Аналар мерекесі (Ардақты ана Ә. Дүйсенбиев, Қуаныш Ә. Шынбатыров). Әдебиеттік оқу, 4 сынып, сабақ жоспары.
Пән: Әдебиеттік оқу Бөлім: Демалыс мәдениеті. Мерекелер Күні: Сынып: 3 | Мектеп: Астана қаласы, №54 мектеп-лицей Мұғалімнің аты-жөні: Оразбекова Г. А. Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | ||||||
Сабақ тақырыбы | Аналар мерекесі (Ардақты ана Ә. Дүйсенбиев, Қуаныш Ә. Шынбатыров) | ||||||
Оқу мақсаттары | 3.2.6.1 кейіпкердің портретін сипатта, оның іс-әрекеті, мінез-құлқының өзгеру себептерін мәтіннен тауып, бағалау 3.2.8.1 эпизодтерді салыстыру, сюжеттің дамуындағы өзгерістерді анықтау 3.3.2.1 ертегілер (үлгі бойынша, кейіпкер қосу, соңын өзгерту ... тәсілдер арқылы)/ өлең шумақтары/ әңгіме (оқығаны, көргені бойынша)/ кейіпкерге хат жазу | ||||||
Сабақ мақсаттары | Барлық: өлеңді дауыс ырғағын сақтай отырып, мәнерлеп оқиды; Көптеген оқушылар: өлеңнің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді, өлеңнен теңеу сөздерді тауып жазады; Кейбір оқушылар: өз ойын жүйелі жеткізеді, сөздер мен сөйлемдерді қатесіз жазады. | ||||||
Бағалау критерийлері |
| ||||||
Тірек сөздер | Оқушылар: Өлеңді түсініп оқиды. Өлеңнен теңеу сөздерді тауып жазады. Пәнге қатысты лексика мен терминология: Аяулы ана, тәтті ұйқы, күн нұры, кең құшақ, ақылды, данасың. Диалог құруға /жазылымға қажетті сөздер топтамасы: Розаның анасына деген сыйлығы туралы пікіріңді білдір. | ||||||
Құндылықтарды дарыту | «Құрмет», «Ынтымақтастық»,«Еңбек пен шығармашылық» сияқты құндылықтарын бойына сіңіруіне, Отанына риясыз қызмет ететін, білімді, білікті, рухани терең азамат болып қалыптасуына ықпал ету. | ||||||
Пәнаралық байланыстар | Өз ойын білдіруде сөздерді дұрыс қолданып, сөйлемдегі сөздерді дұрыс байланыстыру арқылы қазақ тілі пәнімен байланыс жасалады | ||||||
АКТ қолдану дағдылары | Интербелсенді тақта | ||||||
Алдыңғы білімді игерулері | Өлеңді түсініп оқи алады, кейіпкердің іс-әрекетіне қатысты ойын айтады. | ||||||
Сабақ барысы | |||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||
Сабақтың басы 1-5минут | Ширату тапсырмасы «Гүл сыйлау» ойыны. Әр әріптен аналарына арналған тілектерін айтады. Қолындағы гүл түстеріне сәйкес топтарға бірігеді. 1,3-топ - «Аяулы анам» 2,4-топ - «Асыл әжем»
Сабақтың тақырыбы мен оқу мақсатымен таныстыру. Бағалау критерийін оқушылармен бірлесе құрастыру немесе таныстыру, | Қосымша 1,2,3 Слайд №1-3 | |||||
Сабақтың ортасы 6-11 минут 12-22 минут
23-27минут 28-35минут | 1-тапсырма (Ө,ОТ) «Ана қандай?» тақырыбында постер қорғау тапсырылады. Алдарыңызда берілген қағазға аналарыңызға деген сезімдеріңізді түсіндіріңіздер. Өлең түрінде, сурет салсада болады. Саралау: Тапсырма барлық оқушыға ұсынылады,бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. (Б) «Мадақтама» әдісі Оқушылардың берілген тапсырма бойынша орындаған іс-әрекетін «Тамаша!» «Жарайсың!» «Керемет!» сөздерімен мадақтау. 2-тапсырма «Ардақты ана» өлеңінің авторы қазақ балалары ақын Әнуарбек Дүйсенбиев 1931 жылы 25 қазанда Алматы облысы Жамбыл ауданында дүниеге келген. Көптеген өлеңдердің сөзін жазған. Мысалы: «Біз өмірдің гүліміз», «Ағайынбыз бәріміз», «Ақ мамам», «Шырша жыры», «Қуыршақ» өлеңдерінің авторы Әнуарбек атамыз. (Т; МК) «Әдеби үйірме» әдісі бойынша өлеңмен жұмыс. Топтағы І оқушы – баяндап беруші ІІ оқушы – зерттеуші ( мақал-мәтел, жаңылтпаш) ІІІ оқушы – сұрақ құрастырушы ІV оқушы – бейнелеуші V оқушы – дәнекер Тапсырма: Өлеңнен ана қасиетін дәріптеген ақынның сөздері арқылы ана бейнесін топтап шығару. (Мысалы: ардақты, аяулы, қымбатты, кең құшақты, күлкісі күн нұрындай, гүл бақтың аясындай, ақылды, дана.) Саралау: Сыныптастарының жауаптарын ықылас қойып тыңдайды және сұрақтар қояды. (Б) «Смайликпен» бағалау әдісі. Топтар бір –бірін тыңдайды, стикерлерге смайликтер суретін салып, оны бағаланған топ үстеліне жапсырады. 3-тапсырма (Ұ; МК) «Бірлескен оқылым» әдісімен оқулықтағы Ә.Шынбатыровтың «Қуаныш» мәтінін оқу ұсынылады. 1.Мәтінді жеке оқып, түсініксіз сөздерді белгілейді. 2.Оқушылар мәтінге талдау жасап, сұрақтарға жауап береді. Авторы туралы не білесіңдер? Розаның сыйы анасын қуантты ма ? Сен Розаның орнында болсаң не істер едің? «Қуаныш» әңгімесінен не түсіндің? Саралау:Баланың тәжiрибесiне сүйене отырып, жеке, топтық және ұжымдық талқылау арқылы берiлген тақырып мазмұнымен өз бетiнше жұмыс жасауына бағыттап, қызығушылықты ояту. (Б) «Ауызша кері байланыс» «Жарайсың!», «Керемет!», «Жақсы!». Осы кері байланыс арқылы оқушылар өздері пайдалана алатын кері байланыс тілін қалыптастырады. 4-тапсырма (ЖЖ,МК) «Ой бұлты» әдісі Тақырыпқа қатысты әрбір жұп өз ойына сүйеніп анасына, жақындарына арнап құттықтау хат жазады. Құттықтау хаттарында өлеңде оқыған теңеу сөздерді қолданады. Мысалы: ардақты, аяулы, қымбатты, кең құшақты, күлкісі күн нұрындай, гүл бақтың аясындай, ақылды, дана Саралау: тапсырма бойынша саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Қабілеті төмен оқушыларға қолдау көрсетіледі. (ҚБ) дескриптор бойынша бағалау.
| Слайд №4 Қосымша 4 Слайд №5,6 Қосымша 5
Слайд №7
Слайд №8 | |||||
Сабақтың соңы 36-40 минут | Кері байланыс «Аяқталмаған сөйлем» әдісі «Мұғалімге жеделхат» тақтасына оқушылар стикер жапсыру арқылы орындалады. Оқушылар өздеріне жақын сөйлемді таңдап, айтылған ойды жалғастырады: Бүгінгі сабақта мен....түсіндім, ...білдім, ....көзімді жеткіздім. Бүгін сабақта қуантқаны..... Мен өзімді.....үшін мақтар едім. Маған ерекше ұнағаны..... Қызықты болғаны..... ......қиындық тудырды. Менің түсінгенім..... |
«Мұғалімге жеделхат» тақтасы Стикер Слайд№9 | |||||
Саралау 1-тапсырмада Ынтымақта бірлікте жұмыс жасап, білгенін жолдастарымен бөлісіп, тақырыпты ортаға салып талқылайды 2-тапсырмада Топта балалар бірге жұмыс жасайды және өз идеяларын айтуға үйренеді 3-тапсырмада Көмек қажет ететін оқушыларға түсіндіру жұмысымен бірге қосымша уақыт беріледі. Қабілеті жоғары оқушылар кестені өз бетінше жалғастырады 4-тапсырмада Топтық тапсырмалар арқылы оқушылардың ынтасы артады. Оқушылар бір-бірін тыңдайды және толықтырады | Бағалау «Смайлик» әдісі «Ауызша кері байланыс» әдісі «Жапондық бағалау» әдісі «Мадақтама» әдісі Дескриптор
| Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы Топ ережесін сақтау ескеріледі Желіммен жұмыс жасауда қауіпсіздік ережелері ескертіледі | |||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсатына жеттім бе? Оқушылар не үйренді? Ынтымақтастық атмосферасы орнады ма? Оқушылар арасындағы дифференциациялау бойынша іс-әрекеттер ұтымды болды ма? Жоспарланған уақытты ұстандым ба? Жоспардан қандай шегіністер жасадым және неліктен? | |||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?