Мені қоршаған орта. Дарқан жер.Е.Елубай. Әдебиеттік оқу, 4 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жопар
Пән: әдебиеттік оқу Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Қоршаған ортаны қорғау Күні: Сынып: 4 | Мектеп: Нұр-Сұлтан қаласы, №76 мектеп-лицейі Мұғалімнің аты-жөні: Жусупова С.Х. Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | ||||||||
Сабақ тақырыбы | Мені қоршаған орта. Дарқан жер.Е.Елубай | ||||||||
Оқу мақсаты | 4.1.1.1шығарманың мазмұнын толық түсіну, кейбір тұстарын нақтылау,оқиғаның себеп-салдарын анықтау үшін сұрақтар қою және жауап беру; 4.1.3.1 шығарманың тақырыбы мен қорытынды бөлімі негізінде сюжеттің дамуын болжау, оның себебін түсіндіру. | ||||||||
Сабақ мақсаты | Барлық оқушылар: шығарманың мазмұнын түсінеді, талдай алады; Көптеген оқушылар: шығармаға қатысты сұрақтар қойып, жауап береді, өз болжамдарын жасай алады; Кейбір оқушылар:шығармаға кейіпкер қосып, болжам жасайды, өз болжамын дәлелдей алады | ||||||||
Бағалау критерийі |
| ||||||||
Тілдік мақсаттар | Пәнге тән лексика мен терминология: дарқан, жомарт сөздері | ||||||||
Құндылықтарды дарыту | Оқушылардың арасында ынтымақтастық, бір-біріне деген құрмет, сыйластық қатынастары туындайды. Шығармашылық жұмыс барысында еңбекке деген сүйіспеншілік пайда болады | ||||||||
Пәнаралық байланыстар | Қазақ тілі, көркем еңбек. | ||||||||
АКТ қолдану дағдылары | https://bilimland.kz/kk/courses/education-movies/ehkoznanie-dlya-vsex/lesson/zher_barshamyzha_amanat | ||||||||
Бастапқы білім | Шығарманың тақырыбын | ||||||||
Сабақтың барысы | |||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||||
Сабақтың басы 5 минут | Ширату тапсырмасы: Тақтадан сурет көрсетіледі. Сурет бойынша балаларға сұрақ қойылады.
Ендеше экранға назар аударайық. «Кинометафора» әдісі «Жер» туралы бейнероликті көрсету
Сабақтың тақырыбын және мақсатын айту. Бағалау критерийлерін бірлесе құрастыру немесе таныстыру | Сурет Слайд №1-5 https://bilimland.kz/kk/courses/education-movies/ehkoznanie-dlya-vsex/lesson/zher_barshamyzha_amanat | |||||||
Сабақтың ортасы 20 минут | (Ө). Есен Елубайдың «Дарқан жер» шығармасын әр оқушыға оқу тапсырылады. -өлеңді зерделеп оқиды; -түсініксіз сөздердің астын сызады; -сөздердің мағынасын сөздіктен қарайды, дәптерге жазады. «Екі жақты күнделік» әдісі Оқушылардан дәптердің бетін (не таратылып берген парақты) ортасынан вертикаль сызықпен бөлу сұралады. Бөліктің оң жағына – өлеңдегі қатты әсер еткен тұстар, үзінділерді жазады. Сол жағына әсер еткен үзінділер жайлы пікір жазады .
Әр оқушы күнделікті толтырып біткен соң, жұпта, топта талқылау ұйымдастырылады. Жұмыс аяқталған кезде мұғалім қорытуға арналған әзірлеп келген сұрақтарын қойып, жауаптар алады. Ол сұрақтар оқығанға баға беру, пікірін, көзқарасын білдіруге лайықталынып қойылғаны дұрыс. Сұрақтар:- Сіздің ойыңызда не сақталып қалды?- Автор оқырманды қалай қызықтырады? -Өлеңнің қай шумағы саған ұнады және неліктен? -Автор онымен не айтқысы келді деп ойлайсың? «Автор орындығы» әдісі Өлеңге жаңа кейіпкер қосып жазу. 1.Оқушылар өлеңге жаңа кейіпкер қосып мәтін түрінде қысқаша жазады. 2.Жазғандарын автордың орындығына отырып, сыныпқа оқып береді. Б. «Бағдаршам» әдісі | Слайд №6-7 Оқулық, парақ қағаз, 2 түсті қалам. | |||||||
7 минут | «Өзің үшін жазу» әдісі «Біз, адамдар,табиғат алдында қарыздармыз» деген тақырыпта оқушылар ойтолғау жазады. Дескриптор: -тақырып бойынша өз ойын жазады; -ойын жүйелі жеткізеді; -қатесіз жазадыү | Слайд №8 Дәптер | |||||||
6 минут | «Галереяға саяхат» әдісі «Өзім еккен едім» тақырыбына оқушылар сурет салады. Б. Балалар үзіліте галереяны аралау арқылы әр суретке мадақтау стикерлерін жабыстырады. | Слайд №9 А4 формат қағазы, бояу,гуаш | |||||||
Сабақтың соңы 2 минут | «Шабадан, еттартқыш, қоқыс жәшігі» әдісі Тақырып бойынша алған керекті ақпараттарды шемоданның тұсына жазса, ал әлі де оқуым керек, толықтыруым керек дегендері болса, еттартқыштың тұсына жазады. Сонымен қатар керек емес болған, артық дүниені қоқыс жәшігінің тұсына жазады. Осылайша мұғалім өткен сабақтан қандай білім алғанын біледі. | Слайд №10 Шабадан, еттартқыш, қоқыс жәшігі суреті | |||||||
Саралау 1.Суретті пайдалана отыра, бір-бірлеріне сұрақтар қояды. Оқушылар жұмыстарының барлығы бағаланады. 2. Топта балалар бірге жұмыс жасайды және өз идеяларын айтуға үйренеді. 3. Топтық тапсырмалар арқылы оқушылардың ынтасы артады. Оқушылар бір-бірін тыңдайды және толықтырады. | Бағалау «Бағдаршам» әдісі «Қол шапалақтау» әдісі «Бір-бірін бағалау» әдісі Дескриптор -сұрақтарға жауап береді. - тақырыбы бойынша сюжеттің дамуын болжайды, -өз ойын жазады; -қатесіз жазады. | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы Топ ережесін сақтау ескеріледі | |
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсатына жеттім бе? Оқушылар не үйренді? Ынтымақтастық атмосферасы орнады ма? Оқушылар арасындағы дифференциациялау бойынша іс-әрекеттер ұтымды болды ма? Жоспарланған уақытты ұстандым ба? Жоспардан қандай шегіністер жасадым және неліктен? | |||
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру