👈 қаріп өлшемі 👉

«Жайлау күні» Д.Қасенов. Әдебиеттік оқу, 3 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Пән: әдебиеттік оқу

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Демалыс мәдениеті. Мерекелер

Күні:

Сынып: 3

Мектеп: Қарағанды қаласы

Мұғалімнің аты-жөні: Шадетова А.К.

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Шығармадағы оқиғаны болжау

«Жайлау күні» Д.Қасенов

Оқу мақсаттары

3.1.3.1 шығармадағы кейіпкерлердің мінез-құлқы мен іс-әрекетіне, ондағы оқиғаларға сүйеніп, сюжеттің дамуын болжау

3.2.6.1 кейіпкердің портретін сипатта, оның іс-әрекеті, мінез-құлқының өзгеру себептерін мәтіннен тауып, бағалау

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: шығармадағы оқиғаларға сүйеніп, сюжеттің дамуын болжап, кейіпкердің іс-әрекеті, мінез-құлқының өзгеру себептерін мәтіннен тауып, бағалайды

Көптеген оқушылар: кейіпкердің іс-әрекеті, мінез-құлқының өзгеру себептерін анықтап сюжеттің дамуын болжап негіздей алады

Кейбір оқушылар: өзіндік талдауларын негіздей алады

Бағалау критерийлері

  • мәтінді түсініп оқиды
  • мәтіндегі оқиғаларға сүйеніп, сюжеттің дамуын болжайды
  • кейіпкердің іс-әрекеті, мінез-құлқының өзгеру себептерін мәтіннен тауып, бағалайды.

Тілдік мақсаттар

Пәнге тән лексика мен терминология: өрiс, төскейде, мамырлай.

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: жасаған болжамдары бойынша мәтіндегі оқиғаларға сүйенеіп кейіпкердің іс-әрекеті, мінез-құлқының өзгеру себептерін мәтіннен тауып, бағала.

Құндылықтарды дарыту

Ынтымақтастық. Жұппен жұмыс барысында оқушылардың арасында ынтымақтастық қарым-қатынас қалыптасады. Еңбек пен шығармашылық. Жеке жұмыс жасау барысында еңбек ету және шығармашылық құндылықтары қалыптасады. Шығарманы оқи отырып, тақырыпты өмірмен байланыстырады.

Пәнаралық байланыстар

Күннің шығуы мен батуы туралы жаратылыстану пәнінен алған білімдерімен байланыс орнату. Тәулік, тәуліктегі сағат туралы математикадан білімін қолдана алады.

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақтадан оқушылар мәтіннің сюжеттік желісін көреді.

Бастапқы білім

Мәтінді түсініп оқи алады, өзін-өзі бақылауды біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-5 минут

Ширату тапсырмасы: Тақтадан сурет көрсетіледі.

Оқушылардан сол суреттегі балалардың мінез-құлқы мен іс-әрекеті бойынша сұралады

  • Балалардың жасы нешеде?
  • Немен айналысады?
  • Мінездері қандай?
  • Көңіл-күйлері қандай?

Оқу мақсатын анықтау: Сурет бойынша қандай сұрақтарға жауап бердіңдер?

Сабақ мақсаты: шығармадағы оқиғаларға сүйеніп, сюжеттің дамуын болжап, кейіпкердің іс-әрекеті, мінез-құлқының өзгеру себептерін мәтіннен тауып, бағалайды.

Слайд № 2-4

Қосымша № 2

Сабақтың ортасы

6-10 минут

11-21 минут

22-30 минут

31-36 минут

1-тапсырма

(Ө) Д.Қасеновтың «Жайлау күні» әңгімесінің 1 бөлімін оқу тапсырылады.

Әңгімені бөлімге бөліп оқиды.

1.Бірінші бөлімін өз бетінше оқуға 4-5 минут уақыт аралығы беріледі.

2.Мәтіннен болжауға қажетті ақпаратты алу үшін оқушылар стикермен белгілеп отырып оқиды.

3.Белгілеп алынған қажетті ақпаратқа стикерлер жапсырылады.

Саралау: Негізгі тапсырмаларды түсіндіруде көмек қажет ететін оқушыларға біршама уақыт беріледі.

Б: Өзіндік бағалау. «Смайликтер».

2-тапсырма

(Т,Ұ) «Көршіңізге айтыңыз» әдісі. Жұмаш әрі қарай істейді, болжа?

1.Мәтін бөлігін оқып болған соң, топта мәтіндегі оқиғаларға сүйеніп, сюжеттің дамуын болжайды.

2.Жасаған болжамдары бойынша мәтіндегі оқиғаларға сүйенеіп кейіпкердің іс-әрекеті, мінез-құлқының өзгеру себептерін мәтіннен тауып, бағалайды.

Саралау «Диалог және қолдау көресту» тәсілі арқылы қажетті ақпаратты мәтіннен қарастырғанда қиналатын оқушыларға сөзбен ынталандырып, қолдау көрсетіледі.

Б. Мадақтама. Оқушылардың берілген тапсырма бойынша орындаған іс-әрекетін «Тамаша!» «Жарайсың!» «Керемет!» сөздерімен мадақтау.

3-тапсырма

«Жайлау күні» әңгімесінің 2 бөлімін оқу тапсырылады.

1.Мәтін жалғасын оқу.

2.Жасаған болжамдары бойынша мәтіннің бөлігімен салыстырады.

3.Ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтайды.

4.Әр топ жұмыстарының қортындысын қорғайды.

Саралау: Басқа оқушыларға қарағанда тапсырманы орындауда көп күш жұмсауды талап ететін оқушылардың белсенділігін арттыру үшін қолдау көрсетіледі.

Б «Смайликпен» бағалау әдісі. Топтар бір –бірін тыңдайды, стикерлерге смайликтер суретін салып, оны бағаланған топ үстеліне жапсырады.

4-тапсырма

) «Төрт сөйлем» әдісі

Құрмаштың іс-әрекеті мен мінез-құлқының өзгеру себептерін анықта.

1.Құрмаштың іс-әрекеті мен мінез-құлқының өзгеру себептерін анықтап өз топтарында талқылайды.

2.Алдын-ала дайындалған қағазға төрт пікір жазады:

Пікір. іс-әрекеті мен мінез-құлқының өзгеру себептері. (бір сөйлем).

Дәлел. бір сөйлеммен дәлелдеңдер. (бір сөйлем).

Мысал. пікірлеріңді өмірмен байланыстырып, мысалдар келтіріңдер. (бір сөйлем).

Қорытынды. Қандай қорытынды шығардыңдар (бір сөйлем).

3.Әр топ өз жұмыстарын қорғайды.

Саралау:Оқушылардың қажеттіліктеріне қарай (көмек керек пе, әлде күрделі тапсырмалар беру керек пе) түрлі кестелерді немесе жаттығулар мен тапсырмаларды жасау.

Б: «Пантомима». Сөзсіз қимыл көрсету арқылы, өздерін бағалайды.

Слайд №5

Қосымша №1

Түрлі-түсті стикерлер

Слайд №6

Слайд №7

Қосымша № 1

Слайд №8

Қосымша № 3

Сабақтың соңы

37-40 минут

Рефлексия. «Алма ағашы» әдісі:

Оқушылар таңдаған алмасын алма ағашына іледі.

Жасыл түсті алма – мен бүгін бәрін жақсы орындадым деп ойлаймын: менің көңіл – күйім көтеріңкі.

Сары түсті алма- мен тапсырманы орындай алдым, бірақ үйренерім бар.

Қызыл түсті алма – мен тапсырманы орындай алмадым, көңіл – күйім жоқ. 

Слайд № 9

Қосымша № 4

Саралау. 1-тапсырма. «Қарқын арқылы саралау». Негізгі тапсырмаларды түсіндіруде көмек қажет ететін оқушыларға біршама уақыт беріледі.

2-тапсырма – «Диалог және қолдау көрсету тәсілі арқылы қажетті ақпаратты мәтіннен қарастырғанда қиналатын оқушыларға сөзбен ынталандырып, қолдау көрсетіледі.

3 тапсырма – Басқа оқушыларға қарағанда тапсырманы орындауда көп күш жұмсауды талап ететін оқушылардың белсенділігін арттыру үшін «Қарқын арқылы саралау» жүргізіледі.

4 тапсырма – «Тапсырма арқылы саралау». Оқушылардың қажеттіліктеріне қарай (көмек керек пе, әлде күрделі тапсырмалар беру керек пе) түрлі кестелерді немесе жаттығулар мен тапсырмаларды жасау.

Дескриптор

  • мәтінді түсініп оқиды;
  • мәтіндегі оқиғаларға сүйеніп, сюжеттің дамуын болжайды;
  • кейіпкердің іс-әрекеті, мінез-құлқының өзгеру себептерін мәтіннен тауып, бағалайды.

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы


Құрметті оқырман! Файлдарды күтпестен жүктеу үшін біздің сайтта тіркелуге кеңес береміз! Тіркелгеннен кейін сіз біздің сайттан файлдарды жүктеп қана қоймай, сайтқа ақпарат қоса аласыз! Сайтқа қосылыңыз, өкінбейсіз! Тіркелу
Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:


Қарап көріңіз 👇



Жаңалықтар:
» Түркия: Ыстанбұлда тағы жарылыс 17.11.2022
» Қазақстандықтар тісін тегін емдете алады: Шарттары қандай? 08.11.2022
» Несие төленбеген жағдайда, банк жалақыңыздың қанша пайызын ұстап қалады? 03.11.2022

Пікір жазу



Келесі мақала, жүктелуде...
Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы