Қысқа мерзімді сабақ жоспары. 3 сынып
Қысқа мерзімді сабақ жоспары
Пән: әдебиеттік оқу Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен (жарық пен қараңғы) Күні: Сынып: 3 | Мектеп: Қарағанды қаласы Мұғалімнің аты-жөні: Шадетова А.К. Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | ||||
Сабақ тақырыбы | 2.3 Шығарманың тақырыбы мен негізгі ойды анықтау | ||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасы на сілтеме) | 3.2.3.1 шығарманың тақырыбын анықтау және негізгі ойды білдіріп тұрған мәтін бөлігін/сөйлемді анықтау 3.2.6.1 кейіпкердің портретін сипатта, оның іс-әрекеті, мінез-құлқының өзгеру себептерін мәтіннен тауып, бағалау 3.1.4.2 сөйлеу барысында иллюстрациялар/ көрнекіліктер/ фото / суреттер қолдан | ||||
Сабақ мақсаттары | Барлық оқушылар: шығарманың тақырыбын анықтап, негізгі ойды білдіріп тұрған өлең бөлігін анықтайды және сөйлеу барысында суреттерді қолданып, кейіпкердің іс-әрекетін бағалай алады Көптеген оқушылар: шығарманың тақырыбын анықтауда өз ойларын тұжырымдай алады. Кейбір оқушылар: сөйлеу барысында суреттерді қолданғанып, ортақ тақырыппен байланыстыра алады | ||||
Бағалау критерийлері |
| ||||
Тілдік мақсаттар | Тілдік емес пәндер үшін құрастырылады. Тілдік мақсаттарды, лексика мен тіркес мысалдарын қоса анықтаңыз Пәнге тән лексика мен терминология: Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: | ||||
Құндылықтар ды дарыту | Ашықтық - топпен жұмыста өз ойларын еркін айтуға жетелеймін. Ынтымақтастық - топпен жұмыс жасауда қарым-қатынас дағдыларын жетілдіремін. Азаматтық жауапкершілік - жұптық жұмыс кезінде дарытамын. | ||||
Пәнаралық байланыстар | Жақсы және жаман қасиеттерге байланысты сурет салуда көркем еңбек пәнімен байланыстырамын. | ||||
АКТ қолдану дағдылары | Интербелсенді тақтадан суреттер көрсету | ||||
Бастапқы білім | шығарманың тақырыбын анықтайды, сөйлеу барысында суреттерді қолдана алады | ||||
Сабақ барысы | |||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||
Сабақтың басы 4 мин. | Ширату жаттығу. (ЖЖ). Бұл кім?» ойыны. Оқушылар өз еріктерімен жұптасып, сыныптың ортасына шығады. Мұғалім өз жұбына мінездеме бер деген тапсырма береді. Оның қандай іс-әрекетіне қарап, ондай мінездеме бергенін айтады. Барлық оқушы уақыт басталды деген нұсқау берілгенде бастайды. Оқушылардан қандай тапсырма орындағандары сұралады, қандай іс-әрекет жасағандарын айтады. Сабақ мақсаты хабарланады: шығарманың тақырыбын анықтап, негізгі ойды білдіріп тұрған өлең бөлігін анықтайды және сөйлеу барысында суреттерді қолданып, кейіпкердің іс-әрекетін бағалай алады. | 4 слайд | |||
Сабақтың ортасы 10 мин 7 мин 7 мин 7 мин | Анықтайық. (Т,Ұ). «Суреттер арқылы болжау» әдісі. Суреттерді пайдаланып, оқылатын мысалдың тақырыбын анықта.
(ҚБ) «Бас бармақ» әдісі арқылы әр топ бір-бірлерінің жауаптарын бағалайды. Оқиық. (Ұ) (МК) «Бірлескен оқылым» әдісімен оқулықтағы А.Байтұрсыновтың «Екі шыбын» мысалын оқу ұсынылады. 1.Мысалды жеке оқып, түсініксіз сөздерді белгілейді. 2.Оқушылар мысалға талдау жасап, сұрақтарға жауап береді.
(ҚБ) «Бабармақс » әдісі арқылы оқушылар мысалға талдау жасап, қалай оқығандары үшін өздерін бағалау ұсынылады Жазайық. (Т) «Кластер» әдісімен мысалдағы шыбындардың мінез-құлқына баға береді.
(ҚБ) «От шашу» әдісімен топтар өз жұмыстарын бағалайды. Қалыптастырушы бағалау тапсырмасы. Берілген үзіндіні түсініп оқы. – Менің қазіргі талқыға салып отырған тәртіпсіздік қылықтарымның қай-қайсысының да себебі бар еді. Қазды атқан мен емеспін, Сұлтан. Ал бақаны мен сумкаға Майқанова апай талып жығылып қалсын деп, оның соншалық шошымал адам екенін біліп салған жоқпын. Тіпті, мұның ақыры не болады деп ойлап та жатпадым, салғым келді - салдым. Осындай бір ақымақтық кейде ақылға мұрша бермей дедектетіп әкететіні бар. Істеп алып, соңынан бармағыңды тістейсің. Осының бәрі осылай бола тұрса да, мен өзімді ақтап, бір ауыз сөз айтпадым. Ақталудың тіпті қисыны бар ма?
| 5 слайд 1-қосымша А4 қағаздар, маркерлер 6 слайд 7 слайд 2-қосымша 8 слайд | |||
Сабақтың соңы 5 мин | Рефлексия «Аяқталмаған сөйлем» әдісімен «Мұғалімге жеделхат» тақтасына оқушылар стикер жапсыру арқылы орындалады. Оқушылар өздеріне жақын сөйлемді таңдап, айтылған ойды жалғастырады:
| 9 слайд «Мұғалімге жеделхат» тақтасы стикер | |||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасы ның сақталуы | |||
1-тапсырмада саралаудың «Қарқын» тәсіліне сүйене отырып, топ ішіндегі негізгі тапсырмаларды түсіндіруде көмек қажет ететін оқушыларға біршама уақыт беремін. Қарқыны жылдам оқушылардың мүмкіндіктерін ескере отырып, жылдам аяқтаған топқа жақсы, жаман сөздеріне мақал-мәтел жазғызамын. 2-тапсырмада саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілін қолдана отырып, оқушыларға мысалдың мазмұны бойынша қойылған сұрақтарға қиналған оқушыларға сөзбен қолдау көрсетемін. 3-тапсырмада саралаудың «Қорытынды» тәсіліне сәйкес оқушылардың әр түрлі жауаптарын күтемін, барлық оқушыларға бағытталған нұсқау бере отырып, олардың әрқайсысының өздерінен не күтетіндігін түсінгендеріне көз жеткізу үшін қолданамын. 4- тапсырмада саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі арқылы сөзбен қолдау көрсете отырып, ынталандырамын. | Дескрипторлар:
| ||||
Сабақ бойынша рефлексия | |||||
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?