Керемет күмбез. Әдебиеттік оқу, 3 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Пән: Әдебиеттік оқу

Бөлім: Сәулет өнері

Күні:

Сынып: 3

Мектеп: Астана қаласы, №54 мектеп - лицей

Мұғалімнің аты-жөні: Оразбекова Г.А.

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Керемет күмбез (Қожа Ахмет Йассауи кітабынан )

Оқу мақсаттары

3.2.9.1 Шығарманың мазмұнына сәйкес түрлі дереккөздерден: иллюстрация, әдеби кітаптар, мультфильм нақты ақпаратты табу және ақпаратты сызба түрінде беру;

3.3.2.1 Шығарма кейіпкеріне хат/ ертегі (кейіпкер қосу, соңын өзгерту...)/ өлең (төрт жолды)/ әңгіме (оқығаны, көргені бойынша) жазу.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: мәтіннің мазмұнын түсінеді, сұрақтарға жауап береді.

Көптеген оқушылар: шығарманың мазмұнына сәйкес түрлі дереккөздерден ақпарат таба алады, мәтінді түсініп оқи алады.

Кейбір оқушылар: нақты ақпатты тауып, өз ойын айтады, сөздерді/сөйлемдерді сауатты жазады.

Бағалау критерийлері

-мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді;

-мәтіннің мазмұнына сәйкес ақпараттар жинақтайды;

-шығарманың кейіпкеріне хат жазады;

-сұрақтардың негізінде ой бөліседі;

-хаттағы сөйлемдердің байланысын сақтайды;

-сөздерді/сөйлемдерді сауатты жазады.

Тірек сөздер

Оқушылар:

Туған жері туралы өз ойын айта алады. Өзінің тұрған көрікті жерлері туралы әңгімелейді. Мақал-мәтелдерді жалғасын таба алады. Мәтіннен қажетті ақпаратты тауып, сызбаға түсіруді біледі.

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

Зерек, алғыр, күмбез, Қожа Ахмет Йассауи, мәдени мұра, Түркістан, ғасыр.

Диалог құруға /жазылымға қажетті сөздер топтамасы:

Кесене менің ойымша...

Йассауи аталу себебі...

Құндылықтарды дарыту

Бұл сабақ академиялық қазақстандық патриотизм мен азаматтық жауапкершілік, құрмет, ынтымақтастық, еңбек пен шығармашылық және топта жұмыс істеу, жауапкершілік және көшбасшылық құндылықтарын дамытуға бағыталған. Құндылықтарды қалыптастыру топта жұмыс істеу ережелерін орнату, қабілеті төменірек оқушыларға қолдау көрсету арқылы жүзеге асырылады.

Пәнаралық байланыстар

Сурет бойынша мәтін құрастырып жазу барысында қазақ тілі пәнімен байланыс пайда болады. Қазақстандағы сәулетті ғимартаттарды атай алуы дүниетану пәнімен байланыс пайда болады.

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақта

Алдыңғы білімді игерулері

Оқушылар Түркістан қаласы туралы біледі. Мәтінді түсініп оқи алады, сұрақтарға жауап береді, ақпаратпен жұмыс жасай алады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-3

Ширату тапсырмасы

Оқушыларды кесенелер атауымен 4 топқа бірігеді.

4- топқа бірігеді.

1-топ: «Айша Бибі»

2-топ: «Домалақ Ана»

3-топ: «Арыстан баб»

4-топ: «Қожа Ахмет Йасауи»

Сабақ тақырыбы және оқу мақсаттарымен таныстыру

Оқушылармен бағалау критерийін құрастыру немесе таныстыру

«Айша Бибі», «Домалақ Ана» , «Арыстан баб», «Қожа Ахмет Йассауи» кесенел атаулары, интербелсенді тақта, кесене суреттері

Сабақтың ортасы

4-9

10-24

25-29

30-36

1-тапсырма

(МК, Ұ, ОТ) «Ойлан,тап» ойынын ойнай отырып сөзжұмбақты шешу, мақал-мәтелді аяқтау. Тақырыпқа болжам жасау. Шоқан туралы білетініндерін «Топтастыру» әдісі арқылы еске түсіру.

Үлгі: зерттеуші, ғалым,суретші, саяхатшы, тарихы, жазушы, этнограф.

Шоқан

Саралау: қабілеті төмен оқушылар мен қабілеті жоғары оқушылар бірлесе жұмыс жасап, өз ойларын айтуға үйренеді.

(Б) «Смайлик» әдісі арқылы бағалау

2- тапсырма

(Ұ,МК) «Миға шабуыл» әдісі арқылы интербелсенді тақтадан (YouTube) «Қожа Ахмет Яссауи кесенесі» туралы бейнебаянды тамашалап, жетелеуші сұрақ қою арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашады.

Үлгі сұрақтар:

1. Бұл кесене таныс па?

2. Қалай аталды?

3. Қай өңірде орналасқан?

4. Сендерше неге бұл кісіге кесене орнатқан?

; МК) «Бірлесіп оқу» әдісіне сүйеніп мәтінді толық түсіне отырып оқып шығады.

1. Мәтін мазмұнына сәйкес ақпарат іздейді.

2. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді.

3. Шығарма кейіпкеріне хат жазады.

(ҚБ) дескриптор бойынша бағалау.

-мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді;

-мәтіннің мазмұнына сәйкес ақпараттар жинақтайды.

-шығарманың кейіпкеріне хат жазады

-сұрақтардың негізінде ой бөліседі;

-хаттағы сөйлемдердің байланысын сақтайды;

-сөздерді/сөйлемдерді сауатты жазады.

3-тапсырма

(МК;ЖЖ) Оқушылар жұптаса отырып «Тұжырымдамалық картаға» сүйеніп оқылған шығармадан алынған ақпаратты сызбаға түсіреді.

Үлгі жауаптар:

Туған жері

Түркістан

Оқыған жері

Иран

Йасауи аталу себебі,

Йасы жеріне қоныс тебуі

Күмбез туралы мәлімет

Ақсақ Темір оның басына теңжесі жоқ биіктігі 37 м-ден асатын күмбез салдырады.

Кесене туралы сенің ойың

Ұлы адамға құрмет белгісі ретінде күмбезді кесене салынады.

Саралау: тапсырма бойынша мұғалім көмегімен саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Тапсырманы орындау кезінде бірін-бірі тыңдап, толықтырады. Қабілеті төмен оқушыларға қолдау көрсетіледі.

(Б) «Шапалақ» әдісімен бағалау

4-тапсырма

(ОТ,МК,Т) Әр топ «Карусель» стратегиясы бойынша мұғалімнің бастамасымен шығарманың мазмұнына сәйкес «Қазақстанда тағы қандай сәулетті ғиматарттар бар?» сұрағына жауапты түрлі дереккөздермен іздеу арқылы жұмыс жасайды. «Кластер» әдісімен ортада топтар постер жасап қорғайды.

Саралау: тапсырма бойынша саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтижелер күтіледі. Қарасөзбен өз ойын жеткізуде кейбір топтарға мұғалім қолдау көрсетеді. (Б) оқушылар бірін – бірі «Бағдаршам» арқылы бағалайды Топтар бір –бірінің жұмысын бағалау арқылы әр топ жұмысында нені жақсарту керектігін анықтайды

Сөзжұмбақ, Шоқан суреті, қағаз А4, интербелсенді тақта, маркер,

слайд №4,5

https://www.youtube.com/watch?v=lVqY7Grj4XY, интербелсенді тақта, оқулық.

Оқулық 96-97-бб, интербелсенді тақта, түсіндірме сөздік, слайд №6

Тұжырымдамалық карта сызылған парақша, А3 қағаз, маркер, интербелсенді тақта,слайд №7

Түрлі тарихи кітаптар, интербелсенді тақта, плакатттар, маркер, желі, слайд № 8,9,10

Сабақтың соңы

37-40

Кері байланыс: «Желпуіш» әдісі

Оқушылар тақырып бойынша білімдерін түйіндейтін бір сөйлемнен желпуіштің әр бөлігіне жазады.

Сөйлемдер кім, не, қашан, неліктен, қалай, қай жерде және т.б. сөздерден тұруы мүмкін.

слайд №11

Саралау

Төмендегі саралау тапсырмаларын сынып оқушыларының қажеттілігіне қарай мұғалім өз өзертіп отыруы қажет.

Бағалау

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

2,3,4 тапсырма – «Тапсырма бойынша саралау» негізінде «Миға шабуыл. Тұжырымдамалық карта, Бірлесіп оқу, Кластер» әдістеніне сүйеніп жұмыс түрлері орындалады. Тапсырманы орындау барысында әр оқушының ойлау деңгейінің әртүрлі болатындығын ескере отырып, әр оқушыға өз мүмкіндігі бойынша қолдау беріледі.

«Уақыт арқылы саралау» негізінде «Карусель» әдісі арқылы тапсырма орындалады. Бұл тапсырма кезінде пікірлерді дәлелдеуде мұғалімнің көмегін қажет ететін оқушыларға қолдау беріледі.

Өзін –өзі бағалау,

«Шапалақ», «Бағдаршам », «Смайлик» әдісі

Дескриптор

-мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді;

-мәтіннің мазмұнына сәйкес ақпараттар жинақтайды.

-шығарманың кейіпкеріне хат жазады

-сұрақтардың негізінде ой бөліседі;

-хаттағы сөйлемдердің байланысын сақтайды;

-сөздерді/сөйлемдерді сауатты жазады.

Демалыс кезіндегі қауіпсіздікті сақтау, өз заттарына ұқыптылықпен қарау.

Сабақ бойынша рефлексия

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
Пікір жазу