👈 қаріп өлшемі 👉

Шығармадағы оқиғаны болжау Ж.Әлмашев «Күн тәртібі» Дидактикалық материал. 3 сынып. Әдебиеттік оқу


Қосымша №1

«Венн диаграммасы»

Үлгі сөздер: жақсы, жаман, үздік, нашар.

Қосымша №2

«Кейіпкерлер әлемі»

Күн тәртібі

Жолтай Әлмашев

 Екінші сыныпта оқитын Досалы үйіне көңілсіз қайтты. Келді де, шай ішпестен жатып қалды. Анасы бәйек болып жүр. – Қарағым бір жерің ауырып жатыр ма? – Жоқ. – Ендеше неге жатырсың, шайыңды ішпей? – Ойланып жатырмын. – Ойланып?...– Анасы аң-таң. Ұлынан мұндай байсалды жауапты күтпеген еді. Ойлана білу – есейгендіктің белгісі. «Ес кіре бастағаны ғой», – деп, анасы оны қайта мазаламады. Дастарқанды жинады да, жұмысына кетті. Анасы Досалының сабаққа салғырт екенін іштей сезетін. Досалы мектептен келе сала қоңыр сөмкесін лақтырып жіберіп, бірден ойынға кіріседі.

 – Балам, бір уақыт сабағыңа қара- саңшы, – дейді анасы. – Кешке оқимын, – деп қысқа жа- уап қайтарады да, жүре береді. Кешке кітапқа қарауға да, та- мақ ішуге де шамасы келмей сұлап түседі. Сонда қайтіп жақсы оқымақ? Енді міне, тоқсан да аяқталды. Анасы табельге қол қойып жатып, «Әкеңе ісің емес, түрің ғана тартқан екен» деп күйзелді. Ұрысқан жоқ. Сабақтан соң, босқа селтеңдейді екен. Анасының неге ұрыспағанын енді түсіне бастағандай. «Басында миы болса өзі ойлансын дегені екен ғой». Бүгін сабақ үстінде алғаш рет өзінің жалғыздығын сезінді. Сынып- тастары екі-екіден, үш-үштен топтасып алыпты. Мұнымен ешкімнің жұмысы жоқ. Қасында отырған Назымға: – Екеуіміз дос болайықшы, – деп еді, ол шошып кетті. – Сенімен бе?! Жоқ, дос болмаймын. Сен нашар оқушысың... Досалы ашуланды. Содан үйге қайтқанша томсырайып отырды. Ызадан жылағысы да келді. Бірақ ұялды. Жиырма екі оқушының бәрінің бетіне үміттене қараған. Ешқайсы- сы бұған көңіл аударар емес. Күйзелісін түсінер бір бала табылсайшы... «...Жақсы оқу үшін не істеу керек? Басқа балалар да күні бойы да- лада ойнап жүретін сияқты. Сонда олар сабаққа қашан әзірленеді?» Есіктен анасы кіріп келе жатты. Досалы төсегінен атып тұрды. – Апа, менімен балалар неге дос болғысы келмейді? –Үлгерімі нашар оқушымен кім дос болмақ? – Жақсы оқу үшін не істеу керек? – Ойынды азайтып, кітапты көп оқу керек. Оқып қана қоймай, көңілге тоқыған дұрыс. – Біздің сыныптың үздік оқушылары да ойыннан қалмайды ғой, сонда олар қалай үлгереді?

 – Ә-ә, ойлана бастадың ба? Үздік бала күнде жұмыс кестесін жа- сайды. Соған қарап оқуға да, үйдің шаруасын жасауға да, ойнауға да уақыт табады. Досалының есіне кеше мұғалім айтқан бір әңгіме түсті. Бір кісі жастайынан таңертеңнен кешке дейінгі уақытын әр жұмысқа бөліп, есептеп үйреніпті. Соған үйренген ол кейін атақты адам бо- лыпты. «Оның достары көп болған шығар» деп ойлады Досалы. Досалы күн тәртібін жасауға бел буды. Қолына қалам алып, жазу үстеліне отырды.

 

Үлгі сұрақтар:

1.Досалы мектептен үйіне неге көңілсіз қайтты?

2.Сыныптастары неліктен Досалымен дос болғысы келмеді?

3.Досалы өзіне қандай ой түйді?

Қосымша №3

«Доп лақтыру» ойыны.

Үлгі сұрақтар:

Мысалы:

-Апасы неге бәйек болды деп ойлайсың?

-Досалы неге шайын ішпей жатып қалды?

-Досалы сабақ үстінде нені аңғарды?

Бағалау:

«Шаршылар» әдісі

Қосымша №4

«Төрт сөйлем» тәсілі.

1. пікір

Досалының мінез-құлқы мен іс-әрекеті бойынша өзіндік пікірін бір сөйлеммен жазады.

2. дәлел

Мәтіндегі оқиғаларға сүйеніп өз күн тәртібінің үлгісін жазады

3. мысал

Мәтіндегі оқиғаларды өмірмен байланыстырып, бір сөйлеммен мысал келтіреді.

4.қорытынды

Досалыға күн тәртібін жасай отырып, өмірінің қалай өзгергенін, бір сөйлеммен қорытындылайды .

Қосымша №5

«Қатені тап»

1-топ тапсырмасы: мәтіннің кез келген үзіндісін әңгімелеп жаз.

2-топ тапсырмасы: Мәтін үзіндісін құрастыр. Шашыраңқы сөздер ретін құрастыр.

3-топ тапсырмасы: Мәтін мазмұны бойынша бірнеше сұрақтар құрастыр. Тапсырмалар жазылып болған соң, топтар бір-бірінің қателерін тауып, түзетулері керек.

Бағалау:

Қосымша №6

5-тапсырма

«Оқиға картасы»

1.мінез-құлқы

2. іс-әрекеті

4.сюжеттің дамуын болжау

3.оқиға барысы

Рефлексия

«Блоб ағашының» суреті:


Құрметті оқырман! Файлдарды күтпестен жүктеу үшін біздің сайтта тіркелуге кеңес береміз! Тіркелгеннен кейін сіз біздің сайттан файлдарды жүктеп қана қоймай, сайтқа ақпарат қоса аласыз! Сайтқа қосылыңыз, өкінбейсіз! Тіркелу
Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:


Қарап көріңіз 👇



Жаңалықтар:
» Айлакер-алаяқтар интернетте делдалдарды қалай және қандай мақсатпен іздейді 26.11.2022
» Түркия: Ыстанбұлда тағы жарылыс 17.11.2022
» Қазақстандықтар тісін тегін емдете алады: Шарттары қандай? 08.11.2022

Пікір жазу



Келесі мақала, жүктелуде...
Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы