Денің сау болсын десең (Дүниетану, 1 сынып, IV тоқсан)

 Денің сау болсын десең (Дүниетану, 1 сынып, IV тоқсан)

Пән: Дүниетану
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Дені саудың- жаны сау»
Сабақ тақырыбы: Денің сау болсын десең
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 1.1.4.1 Жеке бас гигиенасын сақтау маңыздылығын дәлелді түрде түсіндіру
Сабақ мақсаттары: Оқушылар дене тазалығы туралы біліп, түрлерін ажырата алады. Өз беттерімен ереже құрастырады.

1. Ұйымдастыру
Психологиялық ахуал
Балалар шеңбер бойынша отырады. Мұғалім еденге қима қағаздарда бейнеленген күннің, гүлдің, бұлттың, жаңбырдың суреттерін тастайды. Оқушылар тұрып, өз көңіл-күйлеріне сәйкес суреттерді таңдап алып, орындарына отырады. Неліктен бұл суретті таңдап алғандары туралы айтады.
ІІ. Сабақтың тақырыбы мен мақсаттарын анықтау.
Мұғалім оқушыларға жұмбақтар жасырады.
Жұмбақтарды шешу:
• Ертемен күнде сен, қолына сүйкесең.
Кетер кір ласың, тап – таза боласын. Бұл не? ( Сабын)
• Шомылған баланы аймалап алады.
Суртеді қолынды, суртеді дененді. Бұл не? ( Сүлгі)
• Қолы жоқ, сөзі жоқ, бірақ та тісі бар,
Басыңмен ісі бар. Бұл не? ( Тарақ)
• Иілсең иіліп, түйілсең түйіліп.
Қарайды кісіге, ұқыпты ісіне. Бұл не? ( Айна)
-Осы заттар адамдарға не үшін керек?
-Сондықтан, біз бүгін сабақта не туралы айтамыз деп ойлайсыңдар?
ІІІ. Ой шақыру.
«Мойдодыр» фильмінен үзінді көрсету.
Сұрақ:
-Заттар неге баладан қашып кетті.
-Ол баланы қалай атауға болады.
-Ол балаға ұқсамайтындай, не істеуіміз керек?
Оқушылар топ ішінде талқылап, қорытындыларын айтады.
ІҮ. Зерттеу жұмысы.
-Балалар, қазір біз бір тәжірибе жасаймыз. Сендердің алдарында айналар жатыр. Сендер саусақтарыңмен маңдайларынан сипап, айнаның үстінен жүргізіңіздер.
-Не байқадыңдар?
Қорытынды: Шынының үстінде дақ қалады. Ол кір. Бұл май мен адамнан шығатын тер.Май адамның терісін жұмсақ қылады. Адамнан термен бірге ұлы заттар шығады. Сол шыққан май мен терге шаң-тозаңдар жабысады. Олардың барлығы микробтарға айналады.
-Қалай, ойлайсыңдар микробтар тек адамның терісінде ған бола ма? Тағы қай жерде болады?........

Материалдың толық нұсқасын жүктеу үшін сайтымызға тіркеліңіз!!!

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:

Қарап көріңіз:

Пікір жазу

Келесі мақала жүктелуде...