алу
👈 қаріп өлшемі 👉
қосу

Шығармадағы оқиғаны болжау. Қ. Мырза- Әли «Екінші мамандық». Әдебиеттік оқу, 4 сынып, дидактикалық материал.


Қосымша 1

  • Жансыз жарады,

Жанды ұрады. (Балта)2) Есiктегi құлыпқа,

Ұя жасау — өнерiм.

Шаңырақтан уыққа

Үңгiр қазып беремiн.   (Қашау)

3)Сүбелі, бүйірі бар, қабырға жоқ,

Жүреді екі қолымен омыртқа жоқ,

Ал өзі өмір бойы жер баспайды,

Бақай, тірсек, тілерсек, тобық та жоқ. (Оқтау)

Қосымша 2

С

А

Й

М

Қ

А

Н

У

А

Л

Б

Р

А

Е

Г

Е

Т

О

А

Л

Ш

Л

П

Ң

А

К

Л

Т

А

П

Н

Б

О

Қ

Т

А

У

Ш

Ы

Е

А

Д

А

Ы

Д

В

Е

К

М

А

М

А

Н

Д

Ы

Қ

Қосымша 3

Екінші мамандық

(мысал өлең)

-Мен, балтамын, балтамын,

Еңбек күйін тартамын.

Екінші бір мамандық

Алмағанға бар таңым.

Жаз ба, күз бе, қыс мейлі,

Шебер қолдан түспеймін.

Балға жоқта балғаның

Қызметін де істеймін.

Бұл әңгіме тосын – ды.

Оған Оқтау қосылды:

-Бар екінші өнерім-

Қолдаймын мен досымды.

Тек нан илеп қоймаймын,

Мен де көп ой ойлаймын.

Тоқпақ болып тентектің

Төбесінде ойнаймын!

-Екінші өнер керемет!

Маған да сол керек ед.

Икемделдім,- деп қойды

Кресло- кереует...

-Алса қолға шеберің,

Болмас маған теңерің.

Неше түрлі ағашты

Қашау- менің өнерім,-

Деді Қашау,- Ғұрыпты

Бұзбай атам жүріпті.

Ал мен болсам қосымша,

Бұрай алмай шрупты!

-Көкке қолын жайғандар,

Ойланыңдар, ойлаңдар!-

Деді екінші мамандық

Алған құрал –саймандар.

Қ.Мырза - Әли

Қосымша 4

Қадыр Ғинаятұлы МырзалиевҚадыр Мырза Әлі (5 қаңтар 1935 жылЖымпитыОрал облысы - 24 қаңтар 2011 жылАлматы) — ақын, Қазақстанның халық жазушысы (1995)

Әнге арнап жазылған өлеңдерінің саны екі жүзден асты. Олардың көбі халыққа кең тарады, «Күндер-ай» атты жеке кітап болып басылып шықты. Талантты ақын қаламынан халық фольклорының атақты күлдіргі кейіпкері Алдар көсе жайлы «Сақал саудасы», «Қасқыр қақпан» шығармалары да жарық көрді. Тұңғыш жинағы «Көктем» 1959 жылы жарық көрді.

Қадыр Мырза Әлі көркем аударма саласында да жемісті еңбектері көп. Әлемдік әдебиет ғүламаларының талайының шығармаларын ол қазақ тіліне аударады. Ал өзінің біраз топтамалары мен таңдаулы өлеңдері ағылшынфранцузнемісполякболгарвенгерфин тілдеріне аударылды.

Кітаптары

  • «Жаңғалақтар» (1960);«Кішкене қожанасырлар» (1961);«Данышпан» (1961);«Ноян-қоян» (1962);«Алуан палуан» (1963); «Сабақ» (1964).

Жыр жинақтары

  • «Ой орманы» (1965);«Дала дидары» (1966);«Ақ отау» (1968);«Домбыра» (1971);«Көш» (1973);
  • «Жерұйық» (1976);«Алақан» (1977);«Қорамсақ» (19801981);«Қызыл кітап» (1983);«Күміс қоңырау» (1970 — 1985);«Мәңгі майдан» (1993);«Биік баспалдақ» (1993);«Үкілі үзінділер» (1996);«Алаштың арманы» (2001);«Жазмыш» (2001);«Еңіреп өткен ерлер-ай» (2001);
  • «Иірім» (2004);«Шырғалаң» (2004);«Алмас жерде қалмас» (2004).

Қосымша 5

БАЛТА ОҚТАУ ҚАШАУ

Балта — ағашпен жұмыс істегенде шабуға, жаруға қолданылатын өткір жүзді, металдан жасалған ағаш сапты шапқыш құрал. Жұмыстың ыңғайына, пайдаланылуына қарай балтаның да бірнеше түрі бар: жуан дөңбектерді жаруға арналған балтаны шой балта (шүй балта); шеберлер ұстайтын жүзі өткір ақ балта; отын жаруға пайдаланылатын қарапайым қара балта; шотбалта - бір жағы шот, бір жағы балта сияқты жасалған, шабуға, жаруға және ұсақтап, жұқалап шабуға болатын құрал; ағашты оя шабуға арналған жүзі қобылай қуыс соғылған қуыс балта. Қазақы ортада ағаш ұсталарын балташы деп те атаған.

Қашау

— 1) темір кесуге арналған, жүзі бар құрал. Қол қашау және механикаландырылған қашаулар бар; Адам баласы бұл құралды ертеден бері қолданыл келеді. Шақпақтастан жасалған Қашау жоғары палеолит дөуірінен белгілі. Қашау тісті немесе өткір жүзді болып келеді. Қола дәуірінде қола Қашау темір дәуірінде темір Қашау, орта ғасырларда болат Қашау қолданылып, көптеген халықтардың қолөнерін дамытуға септігін тигізғен.[1]

- 2) ағаш тесуге арналған құрал; басы қатты темірден жасалып, бір ұшынан қиялап жонып жүз шығарылады. Қашау жұмыр ағашпен сапталады. Қашаудың мөлшері қолданылатын орнына байланысты әр түрлі болып келеді.[2]

Оқтау – қамыр жаятын жылтыр ағаш білікше.[1] Ұзындығы 1 м, диаметрі 2,5 – 3 см шамасында. Жайылған қамыр қалыңдығы біркелкі болуы үшін оқтаудың сырты біртегіс жасалады. Сондай-ақ жуылған матаны жаймалайтын және осы бітімдес әр түрлі мақсаттарға қолданылатын ағаштарды да кейде оқтай деп атай береді.

Қосымша 6

АТАУЛАРЫ

ҚЫЗМЕТІ

ЕКІНШІ МАМАНДЫҒЫ

Балта

Қашау

Оқтау

АТАУЛАРЫ

ҚЫЗМЕТІ

ЕКІНШІ МАМАНДЫҒЫ

Балта

ағашпен жұмыс істегенде шабуға, жаруға қолданылатын өткір жүзді, металдан жасалған ағаш сапты шапқыш құрал.

Балға жоқта шегені қағады

Қашау

темір кесуге арналған, жүзі бар құрал.

Шрупты бұрайды

Оқтау

қамыр жаятын жылтыр ағаш білікше.[1]

Тентектер тыңдамаса төбелерінде ойнайды

Қосымша 7

Өлеңнен үзінді

Кейіпкерлері

Жаз ба, күз бе, қыс мейлі,

Шебер қолдан түспеймін.

Балға жоқта балғаның

Қызметін де істеймін.

Тек нан илеп қоймаймын,

Мен де көп ой ойлаймын.

Тоқпақ болып тентектің

Төбесінде ойнаймын!

Кресло- кереует...

-Алса қолға шеберің,

Болмас маған теңерің.

Неше түрлі ағашты

Бұзбай атам жүріпті.

Ал мен болсам қосымша,

Бұрай алмай шрупты!

1. Мен сабақ қызықты /қызықсыз болды деп ойлаймын.

2.Мен сабақта көп нәрсені үйрендім /үйренгенім аз болды.

3. Мен басқаларды мұқият / зейінсіз тыңдадым.

4. Мен өз ойымды жиі/ сирек айттым.

5. Мен сабақтағы өз жетістіктеріме ризамын/ риза емеспін.

АТАУЛАРЫ

ҚЫЗМЕТІ

ЕКІНШІ МАМАНДЫҒЫ

Балта

Қашау

Оқтау

[attachment=26530:did_-mater__shyarmaday-oiany-bolzhau.docx]
Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:


Қарап көріңіз 👇



Жаңалықтар:
» Оқушылардың соңғы қоңырау мерекесі 1 маусымда өтеді 05.02.2023
» Ультракүлгін лак кептіргіштер қатерлі ісік ауруын тудыруы мүмкін 02.02.2023
» Қазақстанға 5G қашан келеді? 28.01.2023

Пікір жазу



Келесі мақала, жүктелуде...
Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы