Функция графигінің ойыс-дөңестігі және иілу нүктелері 1-сабақ (Алгебра, 10 сынып, IV тоқсан)

 Функция графигінің ойыс-дөңестігі және иілу нүктелері 1-сабақ (Алгебра, 10 сынып, IV тоқсан)

Пән: Алгебра
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 10.4А Туындының қолданылуы
Сабақ тақырыбы: Функция графигінің ойыс-дөңестігі және иілу нүктелері 1-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 10.4.1.31 - функция графигінің иілу нүктесінің анықтамасын және функция графигінің аралықтағы дөңестігінің (ойыстығының) қажетті және жеткілікті шартын білу,
10.4.1.32 - функция графигінің дөңес (ойыс) аралықтарын таба білу;
Сабақ мақсаттары: Функция графигінің дөңес (ойыс) аралықтарын табуға есептер шығару.

1. Оқушылармен амандасу.
2. Сабақтың тақырыбы мен мақсаттарын қою.
3. Үй жұмысын тексеру.
4. Өткен тақырыптарды қайталап, толықтыру
 Презентация бойынша қайталау жұмыстары бойынша Сәйкестендіру
5. Жаңа тақырыпты түсіндіру
Графиктің дөңес-ойыс болуы
Қисық х = а нүктесінде жоғарға дөңес деп аталады,
егер ол а нүктесі маңында өзінің осы нүктедегі жанамасынан төмен жатса.
. Қисық х = а нүктесінде төменге ойыс деп аталады,
егер ол а нүктесі маңында өзінің осы нүктедегі жанамасынан жоғары жатса
Функцияның дөңес –ойыс болу аралықтарын қалай анықтауға болады?
Егер у = f (х) функциясының екінші ретті туындысы берілген аралықта оң болса, онда оның графигі осы аралыұта ойыс, ал теріс болса, осы аралықта қисық дөңес болады.
Функцияның графигінің ойыстықтан дөңестікке, немесе керісінше, дөңестіктен ойыстыққа ауысатын нүктесін иілу нүктесі дейді.
Функция графигінің дөңес-ойыстығын анықтау ережесі:
Табу керек:
1. Екінші ретті туындыны
2. Оның нөльге тең болу немесе жоқ болу нүктелерін;
3. Анықталу обылысының осы нүктелермен бөліну аралықтарын;
4. Әр аралықта екінші ретті туындының мәнін;
Егер f '‘(х) < 0, онда қисық дөңес,
егер f '‘(х) > 0 – ойыс.
5. Ұжымдық жұмыс -Тақырыпты бекіту мысалдары .
Функцияның ойыс, дөңес болу аралықтарын және иілу нүктелері табыңыз:
1. у = х³ - 12х + 4; 2. у = ¼ х4 – 3х²/2......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 585



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!