«Ақ кептер» Әбді Шынбатыров. Әдебиеттік оқу, 4 сынып, дидактикалық материал.

Қосымша №1

Қосымша №2

Оқушының аты: ...................................................

  • Берілген сөздер мен сөз тіркестерін қатыстырып, мәтін құрастыр.

қамқорлық, аянышты, тамақтандырды, ұшырып жіберді.

_________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

  • Әңгіме қалай жалғасады деп ойлайсың? Болжап жазып көр.

_________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

  • . Әңгімеге сюжет қосып, жалғастырып жаз.

Қосымша №3

Ақ кептер

  • бөлім

Үйде Еркін мен қарт әжесінен басқа ешкім жоқ болатын. Өзгенің бәрі жұмыста. Әжесі қарап отыра алмайды, жүн түтеді, ұршық иіреді, үй ішінің басқа да ұсақ-түйек шаруасына көмектеседі. Еркінге жақсы, мектепке барады, сабақтан соң ойнайды. Кейде уақыттың қалай зымырап жатқанын аңғармай да қалады.

Әжесі Еркінді есік алдындағы легенді алып келуге жұмсады. Көп күтті. Еркін жоқ.

‒ Ойбай-ау, әлгі қайда кетті. Баланың ісі шала-ау, соңынан өзің жүгірмесең бітпейді. ‒ Әжесі белін қолымен тіреп, орнынан тұрды да, есік алдына шықты.

Еркін кешіккеніне әжесінен кешірім өтінгендей:

‒ Әже, қарашы. Мына ақ мамықтай кептерді көршінің мысығы талап жатыр екен, соны ажыратамын деп...

Немересінің мейірімділігіне сүйсінген әже: «Жасында қамқор, жаны аши білген баладан өскенде салауатты азамат шығады. Безбүйректен сақтасын», ‒ деп ойлады ішінен.

Өзін кінәлі санаған Еркін әжесіне не болған жайлы толық түсіндірді.

  • бөлім

‒ Отынның үстіндегі легенге қол соза берсем, бірнәрсе ұмар-жұмар болды да қалды. Келсем, көршінің мысығы ақ кептерді астына басып алыпты. Бір-екі жеріне тырнағы да батыпты. Міне, қараңызшы! ‒ Еркін кептерді әжесінің қолына салды.

Жұдырықтай құс дір-дір етеді, жүнінің астынан тепшіп қан шыққан.

‒ Байғұсым-ай, бір ажалдан қалдың. Біздің Еркіңге рақмет айт, ‒ әжесі кептерді сипап, Еркінге қайтып берді. Әжесі бұл жолы Еркінге ұрысқан жоқ.

Еркін үйге кіріп кептердің қан шыққан жеріне үлкендерден көргені бойынша йод жақты. Ашыта ма, денесі ала қашты. Еркін оны қағаз қорапқа салып, алдына дән, нанның үгіндісі, сүт, су қойды. Екі күннен кейін ақ кептер оңалды. Қораптан секіріп шығып, үй ішінде жүре бастады да, олай бір, бұлай бір ұшты. Өзін өлімнен құтқарған адамдардан үрікпеді. Әбден жазылған соң Еркін оны далаға шығарып, ұшырып жіберді. Ақ кептер күнге шағылысып, бір төмен, бір жоғары көтеріліп, әуеде аунап түсіп ұзақ ойнады. Еркіннің қуанышында шек жоқ.

Әбді Шынбатыров

Қосымша №4

-Үйде кімдер қалды?

-Әжесі үйде қандай шаруамен айналысады?

-Неге Ерік әжесінің затын тез әкелмеді?

-Неліктен Ерік өзін кінәлі сезінді?

- Ерік ақ кептерге қандай қамқорлық жасады?

-Мәтіндегі оқиғадан қандай қорытынды шығарар едің?

Қосымша №5

Рефлексия. «Өзін- өзі талдау кестесі»

Мен сабақта жұмыс істедім

белсенді/ белсенді емес

Мен өзімнің жұмысыма

ризамын / риза емеспін

Сабақ мен үшін...

қысқа / ұзақ болды

Мен сабақта

Шаршаған жоқпын / шаршадым

Менің көңілім

жақсарды / шамаланды

Сабақтың мазмұны мен үшін

Түсінікті/ түсініксіз болды

пайдалы/ пайдасыз болды

Үй тапсырмасы

қызықты / қызықсыз болды

жеңіл / ауыр болды

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇

Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу