👈 қаріп өлшемі 👉

Шығармадағы оқиғаны болжау «Ерекше сурет» Жәди Шәкенұлы. Әдебиеттік оқу, 3 сынып, нұсқаулық.


 Бөлім: Өнер

 

 Сабақ тақырыбы: 1.3 Шығармадағы оқиғаны болжау. «Ерекше сурет» Жәди Шәкенұлы

 

 Оқу мақсаттары:

 3.1.3.1 шығармадағы кейіпкерлердің мінез-құлқы мен іс-әрекетіне, ондағы оқиғаларға сүйеніп, сюжеттің дамуын болжау

  3.1.5.1 өз ойы мен сезімін көркем-бейнелі сөздерді қолдана отырып жеткізу

 

 Сабақ мақсаттары:

 Барлық оқушылар: мәтіндегі оқиғаларға сүйеніп, сюжеттің дамуын болжайды, өз ойын жеткізеді.

 Көптеген оқушылар: сюжеттің дамуын анықтауда кейіпкерлердің іс-әрекеттеріне баға береді,. өз ойын жеткізуде көркем -бейнелі сөздерді қолданады.

 Кейбір оқушылар:көркем-бейнелі сөздерді орынды қолданып, өз ойын жеткізеді, өмірмен байланыстырады.

 Бағалау критерийлері

  •  мәтінді түсініп оқиды;
  •  мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді;
  •  кейіпкерлердің мінез-құлқы мен іс-әрекетіне сүйеніп, сюжеттің дамуын болжайды;
  •  өз ойын көркем-бейнелі сөздерді қолдана отырып жеткізеді.

Қажетті ресурстар: кесте, нақыл сөз жазылған карточка, жетістіктер ағашы

 Сабақ барысы

 

 Сабақтың басы:

 Ширату тапсырмасы. Бастапқы білімді еске түсіру және сабақ мақсатын анықтау үшін жүргізіледі.

 (Ұ) Сынып ішіне қағазға жазылған сөздер жасырылады. Ол сөздерді «Броундық қозғалыс» ойыны арқылы оқушылар бүкіл сынып ішінде қозғала жүріп, берілген тақырып бойынша сөздерді жинайды. Сөздердің үлгісі: (Өнер алды - қызыл тіл).

  •  Сөздерді құрастырып мақалды оқиды. Шыққан сөздер бойынша ойларын ортаға салып, талқылайды. Сөздердің көркем-бейнелі сөздер екенін ашады.

 Жаттығу бойынша ойларын қортындылап, сабақ тақырыбы және оқу мақсаттарымен таныстырыңыз. Оқушылармен бағалау критерийін бірге құрастырып немесе таныстырыңыз.

 Сабақ мақсаты: шығарманың тақырыбын анықтап, негізгі ойды білдіріп тұрған бөлімді анықтап, әдеби көркемдегіш құралдарды табады. Бағалау критерийімен таныстыру немесе бірлесе құрастыру

 

 Сабақтың ортасы:

 

 1-тапсырма

 Мәтінмен жұмыс. Тапсырма мәтінді іштей оқып, көркем-бейнелі сөздерді тауып белгілеуге беріледі.

 Тапсырманы орындау бойынша нұсқаулық.

 Жәди Шәкенұлының «Ерекше сурет» мәтінінен көркем-бейнелі сөздерді тауып оқып, белгілеу үшін «Белгі қойып оқы» әдісін пайдаланыңыз.

 1. (Ө). Өз бетінше оқуға 5-7 минут уақыт аралығы беріледі. Оқи отырып түсініксіз немесе көркем-бейнелі сөздерді белгілейді.

 2. (МТ). Оқу алдында мұғалім мәтінде кездесетін түсініксіз немесе көркем-бейнелі сөздердің 1-2 талдау жасайды. Сөздер тақтаға жазылып іліп қойылады: қаннен-қаперсіз, олақ.

 Саралау: Диалог және қолдау көрсету тәсілі арқылы ұжымның ішіндегі қолдауды қажет ететін оқушыға сөзбен қолдау көрсетіледі.

 Б: «Басбармақ» әдісі арқылы өзіндік бағалау жүргізіледі.

 

 2-тапсырма.

 Мәтінмен анықтаған көркем-бейнелі сөздердің мағынасын түсіндіруге беріледі. Өз түсінгендерін талқылай алуға үйренеді.

 Тапсырманы орындау бойынша нұсқаулық.

 Мәтінен белгілеген көркем-бейнелі сөздердің мағынасын түсіндір «Қақпа» әдісі қолданған тиімді.

 1.(Т,ЖЖ) Мәтінді оқып болған соң оқушылар өздерінің белгілеген сөздерін топта талқылайды.

 2.(МТ) Талқылау аяқталғаннан кейін мұғалім тақтада қақпаның суреті мен кестені іліп қояды. Сыныпты екі топқа бөледі.

 3.Мұғалім мәтін мазмұнынан бір сөзді немесе сөз тіркестерін айтады. Оқушылар сол сөздер бойынша берілген кестені толтырады. Жұмыс барысында оқушылардың рөлдерін ауыстырып отырған дұрыс.

 

 Сөз

Біз қалай түсіндік

Сөйлем құрастыр

Сөздіктегі мағынасы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 Саралау: «Қорытынды» тәсілі бойынша көркем бейнелі сөздерді анықтауда, өз пікірін айтуда әртүрлі дәлелдемелер жасалуы мүмкін.

 Б: Толтырылған кестелерді өзара тексереді. Топтар бір-бірін бағалайды.

 3-тапсырма

 Тапсырма мәтіндегі оқиғаларға сүйеніп өз ойымен мәтінді аяқтауға беріледі. Оқушылар тапсырманы орындау арқылы ақпараттарды жүйелей алуға дағдыланады.

 Тапсырманы орындау бойынша нұсқаулық.

 «Мәтіндегі оқиғаларға сүйеніп Ерлан қандай сурет салды деп ойлайсың? Әңгімені өз ойыңмен аяқта» деген сұраққа жауап алу үшін «Кезбе тілші» әдісін қолданыңыз.

 1. Берілген сұрақ бойынша оқушылар өз топтарында ортақ бір шешімге келеді. Топтың барлық мүшелерінің ойы тыңдалады.

 2. Әр топ өз жұмыстарын «Кезбе тілші» әдісі бойынша таныстырып шығады. Әр топтан бір тілші жіберіледі. Тілші сұрақты қояды, оқушылар өз жауаптарын береді. Тілші ретінде микрофон ұстаған оқушы жіберіледі. Микрофонды оқушыларға мұғалім береді. Тілші ретінді 4 оқушы таңдалады. Тілшілер кезекпен барлық топтарды тыңдайды.

 3. Барлық топтардың жұмыстары тыңдалады. Тілшілер өздеріне ұнаған бір жауаппен бөліседі.

 Саралау: Диалог және қолдау көрсету тәсілі арқылы топтың ішіндегі қолдауды қажет ететін оқушыға мәтін мазмұнына байланысты жетелеуші сұрақтар қоя отырып қолдау көрсетіледі.

 Б. Мадақтама. Оқушылардың берілген тапсырма бойынша орындаған іс-әрекетін «Тамаша!» «Жарайсың!» «Керемет!» сөздерімен бағалау.

 4-тапсырма

 Бұл жазымылым тапсырмасы. Мәтінен түсінгенін және өз білетіндерін пайдалынып жаза алуға үйренеді.

 Тапсырманы орындау бойынша нұсқаулық.

 (Ө) «Сөйлеу құрылымдары» әдісі арқылы «Егер мен суретші болсам...» деген тақырыпта шағын әңгіме жаз. Әңгіме жазу барысында мәтіндегі көркем-бейнелі сөздерді қолдан деген тапсырма беріңіз. Тапсырманы орындау үшін келесі сөздер тізбегі береледі:

«Менің ойымша, ............ мұның себебі............», «Мысалы, ................», «Сонымен қатар, менің айтайын дегенім.............». Оқушылар осы тізбектерді пайдаланып «Егер мен суретші болсам» деген ойды жалғастырады. Оқушылар тапсырманы жеке орындайды. Жазғандары бойынша барлық ұжымға өз еріктері бойынша оқып береді.

 Саралау: «Қорытынды» тәсілі бойынша әңгіме құрастыруда әртүрлі деңгейлі оқушылардың қабілеттерін ескеріле отырып, жауаптар қабылданады.

 Б: «От шашу» әдісі арқылы оқушылар жазғандарына талдау жасап, өздерін бағалау ұсынылады.

 Рефлексия: «Тілек ағашы» әдісін қоланыңыз.

 (Ұ) Оқушыларға алма жемісінің пішінінде стикерлер таратылады. Стикерлерге бүгінгі сабақта оқу мақсатына жеткені жәні келесі сабаққа деген тілегі туралы кері байланыс жазып ағашқа жапсыру тапсырылады.

 

 

 Ескерту. Сынып оқушыларының ерекшелігіне байланысты мұғалім тапсырмаларды ауыстырып бере алады.

 

 

[attachment=25941:nskauly-shyarmaday-oiany-bolzhau.docx]
Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:


Қарап көріңіз 👇



Жаңалықтар:
» Айлакер-алаяқтар интернетте делдалдарды қалай және қандай мақсатпен іздейді 26.11.2022
» Түркия: Ыстанбұлда тағы жарылыс 17.11.2022
» Қазақстандықтар тісін тегін емдете алады: Шарттары қандай? 08.11.2022

Пікір жазу



Келесі мақала, жүктелуде...
Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы