Шығармадағы оқиғаны болжау «Ерекше сурет» Жәди Шәкенұлы. Әдебиеттік оқу, 3 сынып, дидактикалық материал.


ҚОСЫМША 1

Ерекше сурет

 

 Ерлан ойланып отыр. Қаламын тістелей береді. Кеше мұғалім: «Бейбітшілік тақырыбына сурет салып келіңдер», – деген. Балалар қуана келіскен. Тек Ерлан ғана іштей қатты қиналды. Өйткені ол сурет салуға олақ.

 Ерлан терезеден сыртқа көз салды. Бұдан басқалар қаннен-қаперсіз ойнап жүр. Әне, Марат пен Сәбит допқа таласып, шу-шу етеді. Ерланның делебесі қозса да, орнынан қозғалған жоқ. Қайтсе де суретті салып бітіруі керек. Көзін тарс жұмып, құлағын басты. Даладағы у-шуды естігісі де, көргісі де келмейді.

 Қағаздың дәл ортасына кептердің суретін салды. Оның астына алып шарды орналастырды. Енді не істесе екен? «Бұл аз», – деді Ерлан ішінен. Кептері ұқсаңқырамайды. Шары да сопақтау сияқты. Жыртып тастады. Қайта салды. Тағы жыртты.

 Уақыт жылжып барады. Сыртқа тағы қарады. Балалар ойыны қыза түсіпті. Ду-думан... .

 Көрші бөлмеден шешесінің ыңылдап әндеткені естілді. Бесікте жатқан інісі Асқар оянған болуы керек.

 Ерланның қуаныштан көздері жайнап кетті. «Болды!» – деді ішінен. – «Таптым!» Тездетіп ойындағысын бейнелеуге кірісті...

 Ертеңіне мектепке келді. Балалар жиналып қалыпты.

 – Менің суретім жақсы, менікі жақсы, – деп, балалар әрқайсысы салған суретін көрсетіп мақтанып жатыр екен.

 Ерлан үндеген жоқ. Суретін ешкімге көрсетпеді. «Балалар мазақтап жүрер», – деп қысылды.

 Қоңырау соғылды. Мұғалім кірді. Парталарды жағалап, суреттерді көре бастады. Кезек Ерланға келді.

 – Балалар, – деді мұғалім. – Бәріңнің салған суреттерің біркелкі екен. Ал Ерланның суреті ешкімге ұқсамайды. Көрдіңдер ме, ол нағыз бейбіт өмірді бейнелеген. Мынау, міне ..., ... .

 Ерлан өзін ерекше қуанышты сезінді.

 Жәди Шәкенұлы

 

ҚОСЫМША 2

 

ҚОСЫМША 3

Сөз

Біз қалай

түсіндік

Сөйлем құрастыр

Сөздіктегі мағынасы

 

 

 

 

ҚОСЫМША 4

ҚОСЫМША 5

[attachment=25940:didak-mater-shyarmadagy-oiany-bolzhau.docx]
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?
Пікір жазу