Шығарманың тақырыбы мен негізгі ойды анықтау. 3 сынып


 Тарау: Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен

 

 Сабақ тақырыбы: Шығарманың тақырыбы мен негізгі ойды анықтау

 

 Оқу мақсаттары:

 3.2.3.1 шығарманың тақырыбын анықтау және негізгі ойды білдіріп тұрған мәтін бөлігін/сөйлемді анықтау

 3.2.6.1 кейіпкердің портретін сипатта, оның іс-әрекеті, мінез-құлқының өзгеру себептерін мәтіннен тауып, бағалау

 3.1.4.2 сөйлеу барысында иллюстрациялар/ көрнекіліктер/ фото / суреттер қолдан

 

 Сабақ мақсаттары:

 Барлық оқушылар: шығарманың тақырыбын анықтап, негізгі ойды білдіріп тұрған өлең бөлігін анықтайды және сөйлеу барысында суреттерді қолданып, кейіпкердің іс-әрекетін бағалай алады

 Көптеген оқушылар: шығарманың тақырыбын анықтауда өз ойларын тұжырымдай алады.

 Кейбір оқушылар: сөйлеу барысында суреттерді қолданғанып, ортақ тақырыппен байланыстыра алады

 

 Бағалау критерийлері:

  •  шығарманың тақырыбын анықтайды
  •  негізгі ойды білдіріп тұрған өлең бөлігін табады
  •  сөйлеу барысында суреттерді қолданады
  •  кейіпкердің іс-әрекетін бағалайды

 

 Сабақ барысы

 

 Сабақтың басы: Сабақ басында ширату тапсырмасында «Бұл кім?» ойыны арқылы ұйымдастырылады. Ол үшін:

 Оқушылар өз еріктерімен жұптасып, сыныптың ортасына шығады. Мұғалім өз жұбына мінездеме бер деген тапсырма береді. Оның қандай іс-әрекетіне қарап, ондай мінездеме бергенін айтады. Барлық оқушы уақыт басталды деген нұсқау берілгенде бастайды. Оқушылардан қандай тапсырма орындағандары сұралады, қандай іс-әрекет жасағандарын айтады.

 Сабақ мақсаты хабарланады: шығарманың тақырыбын анықтап, негізгі ойды білдіріп тұрған өлең бөлігін анықтайды және сөйлеу барысында суреттерді қолданып, кейіпкердің іс-әрекетін бағалай алады.

 

 Сабақтың ортасы:

 1-тапсырма. Анықтайық

 Тапсырманы орындау бойынша нұсқаулық.

 (Т,Ұ). «Суреттер арқылы болжау» әдісі. Суреттерді пайдаланып, оқылатын мысалдың тақырыбын анықта.

  •  Интербелсенді тақтада мысалдың мазмұны бойынша суретер беріледі.

 

  •  Оқушылар өз топтарында мысалдың тақырыбын анықтап, тізімін құрастырады.
  •  Тізімнің ішінен дұрыс деп есептеген тақырыптарының үшеуін мұғалімге тапсырады.
  •  Мұғалім барлық топтардың берген тақырыптарынан қайта тізім құрастырып, экраннан көрсетеді.
  •  Мұғалімнің құрастырған тізімінің ішінен бір тақырыпты таңдалады.
  •  Дұрыс жауаппен таңдалған жауап салыстырылады.

 Саралау: «Қарқын» тәсіліне сүйене отырып, топ ішіндегі негізгі тапсырмаларды түсіндіруде көмек қажет ететін оқушыларға біршама уақыт беріледі. Қарқыны жылдам оқушылардың мүмкіндіктерін ескере отырып, жылдам аяқтаған топқа жақсы, жаман сөздеріне мақал-мәтел жазғызуға болады.

 (ҚБ) «Бас бармақ» әдісі арқылы әр топ бір-бірлерінің жауаптарын бағалайды.

 2-тапсырма. Оқиық.

 (Ұ) (МК) «Бірлескен оқылым» әдісімен оқулықтағы А.Байтұрсыновтың «Екі шыбын» мысалын оқу ұсынылады.

 Тапсырманы орындау бойынша нұсқаулық.

 1.Мысалды жеке оқып, түсініксіз сөздерді белгілейді.

 2.Оқушылар мысалға талдау жасап, сұрақтарға жауап береді.

  •  Авторы туралы не білесіңдер?
  •  Өлеңде қандай қасиеттер туралы айтылған?
  •  Сендердің бойларыңда қандай қасиеттер бар?
  •  Екі шыбынның әңгімесінен не түсіндің?
  •  Оны мысалдың қай бөлігінен байқауға болады?

 Саралау:. «Диалог және қолдау көрсету» тәсілін қолдана отырып, оқушыларға мысалдың мазмұны бойынша қойылған сұрақтарға қиналған оқушыларға сөзбен қолдау көрсетіледі.

  (ҚБ) «Бабармақс » әдісі арқылы оқушылар мысалға талдау жасап, қалай оқығандары үшін өздерін бағалау ұсынылады

 

 3-тапсырма. Жазайық..

 (Т) «Кластер» әдісімен мысалдағы шыбындардың мінез-құлқына баға береді.

 Тапсырманы орындау бойынша нұсқаулық.

  •  Топтарға екі шыбынды бағалауға кластер сызылған қағаздар беріледі.

 

 

 

 

  •  Топта мысалдағы шыбындардың әрқайсына, олардың іс-әрекетіне байланысты мінез-құлқына баға беріп, талдайды.
  •  Кластерді толтырады.
  •  Әр топ өз жұмыстарын ортаға салып талдайды.

 Саралау: «Қорытынды» тәсіліне сәйкес оқушылардың әр түрлі жауаптарын күтемін, барлық оқушыларға бағытталған нұсқау бере отырып, олардың әрқайсысының өздерінен не күтетіндігін түсінгендеріне көз жеткізу үшін қолданамын.

 Қ/Б (ҚБ) «От шашу» әдісімен топтар өз жұмыстарын бағалайды.

 

Қалыптастырушы бағалау тапсырмасы.

Берілген үзіндіні түсініп оқы.

 – Менің қазіргі талқыға салып отырған тәртіпсіздік қылықтарымның қай-қайсысының да себебі бар еді. Қазды атқан мен емеспін, Сұлтан. Ал бақаны мен сумкаға Майқанова апай талып жығылып қалсын деп, оның соншалық шошымал адам екенін біліп салған жоқпын. Тіпті, мұның ақыры не болады деп ойлап та жатпадым, салғым келді - салдым. Осындай бір ақымақтық кейде ақылға мұрша бермей дедектетіп әкететіні бар. Істеп алып, соңынан бармағыңды тістейсің. Осының бәрі осылай бола тұрса да, мен өзімді ақтап, бір ауыз сөз айтпадым. Ақталудың тіпті қисыны бар ма?

  •  Мәтіннен негізгі ойды білдіретін сөйлемді тауып, қоршап сыз немесе дәптеріңе көшіріп жаз.
  •  Мәтінге ат қой.

 Рефлексия. ««Аяқталмаған сөйлем»» әдісі

«Мұғалімге жеделхат» тақтасына оқушылар стикер жапсыру арқылы орындалады.

Оқушылар өздеріне жақын сөйлемді таңдап, айтылған ойды жалғастырады:

  •  бүгінгі сабақта мен....түсіндім, ...білдім, ....көзімді жеткіздім.
  •  бүгін сабақта қуантқаны.....
  •  мен өзімді.....үшін мақтар едім.
  •  маған ерекше ұнағаны.....
  •  қызықты болғаны.....
  •  ......қиындық тудырды.
  •  менің түсінгенім.....

 

 Ескерту. Сынып оқушыларының ерекшелігіне байланысты мұғалім тапсырмаларды ауыстырырып орындай алады.

 

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?
Пікір жазу