Шығармадағы оқиғаны болжау Ж.Әлмашев «Күн тәртібі» Нұсқаулық. 3 сынып. Әдебиеттік оқу


 Бөлім: Уақыт

 Сабақ тақырыбы: Күн тәртібін жасаймын (Ж.Әлмашев «Күн тәртібі»)

 Оқу мақсаттары:

 3.1.3.1 шығармадағы кейіпкерлердің мінез-құлқы мен іс-әрекетіне, ондағы оқиғаларға сүйеніп, сюжеттің дамуын болжау

 3.2.5.1 көркем шығармадағы оқиғаның басталуын, дамуын және аяқталуын анықтау

 3.2.6.1 кейіпкерлердің портретін сипаттау, оның іс-әрекеті, мінез-құлқының өзгеру себептерін мәтіннен тауып, бағалау

 

 Сабақ мақсаттары:

 Барлық оқушылар: шығармадағы кейіпкердің мінез-құлқы мен іс-әрекетіне,оқиғаларға сүйеніп сюжеттің дамуын болжайды, кейіпкерлердің портретін сипаттайды, оқиғаның басталуын, дамуын, аяқталуын біледі.

 Көптеген оқушылар: шығармадағы кейіпкерлердің мінез-құлқы мен іс-әрекетіне, ондағы оқиғаларға сүйеніп, сюжеттің дамуын болжайды, көркем шығармадағы оқиғаның басталуын, дамуын және аяқталуын анықтайды, кейіпкердің іс-әрекетін бағалай отырып сиптаттайды.

 Кейбір оқушылар: шығармадағы кейіпкерлердің портретін сипаттайды, оқиғаның басталуын, дамуын, аяқталуын анықтайды, кейіпкерлердің іс-әрекеті, мінез-құлқының өзгеру себептерін мәтіннен тауып бағалайды, өз ойың өмірмен байланыстыра дәлелдейді.

 Бағалау критерийлері:

  •  Кейіркердің іс- әрекетіне сүйеніп, сюжеттің дамуын болжайды;
  •  Кейіпкердің іс – әрекетін, мінез – құлқын сипаттайды;
  •  Кейіпкедің іс – әрекетіне баға береді;
  •  Оқиғаның басталуын, дамуын, аяқталуын анықтайды;

 

 Сабақ барысы

І.Сабақтың басы

  Сабақтың басында ширату жаттығуы «Венн диаграммасы» әдісі арқылы орындалады.

 (Ұ) Тақтаға «Венн диаграммасы» ілінеді. Оқушыларға мәтінде кездескен қарама–қарсы сөздерді тауып жазу тапсырылады. Жазған сөздерін бірігіп оқуға ұсынылады. Оқушылар сөздерді оқып, ортақ деп санаған сөздерді тауып, сабақ тақырыбын тұжырымдайды. Мысалы: жақсы, жаман, үздік, нашар, ойын ......

 Оқушылармен бірге жазылған сөздер қорытындыланады.

 -Бұл сөздердің адамның мінез-құлқы мен іс-әрекетіне байланысты болуы мүмкін бе?

 Қорытындылау негізінде сабақтың тақырыбы мен оқу мақсаты анықталады.

 Оқу мақсатын хабарлау:

 Шығармадағы кейіпкерлердің мінез-құлқы мен іс-әрекетіне, ондағы оқиғаларға сүйеніп, сюжеттің дамуын болжай отырып, оқиғаның басталуын, дамуын және аяқталуын анықтап, кейіпкерлердің портретін сипаттап, оның іс-әрекетін, мінез-құлқының өзгеру себептерін мәтіннен тауып, бағалаймыз.

 Бағалау критерийімен таныстыру.

 

ІІ. Сабақтың ортасы

 Оқушылардың белсенді оқу тәсілдерін арттыру мақсатында оқулықтағы мәтінмен танысады.

 1-тапсырма

 (Ұ;Т) «Кейіпкерлер әлемі» әдісі қолданылады.

 Ж.Әлмашев «Күн тәртібі» әңгімесін «Бірлескен оқылым» тәсілімен оқып, үш бөлімге бөліп сұрақ құрастыру ұсынылады.

 Шарты: оқушылар үш топқа бөлінеді. Әр топ бір-бірлеріне әңгіме мазмұныны бойынша оқиғаның басталуын, дамуын және аяқталуын анықтауға байланысты сұрақтар қояды. Сұрақтардың мазмұны шығарма кейіпкерлерімен, орын алған оқиғалармен байланысты болуы керек. Ұтымды сұрақ пен мәнді жауап бағаланады.

 Үлгі сұрақтар:

  • Досалы мектептен үйіне неге көңілсіз қайтты?
  • Сыныптастары неліктен Досалымен дос болғысы келмеді?
  • Досалы өзіне қандай ой түйді?

 Оқу мақсатына сәйкес кейіпкердің мінез-құлқын сипаттап, іс-әрекетіне баға беруде, сын тұрғысынан ойлау дағдылары дамытылады. Кейіпкердің мінез-құлқы мен іс-әрекетіне баға бере отырып, оларға сипаттама бере отырып, үлкендерге құрмет көрсетуге тәрбиеленеді.

 Саралау: «Қорытынды» тәсілі арқылы оқушылардың қабілеттеріне қарай оқиғаның ретін анықтап, кейіпкерлерге сипаттама беруі әртүрлі болатынын болжанады.

 ҚБ: «Жетістік баспалдағы» әдісі оқушылардың қандай өткен материалды меңгеруге қай баспалдақта тұрғандығын анықтайды.

 

 2-тапсырма

 (Ө)«Допты лақтыру» әдісі

 Негіздеме: Мұғалім доп лақтырып оқылған мәтін мазмұны бойнша кейіпкердің іс-әрекеті мен мінез құлқын бағалауға байланысты сұрақ қояды. Допты қағып алған оқушы сұраққа жауап беріп, өзінің сұрағын қояды. Егер оқушы сұраққа жауап бере алмаса, допты басқа оқушыға береді. Бұл әдіс теориялық сұрақтарды бағалауға, тілдік мақсаттардың орындалуына көмек береді.

Мысалы:

  •  Апасы неге бәйек болды деп ойлайсың?
  •  Досалы неге шайын ішпей жатып қалды?
  •  Досалы сабақ үстінде нені аңғарды?

 

 Саралау: Диалог және қолдау көрсету тәсілі арқылы ұжымның ішіндегі қолдауды қажет ететін оқушыға сөзбен қолдау көрсетемін.

 (ҚБ) «Шаршылар» әдісі

 Жұмысты аяқтағаннан кейін оқушы дәптерге шаршының суретін салады. Егер жұмыс түсініксіз болса, шаршыны қызыл түске бояйды, егер аздап түсінікті болса, сарымен, тақырыпты жүз пайызға түсінгеніне сенімді болса, жасылмен бояйды.

 Сергіту сәті

 3-тапсырма

 (Ұ) «Төрт сөйлем» тәсілі бойынша Ж.Әлмашев «Күн тәртібі»шығармасындағы кейіпкердің мінез-құлқы мен іс-әрекетіне, ондағы оқиғаларға сүйеніп, сюжеттің дамуын болжау тапсырылады. Бұл тәсілді келесі үлгіде орындайды:

 

1. пікір

Досалының мінез-құлқы мен іс-әрекеті бойынша өзіндік пікірін бір сөйлеммен жазады.

2. дәлел

Мәтіндегі оқиғаларға сүйеніп өз күн тәртібін жазады

3. мысал

Мәтіндегі оқиғаларды өмірмен байланыстырып, бір сөйлеммен мысал келтіреді.

