👈 қаріп өлшемі 👉

«Сурет үйірмесіндегі алғашқы сабақ» Марат Қабанбайдың. Әдебиеттік оқу, 3 сынып, нұсқаулық.


 Бөлім: Өнер

 

 Сабақ тақырыбы: 21.2 Шығарманы мазмұндау. «Сурет үйірмесіндегі алғашқы сабақ» Марат Қабанбайдың

 

 Оқу мақсаттары:

 3.1.2.1 шығарманың мазмұнын бірлесе құрастырған жоспар бойынша немесе өз сөзімен толық/таңдауына қарай мазмұндау/ сахналау

 3.2.2.1 қолдануға (практикалық), бағалауға негізделген сұрақтар қою және жауап беру

 3.2.5.1 көркем шығармадағы оқиғаның басталуын, дамуын және аяқталуын анықтау

 

 Сабақ мақсаттары:

 Барлық оқушылар: мәтінің мазмұнын бірлесе құрастырған жоспар бойынша мазмұндап, бағалауға негізделген сұрақтар қояды және жауап береді, оқиғаның басталуын, дамуын және аяқталуын анықтайды

 Көптеген оқушылар: жоспар мен сұрақтар құрастыруда мәтін мазмұнын бойынша түсінгенін қолдана алады.

 Кейбір оқушылар: мазмұндау барысында жоспардан тыс өз ойын жеткізе алады, ашық сұрақтар құрастыра алады

 Бағалау критерийлері

  • мәтінді оқиды;
  • мәтін мазмұны бойынша бірлесе жоспар құрастырады;
  • мәтін мазмұнын жоспар бойынша мазмұндайды;
  • бағалауға негізделген сұрақтар қойып, жауап береді.

 

 Қажетті ресурстар: веер пішінінде бүктелген қағаз, түрлі-түсті қарындаштар

 

 Сабақ барысы

 

 Сабақтың басы:

 Ширату тапсырмасы. Бастапқы білімді еске түсіру және сабақ мақсатын анықтау үшін жүргізіледі.

 Тапсырманы «Репортёр» әдісі арқылы ұйымдастырыңыз. Оқушыларды топқа бөліңіз.

 1.Топ өздеріне «репортёр» тағайындайды. Репортер әр оқушыдан «Қандай сурет салғанды ұнатасың?» деген сұраққа жауап іздейді.

 2. Жауаптарын қағазға жазып отырады.

 3. Әр топтың репортеры өз тобындағы оқушылардың жауаптарымен таныстырады. Қорытында жасалады.

 Жаттығу бойынша ойларын қортындылап, сабақ тақырыбы және оқу мақсаттарымен таныстырыңыз. Оқушылармен бағалау критерийін бірге құрастырып немесе таныстырыңыз.

 Сабақ мақсаты: мәтінің мазмұнын бірлесе құрастырған жоспар бойынша мазмұндап, бағалауға негізделген сұрақтар қояды және жауап береді, оқиғаның басталуын, дамуын және аяқталуын анықтайды

 

 Сабақтың ортасы:

 

 1-тапсырма

 Бұл мәтінмен жұмыс. Тапсырма мәтінді іштей түсініп оқу машығын жетілдіруге негізделеді.

 Тапсырманы орындау бойынша нұсқаулық.

 (Ө,Т). Марат Қабанбайдың «Сурет үйірмесіндегі алғашқы сабақ» мәтіні оқылады.

  •  (МТ) «Белгіле» әдісі арқылы ұйымдастырылады. Мәтіннің басталуын, дамуын және аяқталуын анықтап, бөліктерді белгілеп отырып, оқу тапсыры.
  •  (Ө) Мәтінді оқу алдында оқушыларға түрлі-түсті стикерлер таратылады. Мәтін бөліктерін анықтап, стикермен белгілеп жеке отырып оқиды.
  •  (Т) Топта мәтіннен анықтаған бөліктер бойынша талқылап, нақты бөліктерді қағазға жазады.

 Саралау: мәтінді оқу барысында қарқын арқылы саралау жүргізіледі. Мәтінді баяу оқитын, оқушыларға қосымша уақыт беріледі.

 ҚБ: «Қолмен белгі беру» әдісі арқылы бағаланады. Басбармақ жоғарыға қарай = Мен түсінемін. Басбармақ көлденең = Мен түсінгендеймін. Басбармақ төмен қарай = Мен түсінбедім

 

 2-тапсырма

 Тапсырма мәтін бойынша жұмысты жалғастыруға арналады. Оқыған мәтін бойынша сұрақтарға жауап біріп, түсінгендерін ортаға салады.

 Тапсырманы орындау бойынша нұсқаулық.

 (ЖЖ) «Веер» әдісі арқылы ұйымдастырылады. Оқыған шығарма бойынша сұрақтарға жауап бер тапсырылады.

 1.Оқушылар өз еріктерімен жұпқа бөлінеді.

 2.Мұғалім қағазды веер пішінінде бүктеп, келесі сұрақтарды жазып дайындайды. Оқушылар дайын «Веерлерді» алып, сұрақтарды келесі жұпқа қояды. Келесі жұп оларға қояды.

  •  Мұғалім сурет үйірмесіндегі алғашқы сабақты қалай бастады?
  •  Сыныпта қандай күтпеген жағдай болды?
  •  Неліктен Ержан ана бейнесін салғысы келмеді?

 3. Сұрақтар бойынша оқушылар өз жауаптарын береді.

 4. Сұрақтардың алдыңғы тапсырмамен қандай байланысы бар екендігі сұралады. (бөлімдер бойынша берілген сұрақтар).

 Саралау: қабілеті төмен оқушылар сұрақтарға өз түсінгендері бойынша жауап береді. Қабілеті жоғары оқушылар баға беріп жауап береді.

 Б. «Жапондық бағалау» әдісі арқылы оқушылар жұптық жұмысты бағалайды.

 «ООО»- тамаша

 «МММ» - жақсы

 «Сұқ саусақ» -келісемін

«Екі саусақты» -сұрағым бар

 3-тапсырма

 Тапсырма мәтін бойынша жоспар құруға беріледі. Алдыңғы тапсырмадан жинаған ақпараттарды қолдану арқылы жұмысты жүйелей алуға дағдыланады.

 Тапсырманы орындау бойынша нұсқаулық.

 (Т) «Құрастыр, сосын жауап бер» әдісі арқылы, мәтін бойынша жоспар құрастыруды тапсырыңыз.

 1. Әр топқа бірінші тапсырмада жазған мәтін бөліктеріне сүйене отырып, жоспар құруды тапсырыңыз.

 2. Оқушыларға жоспар құруға өз ойларын жинақтауға уақыт беріледі.

 3. Топ ішінде оқушылар мәтін бөліктерін ретімен орналастыру арқылы жоспар құрайды.

 4. Топтардың жоспарын сыныппен талқылап, мұғалімнің көмегімен дұрыс жоспар құрылады.

 Жоспар:

 1. Алғашқы сабақ күні

 2. Ержанның іс-әрекеті

 3. Менен суретші шықпайды

 4. Салауат ағайдың ойы

 Саралау: басқа оқушыларға қарағанда тапсырманы орындауда көп күш жұмсауды талап ететін оқушылардың белсенділігін арттыру үшін «Қарқын арқылы саралау» жүргізіледі.

 Б: «Пантомима». Сөзсіз қимыл көрсету арқылы, өздерін бағалайды.

 4-тапсырма

 Бұл тапсырма алдынғы тапсырм құрған жоспар бойынша мәтін мазмұнын айтуға беріледі. Айтылым дағдыларын дамытуға негізделеді.

 Тапсырманы орындау бойынша нұсқаулық.

 1. (МТ) Әр топқа құрастырған жоспар бойынша өз сөзімен толық/таңдауына қарай мәтінді мазмұндауды тапсырылады.

 2. Оқушылар жоспар бойынша мәтін мазмұнын өз қалаулары бойынша мазмұндайды.

 3. Оқушылардың жауаптары бағаланады.

 Саралау: уақыт бойынша саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушылаға ұсынылады. Оқушылар қарқындарына қарай жауап беріп өз ойларын дәлелдеп еркін айтады, пікірлерін өзгерте алады.

 Б. Мұғалім тарапынан кері байланыс (мадақтау). Ұтымды сұрақ пен мәнді жауап бағаланады. Жарайсың! Өте ұтымды сұрақ қойдың. Мәнді жауабың үшін ризамыз.

 Сабақтың соңы

 Рефлексия: «Түрлі-түсті қарындаш» әдісін қоланыңыз.

 Оқушылар өздерінің түрлі-түсті қарындаштарын алып, бүгінгі сабақтары бойынша өздеріне баға береді.

 Жасыл түсті қарындаш – мен бүгін бәрін жақсы орындадым деп ойлаймын: менің көңіл – күйім көтеріңкі.

 Сары түсті қарындаш - мен тапсырманы орындай алдым, бірақ үйренерім бар.

 Қызыл түсті қарындаш – мен тапсырманы орындай алмадым, көңіл – күйім жоқ. 

  (Ө) Оқушылар осы сұрақтарына кезекпен жауап береді.

 

 Ескерту. Сынып оқушыларының ерекшелігіне байланысты мұғалім тапсырмаларды ауыстырып орындата алады.

 

[attachment=25929:nsauly-shyarmany-mazmndau.docx]
Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:


Қарап көріңіз 👇



Жаңалықтар:
» 2023 жылдан бастап Қазақстанда қандай өзгерістер болады? 03.12.2022
» Алаяқтар IPO бойынша жалған мобильді қосымшаларды іске қосты 29.11.2022
» Айлакер-алаяқтар интернетте делдалдарды қалай және қандай мақсатпен іздейді 26.11.2022

Пікір жазу



Келесі мақала, жүктелуде...
Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы