Қатені табу және түзету Д.Қасенов «Ең ұзақ күн». 3 сынып
Қысқа мерзімді сабақ жоспары
Пән: Әдебиеттік оқу Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Уақыт Күні: Сынып: 3 | Мектеп: Қарағанды қаласы Мұғалімнің аты-жөні: Майбасова Ү.А. Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ тақырыбы | 3.4 Қатені табу және түзету Д.Қасенов «Ең ұзақ күн» | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Оқу мақсаттары | 3.1.1.1 шығарманың маңызды тұстарын анықтау үшін ашық сұрақтар қою және жауап беру 3.2.1.1 шығарманы дауыстап түсініп/ рөлге бөліп/ мәнерлеп/ теріп оқу 3.3.4.1 мұғалімнің көмегімен шығарманың құрылымын, стилін жетілдіру, өз бетінше орфографиялық, пунктуациялық қателерді табу және түзету | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ мақсаттары | Барлық оқушылар мәтінді түсініп оқиды, мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді, мұғалімнің көмегімен шығармадан қателерді табады, түзетеді. Көптеген оқушылар: шығармның маңызды тұстарын анықтауға сұрақтар құрастырады, және оған жауап береді, шығарманың құрылымын ажыратады, орфографиялық, пунктуациялық қателерді нұсқау бойынша табады және түзете алады Кейбір оқушылар: шығарманың маңызды тұстарын ашық сұрақтар қою және жауап беру арқылы анықтайды, өз бетінше шығарманың құрылымын, стилін ажыратады, орфографиялық, пунктуациялық қателерді табады және түзете алады | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері |
| |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар: Бөлім тақырыбына байланысты уақыт туралы әңгімелей алады, ашық сұрақтар құрастырып, айта алады. Пәнге тән лексика мен терминология: қысқа күн, ұзақ күн, тапжылмай. Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:
| |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Үлкендерге көмек көрсету туралы әңгімелей отырып, еңбек және шығармашылық құндылықтарын дарыту. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Күннің ауысымын сағатпен есептеу арқылы математика пәндерімен байланыс жүзеге асырылады. Сөйлемдегі сөздерге қосымшаларды дұрыс жалғау, сөйлемдердің тыныс белгілерін қолдану арұылы қазақ тілі пәнімен байланыс жасалады, | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Интербелсенді тақта арқылы уақыт туралы бейнеролик көрсетіп жаттығу орындау | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Бастапқы білім | Сөйлеу барысында сөйлеу мәдениеті арқылы тыңдарманның назарын аудара алады, шығарманың құрылымын біледі, стилін жетілдіру үшін қателермен жұмыс жасай алады. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы 4 минут 5 минут | Ширату жаттығуы (Ұ, МК) «Заряд алу» жаттығуы Оқушылардың барлығы шеңберге тұрып, қолдарынан ұстап, көздерін жұмады. Бастапқы бастаушы қолды 1 рет қысады, екінші айналымда 2 рет қысады, соңында 3 рет қысады. Шеңбер бойындағы тұрған оқушылар саны аяқталғанша қолдарын қысу ретімен жалғаса береді. Жаттығу бастапқы бастаушыға жеткенде тоқтайды. Бастаушыға қанша заряд жібергені қайта оралып керек. Бастапқы білімді қайталау (Ө, Ұ). «Ашық микрофон» әдісі арқылы үй тапсырмасын қайталау. Өткен сабақта өткен мәтіннің авторы туралы деректер жинастырып, әңгімелеу тапсырылады. Мұғалімнің бастапқы білімге байланысты сөз тіркестері жазылған парақтарды ұсынады. Сыныптан оқушылар қалауларынша микрофонды қолына алып, ұсынған тіркестердің біріне байланысты сұрақты ұжым ішінде кез-келген оқушыға қояды. Жауап беретін оқушы алдыңғы сабақта өткен мәтіндегі ақын туралы деректермен бөліседі. Үлгі сөздер мен сөз тіркестері: ақынның туған жылы; Әкесінің аты; туған жері; оқыған мектебі; өлеңдері; әңгімелері т.б. Оқу мақсатын хабарлау.
