«Ақ кептер» Әбді Шынбатыров. Әдебиеттік оқу, 4 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Пән: әдебиеттік оқу Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Құндылықтар Күні: Сынып: 4 | Мектеп: Нұр-Сұлтан қаласы, №54 мектеп-лицей Мұғалімнің аты-жөні: Оразбекова Г.А. Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | |||||||||||||||||||
Сабақ тақырыбы | 3.2 Шығарманың түрлі жанры бойынша шығармашылық жұмыс жазу «Ақ кептер» Әбді Шынбатыров | |||||||||||||||||||
Оқу мақсаттары | 4.3.2.1 таныс мәтінге жаңа кейіпкерлер қосу, жаңа сюжеттер енгізу,өлең (төрт жолды) жазу; 4.1.3.1 шығарманың тақырыбы және қорытынды бөлімі негізінде сюжеттің дамуын болжау, оның себебін түсіндір. | |||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері | -берілген тақырып пен сөз тіркестерінен қолданып, оқитын шығармаға болжам жасайды; -болжам жасай отырып, оқиғаның дамуын анықтайды; -өз ойын дәлелдер келтіре отырып , жүйелі айтады; - мәтінге сюжет қосып жазады; -сөз тіркестері мен сөйлемдерді байланыстырып -қатесіз жазады. | |||||||||||||||||||
Тірек сөздер | Пәнге қатысты лексика мен терминология: Қарт әже, қамқор, жұдырықтай, байғұс, шағылысып, леген, салауатты,.. т.б. Диалог құруға /жазылымға қажетті сөздер топтамасы: Кептерге Еркіннің кездесуі сәтті болды, себебі ... Құстар –біздің досымыз деп айта алам, өйткені ... | |||||||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Адамгершілік құндылықтарды дарыту, ұлттық құндылықтарды үлкенге құрмет, кішіге ізет қасиеттерді насихаттау. | |||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Құсты сипаттау, олардың пайдасын талдау барысында жаратылыстану пәнімен байланыс жасалады. | |||||||||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Интербелсенді тақта | |||||||||||||||||||
Алдыңғы білімді игерулері | Мәтінді түсініп оқиды, бағалау сұрақтарын құрастырады және оған жауап бере алады өз ойын айтады. | |||||||||||||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||||||||||||||
Сабақтың басы 1-5 мин | Ширату тапсырмасы. «Терминдер» әдісі бойынша сынып оқушылары 1,2,3,4 сандарын алып, топқа бірігеді. Топтарға: көгершін. қарлығаш, бұлбұл, торғай суреті және қамқорлық, аянышты, тамақтандырды, ұшырып жіберді сөздер мен сөз тіркестері беріледі. Оқушылар суреттегі құс туралы білетіндерін ортаға салады, сөздер мен сөз тіркестерін қатыстырып шағын мәтін құрастырады. Сабақтың тақырыбын болжайды. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстырылады. Бағалау критерийлері оқушылармен бірге құрастырылады немесе мұғалім айтады. |
Слайд №1-4 | ||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы 6-9 минут 10-15 минут 16-21 минут 22-32 минут 33-37 минут | 1- тапсырма (Ж, ЖЖ, Т) Берілген мәтіннің бірінші бөлігін оқып, құрастырған мәтіндерімен салыстырады.
Қосымшада өз болжамдарын жұпта талқылап, топта талқылап, ортақ ойларын ортаға салады. (Б) «Ауызша мадақтау» Мұғалім оқушылардың жауабына кері байланыс беріп отырады. 2-тапсырма (Ж, ЖЖ, Т) Оқушылар мәтіннің екінші бөлігін оқып, өз болжамдарымен салыстырады.
Қосымшада өз болжамдарын жұпта талқылап, топта талқылап, ортаға салады. Әңгіменің оқып болғсн соң, өз болжамдарымен салыстырады. (Б) Мұғалім оқушылардың жауабына кері байланыс беріп отырады. 3-тапсырма (Ж, ЖЖ, Т) «Қарлы кесек» әдісі бойынша оқушылар әңгіме бойынша сұрақтар құрастырады. Оқушылар мәтінді толық түсініп оқиды. Сұрақтарды жеке құрастырады. Сұрақтар құрастыруға уақыт беріледі. Құрастырған сұрағын келесі топтағы немесе сыныптағы оқушыға қояды. Аты аталған оқушы сұраққа жауап береді.
- Ерік ақ кептерге қандай қамқорлық жасады? -Мәтіндегі оқиғадан қандай қорытынды шығарар едің? (Б) Оқушылардың бірін – бірі бағалауы. 4-тапсырма (Ж) Оқушыларға әңгімені шолып шығу ұсынылады. Мәтінге сюжет қосып, аяқтап жазуға беріледі. Ол үшін оқушыларға мынадай сұрақтар қойылады: - Аспанға көтерілген ақ кептер өзін құтарған адамға алғысын қалай жеткізеді деп ойлайсың? - Жыл сайын балапан басып, адамдар,а үйрене ала ма? - Ерік көгершіндерді қолға үйретіп, өсіреді деп ойлайсың ба? Саралау: оқушылар сұраққа жауап бере отырып, өз ойларын жеке жазады. Қабілеті төмен оқушыларға мұғалім қолдау көрсетеді. (ҚБ) дескрипторы: -мәтінге сюжет қосып жазады; -сөйлемдер мен сөз тіркестерін байланыстырып жазады; -ойы жүйелі жеткізеді; -сауатты, қатесіз жазады. 5- тапсырма (Ұ) Оқушыларға https://www.youtube.com/watch?v=nfWdI78RfZk сілтемесі бойынша «Ақ көгершін» әнін тыңдау ұсынылады. Оқушыларға сұрақтар қойылады, ойларын айтуға мүмкіндік жасалады. -Неліктен адамдар көгершінді бейбітшілік құсы деп есептейді? - Ән мен әңгіменің арасында қандай байланыс бар деп ойлайсыңдар? | Слайд № 5 Қосымша 1, 2, 3 Қосымша №4 Слайд №7 Слайд №8 | ||||||||||||||||||
Сабақтың соңы 38-40 мин | Рефлексия. «Өзін- өзі талдау кестесі» бойынша жүргізіледі. Қажетті нұсқасын қоршайды.
| Слайд №9 Қосымша №5 | ||||||||||||||||||
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||||||||||||||
5- тапсырмада уақыт бойынша саралау жүргізіледі Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады. Қабілеті төмен оқушыларға қосымша уақыт беріліп, мұғалім қолдау көрсетеді. | Оқушылардың бірін – бірі бағалауы, мұғалімнің бағалауы (Б) дескрипторы:
| |||||||||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия
| ||||||||||||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы даойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік, қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?