4.қорытынды

Досалыға күн тәртібін жасай отырып, өмірінің қалай өзгергенін, бір сөйлеммен қорытындылайды .

 Педогогикалық тәсілдемеге сүйене отырып, ширату жаттығуы кезінде оқушылардың коммуникативтік қарым-қатынас жасау дағдыларын дамытамын, ұжыммен жұмыс болғандықтан ынтымақтастық құндылығы дарытылады.

 Саралау: «Қорытынды» тәсілі бойынша оқиға желісін болжай отырып, өз пікірін айтуда әртүрлі дәлелдемелер жасалуы мүмкін. Әңгіме құрастыруда әртүрлі деңгейлі оқушылардың қабілеттерін ескере отырып, жұмыстар қабылданады.

 (ҚБ) дескриптор бойынша бағалау.

  •  кейіпкерге қатысты пікір білдіреді;
  •  тақырыпқа байланысты мысал келтіре алады;
  •  кейіпкердің іс – әрекетіне баға бареді.

 4-тапсырма

 ; МК) «Қатені тап» әдісі

 Ойын шарты:

 Үш топқа өз қалаулары бойынша бөлінеді. Әр топ өз тапсырмасын алады. Тапсырманы орындауға белгілі уақыт беріледі.

 1-топ тапсырмасы: мәтіннің кез келген үзіндісін әңгімелеп жазу арқылы ұсыну. Әңгімелеуде міндетті түрде 1-2 қате болуы керек.

 2-топ тапсырмасы: мәтіннен бір үзіндіні шашыраңқы сөздер ретінде жазу керек.

 3-топ тапсырмасы: мәтін мазмұны бойынша бірнеше сұрақтар құрастыру керек. Сұрақтарда 1-2 қате болуы керек. Тапсырмалар жазылып болған соң, топтар бір-бірінің қателерін тауып, түзетулері керек.

 Саралау: Диалог және қолдау көрсету тәсілі арқылы топтың ішіндегі қолдауды қажет ететін оқушыға мәтін мазмұнына байланысты жетелеуші сұрақтар қоя отырып қолдау көрсетемін.

 (ҚБ) Бас бармақ» әдісі бойынша жүргізіледі. Барлығы дұрыс орындалса бас бармақ, кемшіліктер болса бас бармақты бүйірге, мүлдем келіспесе бас бармақты төмен қаратады.

ІІІ.Сабақтың соңы

 5-тапсырма

 (Т) Әр топқа «Оқиға картасы» әдісі арқылы мәтін мазмұны бойынша негізгі оқиға желісін болжап, жалғастырып әңгімелеу тапсырылады.

 «Оқиға картасы» үлгісі

  • 1.мінез құлқы
  • 2. іс-әрекеті
  • 4.сюжеттің дамуын болжау
  • 3.оқиға барысы

 Саралау: «Қорытынды» тәсілі бойынша оқиға желісін болжай отырып, жалғастырып әңгімелеуде әртүрлі дәлелдемелер жасалуы мүмкін. Әңгіме құрастыруда әртүрлі деңгейлі оқушылардың қабілеттерін ескеріле отырып, жауаптар қабылданады.

 (ҚБ). Топтар бірін бірі ауызша бағалайды. «Өте жақсы!», «Тамаша!», «Керемет!», «Жақсы!».

 Рефлексия

 «Блоб ағашы» әдісі арқылы оқушылар өздеріне кері байланыс жасайды.

 Оқушылар сабаққа «Блоб ағашы» әдісіне сүйене отырып, бүгінгі сабақты қандай деңгейде түсінгенін қағаз бетіне түсіреді.

 Оқушылар өз-өздерін бағалау арқылы азаматтық жауапкершілікке тәрбиеленеді.

 Үйге тапсырма беру. Күн тәртібін құру.

 

 Ескерту. Сынып оқушыларының ерекшелігіне байланысты мұғалім тапсырмаларды ауыстырырып бере алады.

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?
Пікір жазу