Сынып бөлмесіне бірқатар бекеттер қойылу керек. Әр бекетте белгілі дереккөзімен жұмыс жасау ұсынылады. Әр топқа өз бекетіндегі дереккөздерді талқылауға 10 минут уақыт беріледі. Оқушыларға өз идеяларын флипчартқа немесе тақтаға жазу ұсынылады. Уақыт аяқталған соң келесі бекетке ауысады. Барлық топтар бекеттерді өтіп, ұсынылған түрлі дереккөздерден ақпарат алады. Оқушылармен бағалау критерийін қарастыру немесе таныстыру. | Сағат моделі, сөздер Слайд №1-3 Қосымша №1 Слайд №4 Қосымша №2 | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы 7 минут 5 минут 3 минут 7 минут | 1-бекет (МК, Ө, Ж) «Уақыт машинасы» стратегиясы арқылы Д.Қасеновтің «Ең ұзақ күн» әңгімесін оқып, талдау жүргізу ұсынылады. Таңдауына қарай уақыт машинасы ұғымын қызықты етіп таныстыру және әрекетті жүргізу үшін белгі тірек сөздер пайдалану ұсынылады. Шығарманың маңызды тұстарын анықтау үшін сұрақтар қою тапсырылады. Жауаптарды тақтаға жазуды ұсынуға болады. Сұрақтар үлгісі: 1. Қанат пен Жасұланның уақыт туралы түсінігі бірдей ме? 2. Жасұлан ойын ойнаған кезде жайлаудың күні қандай деп айтты? Ал қозы баққан кезде не деді? 3. Жасұланның «Жайлаудың күні әртүрлі болады екен. «Кейбір күні ұзақ, кейбір күні қысқа болады» деген сөзімен келісесің бе? Неге? Сынып оқушылары тапсырманы жұппен орындауға болады. Орындауға 5-7 минут уақыт беріледі. Саралау: Қорытынды тәсілі арқылы оқушылардың қабілеттеріне қарай сұарқатрды құрастырып, оқиғаны әңгімелеу әртүрлі болатыны күтіледі. (ҚБ) Бағдаршам көздері арқылы бағалау. қызыл = түсінген жоқпын сары = әлі де дайындық қажет жасыл = барлығы түсінікті 2-бекет (Т, МК) «Сұрақтар аялдамасы» ойыны Оқылым дағдысының ақпаратты сызба түрінде беру мақсатына сәйкес әңгіме бойынша үш ашық сұрақ құрастырып жазу тапсырылады. Мәтін мазмұны бойынша үш аялдамаға «Неге? Неліктен? Қалай?» сұрақтар жазылған парақтар ілінеді. Топ ішінен бір оқушыға парақты алып сол сұрақтың қай аялдамасына барса, соны қатыстырып, мәтін мазмұнына сәйкес ашық сұрақ құрастыру ұсынылады. Реті:
Оқушылардың ақпараттар және идеялармен алмасу үшін бірлесіп әрекет ету, жабдықтар мен қосымшаларды кең ауқымда қолдану дағдыларын дамыту көзделеді. Саралау. Диалог және қолдау көрсету тәсілі арқылы ұжымның ішінде сұрақтар құрастыруда немес жауап беруде қолдауды қажет ететін оқушыға сөзбен қолдау көрсетіледі. (ҚБ) «Бас бармақ» әдісі бойынша жүргізіледі. Барлығы дұрыс орындалса бас бармақ, кемшіліктер болса бас бармақты бүйірге, мүлдем келіспесе бас бармақты төмен қаратады. Сергіту сәті. Тик-Так әні. Әннің сүйемелдеуімен қимыл-қозғалысты жаттығулар орындау. 3-бекет (МК, Ө, Ж) «Шатасқан оқиғалар» әдісі Оқушыларға Д.Қасеновтің «Ең ұзақ күн» әңгімесі бойынша орны ауысқан оқиғаларды тауып, түзету тапсырылады. Оқушылар бір-екіге санап жұпқа бөлінеді. Әр жұпқа оқиға реті шатасып жазылған парақтар таратылады. Берілген парақшалардағы тарихи оқиғаларды жұптарымен бірлесе отырып, ойланады, түзетіп, ретімен қойып шығады, себебін түсіндіреді. Кесте үлгісі:
Саралау: Қарқын тәсілі арқылы. Қарқыны жылдам кейбір оқушыларға мазмұны бойынша қосымша кейіпкердің мінезіне баға беруді тапсыруға болады. Біршама уақытты талап ететін оқушыларға тапсырма терең түсіндіріледі. (ҚБ) Дескрипторлар бойынша бағалау. «Түрлі түсті жиектер» әдісі Оқушылар жазба жұмысын орындау барысында дәптер жиегіне түрлі түсті қарындашпен белгі салып отырады. Мағынасы: «қызыл – тексеріп, барлық қателерін түзетіңізші», «жасыл – барлық қателерді белгілеңізші, мен барлығын өзім түзетемін», «көк – қате санын көрсетіңізші, мен өзім тауып түзетемін», «қара – бұл жұмысқа баса назар аудармаңыз, мен оны асығыс орындадым» және т.б. | Слайд №5 Қосымша №3 Қосымша №4 Слайд №6 Бейнеролик https://www.youtube.com/watch?v=lFipX2vrdks Слайд №8 Қосымша №5 Мәтін мазмұны бойынша сөйлемдер жазылған парақтар түрлі түсті қарындаштар, түстің шартты белгілену кестесі. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы 5 минут 3 минут | 4-бекет (Ұ, Ө, Ж) Оқушылардың оқу мақсатына жеткенін анықтау үшін қорытындыға «Ең ұзақ күн» әңгімесін іштей оқып, түсінгендері бойынша «Салыстыру картасын» толтыру ұсынылады. Жазған жұмыстарын жұптасып тексеріп және түзетуге беріледі. Оқушылар өздіктерінен жұмыс жасау барысында кейіпкерлердің іс-әрекеті мен мінез-құлқын бағалауына назар аударылады. Үлгісі:
Саралау: Диалог және қолдау көрсету тәсіліне сүйене отырып, қолдауды қажет ететін оқушыға сөзбен қолдау көрсетіледі. (ҚБ) «Кестеге бағалау». Топтағы жеке оқушыны бақылау үлгісі:
Рефлексия. «Бес саусақ» әдісі арқылы бүгінгі сабаққа кері байланыс жүргізу. Үйге тапсырма: «Абай мұрасы баршаға ортақ» тақырыбындағы «Ел.кз» контентіндегі «Сағаттың шықылдағы емес ермек» аудиожазбасын әуенді оқу үлгісін тыңдап, жалпы тақырыппен салыстыру жұмысын жүргізу тапсырылады. | Қосымша №6 Слайд №9 Қосымша №7 «Бессаусақ» суреті,смай ликтер | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
1-тапсырма. Қорытынды тәсілі арқылы оқушылардың қабілеттеріне қарай сұарқатрды құрастырып, оқиғаны әңгімелеу әртүрлі болатыны күтіледі. 2–тапсырмада Диалог және қолдау көрсету тәсілі арқылы ұжымның ішінде сұрақтар құрастыруда немес жауап беруде қолдауды қажет ететін оқушыға сөзбен қолдау көрсетіледі. 3-тапсырма Қарқын тәсілі арқылы. Қарқыны жылдам кейбір оқушыларға мазмұны бойынша қосымша кейіпкердің мінезіне баға беруді тапсыруға болады. Біршама уақытты талап ететін оқушыларға тапсырма терең түсіндіріледі. 4–тапсырма. Диалог және қолдау көрсету тәсіліне сүйене отырып, қолдауды қажет ететін оқушыға сөзбен қолдау көрсетіледі. | Дескриптор
Бағалау әдістері. Бағдаршам көздері арқылы. Түрлі-түсті жиектер, т.б. | Интербелсенді тақтамен жұмысты орынды, тиімді қолдану | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?