайды: 1) Шолпан планетасының Күннен қашықтығы 108 млн. км; 2) Ол бүгін математикадан «5» алды; 3) Қарлығаш 45,2 км/сағ жылдамдықпен ұшады Мысалдарды қарастырғаннан кейін сандарды жуықтау ережелері қайталанады. Оқушылар бұл ережелерді тұжырымдайды, қажет жағдайларда мұғалім түзетеді. Тақырыпты бекіту мақсатында оқушылар келесі тапсырмалады орындайды: Тапсырма 1. Берілген сандарды: 1) ондықтарға дейін: 1685; 913; 646; 915;2) жүздіктерге дейін: 386; 617; 2885; 946 жуықтаңдар және нәтижені стандарт түрде жазыңыз. Жауабы: 1) 2) Тапсырма 2. Жұлдызшаның орнына жуықтау дұрыс болатындай етіп, цифрлардың ең үлкенін жазыңдар:1) 2, 4* 2, 5; жауабы: 92) 9, 35* 9, 35; жауабы: 43) 14, 67* 14, 68; жауабы: 9 Ашық сұрақ “Миға шабуыл”: Сұрақ: «Санның жуық мәнінің дәлдігін қалай анықтауға болады?» Оқушылар ойларын тұжырымдап айтады. Содан соң интернет ресурстарын қолданып теориялық материал қарастырылады. Мысалдар қарастырылады. Санның жуық мәні мен дәл мәнінің айырмашылығын табу үшін үлкен саннан кішісін азайту керек.Жуық мәндердің абсолют қателігі деп дәл мән мен жуық мәннің айырымының модулін айтады: α=|A - a | α - абсолют қателік, А - дәл мән. а - жуық мән.- егер дөңгелектеу кезінде бірінші алынып тасталатын цифр 0, 1, 2, 3, 4 болса, онда соңғы қалдырылатын цифр өзгермейді және бұл кемімен алынған дөңгелектеу.егер дөңгелектеу кезінде бірінші алынып тасталатын цифр 5, 6, 7, 8, 9 болса, онда қалдырылатын цифр 1 - ге артады және бұл артығымен алынған дөңгелектеу.A=0, 216санын 0, 1 – ге дейінгі дәлдікпен дөңгелектегенде а≈0, 2 – ге тең болады.α=|0, 216 - 0, 2|=0, 016егер 0, 01, яғни жүздік үлеске дейін дөңгелектеп, абсолют қателігін тапсақ α=|3, 3756 - 3, 38|=|- 0, 0044|=0, 0044Санның мәнді цифрлары - санның ондық санақ жүйесінде жазылуындағы сол жағынан бастап орналасқан нөлден өзгеше цифрлары.0, 587; 5, 87; 0, 0785 – 7, 8, 5. Жуық шаманың салыстырмалы қателігі деп абсолют қателіктің санның жуық мәніне қатынасын айтамыз. 15,8≈16 Абсолюттік қателік Салыстырмалы қателік | Қағаздар, сызғыштар, қайшы Презентация Презентация Қосымша http://bilimdiler.kz/matematika/12739-zhuyk-sandardyn-shyguy.-absolyut-katelik.html | ||||
Алған білімді бекіту 20 мин | Оқушылар жұпқа бірігіп, бірлесіп жұмыс жасайды, жұмыс соңында өзара тексеруді орындайды. Тапсырма 3. Егер а = 2,4(3), b = 1,929229222… онда берілген дәлдікпен ab шаманың жуық мәндерін есептеңіз:
Тапсырма 4. Партаның ұзындығы мен енін келесі дәлдікпен есептеңіз: А) сантиметрге дейін; В) миллиметрге дейін. Партаның беткі бөлігінің ауданын табыңыз. Алынған нәтижелерді салыстырыңыз. Тапсырма 5. Жуықтаудың абсолют және салыстырмалы қателігін табыңдар. 1) 477≈480 2) 0,27≈0, 3 3) 9213≈92004) 3,3557≈3, 365) 10, 0716≈10, 076) 4, 0028≈4, 00 1-5 тапсырмаларды дұрыс орындаған оқушыларға қосымша тапсырмалар беріледі. Қосымша тапсырмалар.
Жуықтаудың абсолют және салыстырмалы қателігін табыңдар. Берілген сандарды стандарт түрде жазыңыз. |
Қосымша Қосымша | ||||
Қорытынды. Рефлексия. 5 минуты | Мұғалім оқу мақсатына оралады:
Рефлексия.
Үй тапсырмасы А) Ондық үлеске дейін жуықтаңдар: 3,052; 0,0876; 0,236.Б) Жүздік үлеске дейін жуықтаңдар: 45,92; 0,0431; 0,756.В) Мыңдық үлеске дейін жуықтаңдар: 20,1538; 7,67401; 0,00495Г) Дәл мән мен жуық мәнді атап шық: 7,366 - 7,4; 0,0017 - 0,002; 4,7331 - 4,73. А),Б),В),Г) есептерде абсолюттік және салыстырмалы қателіктерін табыңдар | Қосымша | ||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||
Жұптық жұмысты бақылай отырып, қиындықтар кездескенде оқушыларға бағыт беремін. Әлсіз оқушыларға жеке кеңес алуға мүмкіндік беремін. | Оқушылардың тапсырманы орындаудағы белсенділіктерін бақылау арқылы формативті бағалаймын. Сабақты бекіту кезінде оқушыларды жеке–жеке бағалаймын, оқушылар тапсырманың 80% дұрыс орындауы қажет | 1 минут көз жаттығуын жасау. | ||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| |||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?