Шығарманың тақырыбы мен негізгі ойды анықтау. 3 сынып


 Тарау: Жанды табиғат

 

 Сабақ тақырыбы: Шығарманың тақырыбы мен негізгі ойды анықтау

 

 Оқу мақсаттары:

 3.2.3.1 шығарманың тақырыбын анықтау және негізгі ойды білдіріп тұрған мәтін бөлігін/сөйлемді анықтау

 3.2.7.1 мұғалімнің көмегімен шығармадағы әдеби көркемдегіш құралдарды (теңеу, эпитет, кейіптеу) табу

 Сабақ мақсаттары:

 Барлық оқушылар: шығарманың тақырыбын анықтап, негізгі ойды білдіріп тұрған сөйлемді анықтап және мұғалімнің көмегімен өлеңдегі әдеби көркемдегіш құралдарды (теңеуді) табады

 Көптеген оқушылар: теңеуді тауып, салыстырады және өз пікірлерін айтады

 Кейбір оқушылар: тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіріп, талдау жасай алады

 

 Бағалау критерийлері

  •  шығарманың тақырыбын және негізгі ойды білдіріп тұрған сөйлемді анықтайды
  •   мұғалімнің көмегімен өлеңдегі әдеби көркемдегіш құралдарды (теңеуді) табады

 

 Сабақ барысы

 

 Сабақтың басы: Сабақ басында ширату тапсырмасында «Ұшақ» әдісі арқылы ұйымдастырылады. Ол үшін:

 Мұғалім қағаздан ұшақ жасап, оған келесі жұмбақтарды жазады.

 Жапырақты бояды, Атырапты бояды. Бояп-бояп барлығын Сап-сары ғып қояды.

 Жұмбақ жазылған ұшақтарды сынып ішінде ұшырады. Қай оқушының алдына ұшақ түссе, сол оқушы жұмбақты шешеді және интерактивті тақтадан дұрыс шешуін көрсетіліп, оның бүгінгі сабақпен байланысын айтады.

 Бастапқы білімді қайталау.

 «Миға шабуыл» әдісі арқылы тақырып мағынасын ашуға байланысты сұрақтар қойылады. Оқушылардың тез жауап берулері қадағаланады. Оңай сұрақтардан бастап қиындатуға болады.

 Үлгі сұрақ:

 -«Қоңыр күз» дегенді қалай түсінесіңдер?

 Сабақ мақсатын хабарлау: шығарманың тақырыбын анықтап, негізгі ойды білдіріп тұрған сөйлемді анықтап және мұғалімнің көмегімен өлеңдегі әдеби көркемдегіш құралдарды (теңеуді) табамыз.

 

 Сабақтың ортасы:

 

 1-тапсырма. Анықтайық.

 Тапсырманы орындау бойынша нұсқаулық.

 (Ұ) «Суреттер арқылы болжау» ойыны арқылы орындалады. Ойын шарты: оқушыларға күздің бірнеше суреттері ұсынылады.

 

 Мазмұны бойынша жұптар сұрақтар құрастырады. Сұрақтардың мазмұны әр түрлі, яғни өзгеше құрастырулары да мүмкін.

1. Суреттерді таңдау (әр оқушы өзі таңдайды)

2.Жұптар бір–біріне сұрақ қояды. (оқиғаға байланысты немесе өзгеше болуы мүмкін)

3.Оқылатын өлеңнің тақырыбын анықтайды.

 Саралау: «Диалог және қолдау көрсету» арқылы саралау. Қабілеті төмен оқушылардың мүмкіндіктерін ескеріңіз, әр оқушының шығармашылық қабілеттерін ескеріп, жұмыстағы рөлдерді бөліңіз.

 Қ/Б. Мұғалім тарапынан кері байланыс (мадақтау). Ұтымды сұрақ пен мәнді жауап бағаланады. Жарайсың! Өте ұтымды сұрақ қойдың. Мәнді жауабың үшін ризамыз.

 2-тапсырма. Табайық.

 Тапсырманы орындау бойынша нұсқаулық.

 Оқушылар Абайдың «Күз» өлеңін түсініп оқиды. Оқи отырып өлеңнен 3 фактіні табады.

  •  Жеңіл, түсінікті факт
  •  Қиын болып көрінген факт
  •  Алдағы уақытта жинағысы келетін ақпарат
  •  «Қайыршы шал -кемпірдей түсі кетіп,

 Жапырағынан айрылған ағаш, қурай» деген өлең жолдарында ақын неге олай теңегенін түсіндір.

  •  (Т) Алынған фактілер бойынша барлық оқушылар талқылап, талдайды.

 Саралау: «Қорытынды саралау арқылы» қолдау көрсетіледі. (Топ ішінен бір оқушы «дұрыс» жауаптың бағытында жұмыс істеуден гөрі оқушылар өздерінің мықты және әлсіз тұстарына қарай жауап береді). Барлық оқушы бір тапсырманы орындаса да олардың нәтижелері әр түрлі болады

 

 

 3-тапсырма. Оқиық.

 Тапсырманы орындау бойынша нұсқаулық.

 1. https://www.youtube.com/watch?v=gdIxuEP0yqQ сайтынан алынған «Күз» өлеңінің аудиожазбасы тыңдалады.

 2. Өлеңді мәнерлеп оқу тапсырылады. Оқушылар «Автор орындығы» әдісі арқылы, алдындағы тыңдағанына сүйеніп өлеңді мәнерлеп оқиды.

 Саралау: «Нәтиже арқылы саралау» жүргізіледі. Барлық оқушыға бірдей тапсырма берілгенімен, күтілетін нәтиже әртүрлі болады. Нәтижелері арқылы қолдау көрсетіледі.

 Қ/Б: Бұл тапсырма «Жапондық бағалау» әдісі (оқушылар бір-біріне баға береді) арқылы бағаланады.

 

 Қалыптастырушы бағалау тапсырмасы.

 Берілген үзіндіні түсініп оқы.

 

 – Менің қазіргі талқыға салып отырған тәртіпсіздік қылықтарымның қай-қайсысының да себебі бар еді. Қазды атқан мен емеспін, Сұлтан. Ал бақаны мен сумкаға Майқанова апай талып жығылып қалсын деп, оның соншалық шошымал адам екенін біліп салған жоқпын. Тіпті, мұның ақыры не болады деп ойлап та жатпадым, салғым келді - салдым. Осындай бір ақымақтық кейде ақылға мұрша бермей дедектетіп әкететіні бар. Істеп алып, соңынан бармағыңды тістейсің. Осының бәрі осылай бола тұрса да, мен өзімді ақтап, бір ауыз сөз айтпадым. Ақталудың тіпті қисыны бар ма?

 

  •  Мәтіннен негізгі ойды білдіретін сөйлемді тауып, қоршап сыз немесе дәптеріңе көшіріп жаз.
  •  Мәтінге ат қой.

 Сабақтың соңы.

Рефлексия: «Плюс-минус-қызықты» әдісі

«Плюс» - оң әсер еткен фактілерді, алған, білімдері жайлы жаза алады.

«Минус» - «қолымнан келмей жатыр» немесе «түсініксіз болып тұр» деген ойларын жазады.

«Қызықты»- деген бағанға өздеріне не қызықты болды немесе не жайында көбірек білгісі келетінін сұрақ түрінде де жасса болады.

 Ескерту. Сынып оқушыларының ерекшелігіне байланысты мұғалім тапсырмаларды ауыстырырып орындай алады.

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу