Бұлақ көрсең, көзін аш. Жолдасбай Тұрлыбаев «Райымбек бастауы». Әдебиеттік оқу, 4 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Пән: әдебиеттік оқу Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Су-тіршілк көзі Күні: Сынып: 3 | Мектеп: Астана қаласындағы Халықаралық мектебі Мұғалімнің аты-жөні: Салкынбаева Ж.К. Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | ||||||
Сабақ тақырыбы | Бұлақ көрсең, көзін аш. Жолдасбай Тұрлыбаев «Райымбек бастауы» | ||||||
Оқу мақсаттары | 3.3.2.1 шығарма кейіпкеріне хат/ ертегі (кейіпкер қосу, соңын өзгерту...)/ өлең (төрт жолды)/ әңгіме (оқығаны, көргені бойынша) жазу 3.2.6.1 кейіпкердің портртін сипаттау, оның іс-әрекеті, мінез-құлқының өзгеру себептерін мәтіннен дәлелдер келтіріп тауып, бағалау | ||||||
Сабақ мақсаттары |
| ||||||
Бағалау критерийлері |
| ||||||
Тірек сөздер | Мәтін мазмұнын талдау жасауда оқушыларға тарыға бастады (қиындық көрді), оқыранып жіберді (кісінеді), бояуы қанық (қою түсті), сүңгі (ұзын сапты найза),бастау (жерасты суларының көзі) сөздерінің мағынасы түсініксіз болу мүмкін. | ||||||
Құндылықтарды дарыту | Бұл сабақта оқушылар еліміздің тарихын білу, қиындықтан шығу жолын таба білу құндылықтары жайлы түсінік алады. | ||||||
Пәнаралық байланыстар | Әңгіменің оқиға желісі мен мазмұны тарих пәнімен байланысты. | ||||||
АКТ қолдану дағдылары | Интербелсенді тақта | ||||||
Алдыңғы білімді игерулері | Кейіпкердің сыртқы келбетін сипаттау, мінез-құлқы мен іс-әрекетін бағалай алады. | ||||||
Сабақ барысы | |||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||
Сабақтың басы 1- 10 мин | Ширату тапсырмасы Топтасу Оқушыларды сөздер жазылған карточкалар тарату арқылы топтарға біріктіру. 1-топ (5 қару): қылыш, айбалта, найза, шоқпар, (садақ) 2-топ: (ат әбзелдері) ноқта, жүген, үзеңгі, тізгін, ер тоқым, ат көпшік. 3-топ (батырлар): Бөгенбай, Қабанбай, Наурызбай, Абылай, Баян. 4-топ (батырлар туралы мақал- мәтелдер): Батыр мың қол бастайды, Шешен тар жерде сөз бастайды. Батыр ортақ, ер ортақ, күн ортақ, ай ортақ. Батыл болсаң, батыр да боласың.Батырға оқ дарымайды, Батылға жау жоламайды.Батыр мақтанса, жауға шапқанын айтар, Қу мақтанса, алдап қаққанын айтар.Айлалы батыр алдырмас. Оқулықтың 98 бетіндегі Бұқар жыраудың сөздерін топтарға бөліп, «бастау» сөзінің мағынасын талдау. 1 -топ: Көш бастау қиын емес- қонатын жерде су болса. 2 -топ: Қол бастау қиын емес- шабатын жерде жау болса. 3 -топ: Шаршы топта сөз бастау қиын- шешімін таппас дау бар. 4 -топ: Бастау- жерасты суралының жер бетіне шығатын су көзі. (Б) «Қошеметтер бұрқасыны» Бастау сөзінің бірнеше мағынасы бар екенін түсіндіріп, сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстырылады, бағалау критерийлері оқушылармен бірге құрастырылады немесе мұғалім айтады. | Оқулық 98-100 бет Слайд №1-5 Қосымша 1, 2 | |||||
Сабақтың ортасы 11-30 минут 31-38 минут | 1-тапсырма (Т) Жолдасбай Тұрлыбаев «Райымбек бастауы» әңгімесін түсініп оқиды. «Әдеби үйірме»- әдісі бойынша мәтін мазмұнын рөлдерге бөліп, мазмұндау. 4 топқа рөлдерді бөліп, тапсырмалар ұсынылады. 1- топ: Баяндап беруші- мәтін мазмұнын айтады. 2- топ: Зерттеуші –мәтін оқиғасына байланысты сауалдарға жауап іздейді:
3-топ: Сұрақ құрастырушы- ұжымға ойланатындай, ізденісті талап ететіндей мәтін бойынша 3 сұрақ әзірлейді. 4 -топ:Сипаттаушы - әңгіменің негізгі кейіпкерін сипаттайды, іс-әрекетіне баға береді. (Б) дескриптор: - мәтін мазмұнын жүйелі айтып берді; - сұрақтарға жауап берді; - ойланатын сұрақтар құрастырды; - кейіпкерді сипаттап, баға берді; Саралау тапсырма топтарға ұсынылады, қажет болған жағдайда мұғалім тарапынан көмек ұсынылады. 2- тапсырма (Ж) Мәтінге сүйеніп төрт жолды өлең құрстыр. Тірек сөздер: іздеді, сарбаздар, шаншылап, су шықты, батыр, қанды. Үлгі: Сарбаздар шөлден тарғыды. Райымбек қатты ойланды: Су іздеп, жерді шаншылап, Қандырды шөлдерін жақсылап. Саралау. Үлгерімі төмен оқушыларға «Синквейн» құрастыртуға болады. Үлгі: 1 зат есім: Райымбек 2 сын есім: Ақылды, тапқыр 3 етістік: тарыға бастады, ойланды, қуанып кетті 1 сөйлем: Райымбектің арқасында шөл дала да адам да, жануар да суға қанды. 1 синоним: Батыр. (Б) «Автор орындығы» әдісі арқылы өз еріктерімен ортаға шығып оқиды. | Слайд № 6-7 Қосымша 3 | |||||
Сабақтың соңы 39-40 мин | «Мәре» 1 орын: маған сабақта бәрі түсінікті болды. 2 орын: кейбір кезде менің қолымнан келмеді. 3 орын: маған бәрі қиын болды. | Слайд №8 | |||||
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||
1 тапсырмада саралау беріледі. Мұғалім топтарды аралап, әр топқа қолдау көрсетеді, бағыттайды. | «Қошеметтер бұрқасыны», «Автор орындығы» әдістері (Б) дескриптор: - мәтін мазмұнын жүйелі айтып берді; - сұрақтарға жауап берді; - ойланатын сұрақтар құрастырды; - кейіпкерді сипаттап, баға береді. | ||||||
Сабақ бойынша рефлексия
| |||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы даойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?