«Сурет үйірмесіндегі алғашқы сабақ» Марат Қабанбайдың. Әдебиеттік оқу, 3 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Пән: Әдебиеттік оқу

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Өнер»

Күні:

Сынып: 3

Мектеп: Қарағанды қ.

Мұғалімнің аты-жөні: Шадетова А.К.

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

1.2 Шығарманы мазмұндау

«Сурет үйірмесіндегі алғашқы сабақ» Марат Қабанбайдың

Оқу мақсаттары

3.1.2.1 шығарманың мазмұнын бірлесе құрастырған жоспар бойынша немесе өз сөзімен толық/таңдауына қарай мазмұндау/ сахналау

3.2.2.1 қолдануға (практикалық), бағалауға негізделген сұрақтар қою және жауап беру

3.2.5.1 көркем шығармадағы оқиғаның басталуын, дамуын және аяқталуын анықтау

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: мәтінің мазмұнын бірлесе құрастырған жоспар бойынша мазмұндап, бағалауға негізделген сұрақтар қояды және жауап береді, оқиғаның басталуын, дамуын және аяқталуын анықтайды

Көптеген оқушылар: жоспар мен сұрақтар құрастыруда мәтін мазмұнын бойынша түсінгенін қолдана алады.

Кейбір оқушылар: мазмұндау барысында жоспардан тыс өз ойын жеткізе алады, ашық сұрақтар құрастыра алады

Бағалау критерийлері

  • мәтінді оқиды;
  • мәтін мазмұны бойынша бірлесе жоспар құрастырады;
  • мәтін мазмұнын жоспар бойынша мазмұндайды;
  • бағалауға негізделген сұрақтар қойып, жауап береді.

Тілдік мақсаттар

Пәнге тән лексика мен терминология: сурет үйірмесі, Қанафия Телжанов, Леонардо да Винчи, Рафаэль Санти

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер

  • Мұғалім сурет үйірмесіндегі алғашқы сабақты қалай бастады?
  • Сыныпта қандай күтпеген жағдай болды?
  • Неліктен Ержан ана бейнесін салғысы келмеді?

Құндылықтарды дарыту

Өзгелердің көз қарасын, ойын тыңдау арқылы құрмет құндылығын дарыту. Жұппен, топпен жұмыс жасау барысында ынтымақтастық құндылығын қалыптастыру.

Пәнаралық байланыстар

Топтық жұмыста суреттерді салу, жабыстыру барысында көркем еңбек пәнімен байланысады.

АКТ қолдану дағдылары

Сабақ бойынша әзірленген слайдттар, қосымша дидактикалық электрондың материалдар

Бастапқы білім

Мәтінді түсініп оқи алады, өзін-өзі бақылауды біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы 0-5 минут

Ширату тапсырмасы: Репортёр әдісі

(Т) Сыныптағы достарыңнан сұра.

1.Оқушылар топқа бөлінеді. Топ өздеріне «репортёр» тағайындайды. Репортер әр оқушыдан «Қандай сурет салғанды ұнатасың?» деген сұраққа жауап іздейді.

2. Жауаптарын қағазға жазып отырады.

3. Әр топтың репортеры өз тобындағы оқушылардың жауаптарымен таныстырады. Қорытында жасалады.

(МТ) Сабақ мақсатын айқындау үшін жетелеуші сұрақтар қойып, оқушылармен бірге сабақ мақсатын анықтайды.

Сабақ мақсаты: мәтінің мазмұнын бірлесе құрастырған жоспар бойынша мазмұндап, бағалауға негізделген сұрақтар қояды және жауап береді, оқиғаның басталуын, дамуын және аяқталуын анықтайды.

Слайд № 4

Слайд № 2,3

Сабақтың ортасы 6-11 минут

12-19 минут

20-30 минут

31-37 минут

1тапсырма

(Ө,Т). Марат Қабанбайдың «Сурет үйірмесіндегі алғашқы сабақ» мәтіні оқылады.

  • (МТ) «Белгіле» әдісі. Мәтіннің басталуын, дамуын және аяқталуын анықтап, бөліктерді белгілеп отырып, оқу тапсырылады.
  • (Ө) Мәтінді оқу алдында оқушыларға түрлі-түсті стикерлер таратылады. Мәтін бөліктерін анықтап, стикермен белгілеп отырып оқиды.
  • (Т) Топта мәтіннен анықтаған бөліктер бойынша талқылап, нақты бөліктерді қағазға жазады.

Саралау: мәтінді оқу барысында қарқын арқылы саралау жүргізіледі. Мәтінді баяу оқитын, оқушыларға қосымша уақыт беріледі.

Б: «Қолмен белгі беру» әдісі арқылы бағаланады. Басбармақ жоғарыға қарай = Мен түсінемін. Басбармақ көлденең = Мен түсінгендеймін. Басбармақ төмен қарай = Мен түсінбедім

2 – тапсырма

(ЖЖ) «Веер» әдісі. Оқыған шығарма бойынша сұрақтарға жауап бер:

1.Оқушылар өз еріктерімен жұпқа бөлінеді.

2.Мұғалім қағазды веер пішінінде бүктеп, келесі сұрақтарды жазып дайындайды. Оқушылар дайын «Веерлерді» алып, сұрақтарды келесі жұпқа қояды. Келесі жұп оларға қояды.

  • Мұғалім сурет үйірмесіндегі алғашқы сабақты қалай бастады?
  • Сыныпта қандай күтпеген жағдай болды?
  • Неліктен Ержан ана бейнесін салғысы келмеді?

3. Сұрақтар бойынша оқушылар өз жауаптарын береді.

4. Сұрақтардың алдыңғы тапсырмамен қандай байланысы бар екендігі сұралады.( бөлімдер бойынша берілген сұрақтар).

Саралау: қабілеті төмен оқушылар сұрақтарға өз түсінгендері бойынша жауап береді. Қабілеті жоғары оқушылар баға беріп жауап береді.

Қ/Б. «Жапондық бағалау» әдісі арқылы оқушылар жұптық жұмысты бағалайды.

«ООО»- тамаша

«МММ» - жақсы

«Сұқ саусақ» -келісемін

«Екі саусақты» -сұрағым бар

3-тапсырма

(Т) «Құрастыр, сосын жауап бер» әдісі арқылы, мәтін бойынша жоспар құрастыру тапсырылады.

1.Мұғалім әр топқа бірінші тапсырмада жазған мәтін бөліктеріне сүйене отырып, жоспар құруды ұсынады.

2.Оқушыларға жоспар құруға өз ойларын жинақтауға уақыт беріледі.

3.Топ ішінде оқушылар мәтін бөліктерін ретімен орналастыру арқылы жоспар құрайды.

4.Топтардың жоспарын сыныппен талқылап, мұғалімнің көмегімен дұрыс жоспар құрылады.

Жоспар:

1. Алғашқы сабақ күні

2. Ержанның іс-әрекеті

3. Менен суретші шықпайды

4. Салауат ағайдың ойы

Саралау: басқа оқушыларға қарағанда тапсырманы орындауда көп күш жұмсауды талап ететін оқушылардың белсенділігін арттыру үшін «Қарқын арқылы саралау» жүргізіледі.

Б: «Пантомима» Сөзсіз қимыл көрсету арқылы, өздерін бағалайды.

4-тапсырма

(Т) Құрастырған жоспар бойынша мәтін мазмұнын айт.

1. (МТ) Мұғалім әр топқа құрастырған жоспар бойынша өз сөзімен толық/таңдауына қарай мәтінді мазмұндауды тапсырады.

2. Оқушылар жоспар бойынша мәтін мазмұнын өз қалаулары бойынша мазмұндайды.

3. Оқушылардың жауаптары бағаланады.

Саралау: уақыт бойынша саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушылаға ұсынылады. Оқушылар қарқындарына қарай жауап беріп өз ойларын дәлелдеп еркін айтады, пікірлерін өзгерте алады.

Б. Мұғалім тарапынан кері байланыс (мадақтау). Ұтымды сұрақ пен мәнді жауап бағаланады. Жарайсың! Өте ұтымды сұрақ қойдың. Мәнді жауабың үшін ризамыз.

Слайд № 8 Қосымша № 1

Слайд № 6

Қосымша № 2, 3

Слайд № 7

Қосымша № 4

Сабақтың соңы

38-40 минут

Рефлексия: «Түрлі-түсті қарындаш» әдісі

Оқушылар өздерінің түрлі-түсті қарындаштарын алып, бүгінгі сабақтары бойынша өздеріне баға береді.

Жасыл түсті қарындаш – мен бүгін бәрін жақсы орындадым деп ойлаймын: менің көңіл – күйім көтеріңкі.

Сары түсті қарындаш - мен тапсырманы орындай алдым, бірақ үйренерім бар.

Қызыл түсті қарындаш – мен тапсырманы орындай алмадым, көңіл – күйім жоқ. 

Слайд № 8

Қосымша № 5

Саралау оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау: 1-тапсырмада. Мәтінді оқу барысында қарқын арқылы саралау жүргізіледі. Мәтінді баяу оқитын, оқушыларға қосымша уақыт беріледі.

2 тапсырмада. «Нәтиже арқылы саралау». Қабілеті төмен оқушылар сұрақтарға өз түсінгендері бойынша жауап береді. Қабілеті жоғары оқушылар баға беріп жауап береді.

3-тапсырмада Басқа оқушыларға қарағанда тапсырманы орындауда көп күш жұмсауды талап ететін оқушылардың белсенділігін арттыру үшін «Қарқын арқылы саралау» жүргізіледі.

4-тапсырмада уақыт бойынша саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушылаға ұсынылады. Оқушылар қарқындарына қарай жауап беріп өз ойларын дәлелдеп еркін айтады, пікірлерін өзгерте алады.

Дескриптор:

  • мәтінді оқиды;
  • оқыған шығарма бойынша сұрақтарға жауап бер:
  • мәтін мазмұны бойынша бірлесе жоспар құрастырады;
  • мәтін мазмұнын жоспар бойынша мазмұндайды;
  • бағалауға негізделген сұрақтар қойып, жауап береді.

Кабинеттегі қауіпсіздік техникасын сақтау.

Сабақ бойынша рефлексия

Жалпы баға. Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?
Пікір жазу