«Жайлау күні» Д.Қасенов. Әдебиеттік оқу, 3 сынып, дидактикалық материал.


 1-қосымша

 

 Жайлау күні

 

 І бөлім

 

 Жұмаш пен Құрмаш аталарына, жайлауға барды. Құрмаш атасына көмектесiп, қозы бақты. Ал Жұмаш кешке дейiн асық ойнап, тайға мiнiп мәз болды. Оған күн тез батып кететiн секiлдендi. «Жайлаудағы күннiң шоқасы-ай!» – деп налыды ол. Құрмаш болса кешке дейiн мал соңында жүрiп, күндi батыра алмайды. Бiрде Жұмаш ойыны қанбай қайтты да, Құрмашқа:

 – Жайлау жақсы екен, тек күнi қысқа, шартта-шұрт ойнап жатқанда батады да кетедi, – дедi. Құрмаш:

 – Жоқ, күн қысқа емес, ойындарың қызық шығар, – десе де болмады. Екеуi жат та кеп таласты. Ақыры Құрмаш: – Онда ертең менiң орныма бiр күн қозы бақ, – дедi.

 ІІ бөлім

 Жұмаш келiстi. Ертеңiне ертемен қолына таяқ ұстап, қозыны өрiске шығарды. Қозылар төскейде мамырлай жайылып жатты. Ауыл жаққа көз тастап едi, балалар ойнап жүр екен. «Мен де барып ойнасам» деп асықты! Бiрақ күн саспады. Қайта-қайта қараса да орнында тұрды да қойды. Көзiн жұмып бiраз отырып, күн жылжымады ма екен деп, қайта ашса да болмады. Тiптi бiр орнынан қозғалмай тұрғандай көрiндi. «Бұл қалай, күнде мұндай емес едi ғой, – деп таңданды Жұмаш. – Қой, мынау бүгiн бататын күн емес», – деп, шыдамсыз, жалқау түс болмай қозыны қораға айдап келдi. Келген бетте Құрмашқа: – Жайлаудың күнi әрбасқа болады екен. Кейбiр күндерi қысқа, кей күнi ұзақ. Әсiресе бүгiн ең ұзақ күн болды, – деп, қозыны тастап, тұра жөнелдi.

 

 Д.Қасенов

 

2-қосымша

3-қосымша

[attachment=26320:didaktikaly-material-shyarmaday-oiany-bolzhau.docx]
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу