10-сынып алгебра курсын қайталау (1-жартыжылдық) (Алгебра, 10 сынып, IV тоқсан)

 10-сынып алгебра курсын қайталау (1-жартыжылдық) (Алгебра, 10 сынып, IV тоқсан)

Пән: Алгебра
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 10-сынып алгебра курсын қайталау
Сабақ тақырыбы: 10-сынып алгебра курсын қайталау (1-жартыжылдық)
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 10.2.3.17 - қарапайым тригонометриялық теңсіздіктерді шеше алу;
10.2.3.18 - тригонометриялық теңсіздіктерді шеше алу;
Сабақ мақсаттары: 10-сынып бойынша алгебра курсының бөлімдерін қайталау.
10.1А бөлімі: Функция, оның қасиеттері және графигі
10.1В бөлімі: Тригонометрикалық функциялар
10.1.С бөлімі: Кері тригонометрикалық функциялар
10.2.А бөлімі : Тригонометрикалық теңдеулер
10.2.В бөлімі : Тригонометрикалық теңсіздіктер.
10.2.С бөлімі : Ықтималдық

1. Ұйымдастыру кезеңі.
Мұғалім оқушылармен амандасып, оқушылардың сабаққа дайындығын тексереді.
Оқушылар мен мұғалім бірлесе, 10-сыныптың 1-жартыжылдығында алгебра курсынан өткен материалдарға талдау жасайды. Оқушылар тізбектей келесі бөлімдердегі негізгі ұғымдарды, тұжырымдарды немесе формулаларды талдайды:
• 10.1А бөлімі: Функция, оның қасиеттері және графигі
• 10.1В бөлімі: Тригонометрикалық функциялар
• 10.1.С бөлімі: Кері тригонометрикалық функциялар
• 10.2.А бөлімі : Тригонометрикалық теңдеулер
• 10.2.В бөлімі : Тригонометрикалық теңсіздіктер.
• 10.2.С бөлімі : Ықтималдық

Мұғалім сабақ тақырыбы мен сабақ мақсатын айтады. Мқғалім бағалау критерийін айтады.
2. «Функция, оның қасиеттері және графигі» бөілімін қайталау.
Үш оқушыдан тұратын топқа №1 тапсырманы орындау ұсынылады. Мұғалім оқушыларды сырттай бақылай жүріп, қателесіп жатқан оқушыларды түзету жасайды. Егер барлық оқушыларға қиындық туған тапсырма болса, оқушылармен бірге тақтада талдайды. Тапсырмаларды орындап болған соң, үш оқушы бір-біріне бағалау жүргізіп, кері байланыс жасайды.
Бағалау критерийі:
Оқушылар
Функцияның графигі арқылы:
 функцияның анықталу облысын анықтайды.
 функцияның мәндер облысын анықтайды.
 функцияның шектерін анықтайды.
 функцияның периодтылығын анықтайды.
 функцияның жұп (тақтылығы).
 функцияның монотондылық аралықтары, экстремумдары.

«Тригонометриялық функция бөлімін қайталау».
Мұғалім оқушылармен бірге у = sinx және y = tgx тригонометриялық функциялардың қасиеттерін қайталайды. Оқушылар у = соsx және y = сtgx функцияларының қасиеттерін өздері анықтайды.

3. «Кері тригонометриялық функциялар» бөлімін қайталау.
Мұғалім мен оқушылар бірге кері тригонометриялық функциялардың қасиеттерін қайталайды. №2,№3 тапсырмаларды орындайды, №2 тапсырма ауызша, №3 тапсырма жазбаша орындалады.
Мұғалім оқушылардың жұмысын критерий бойынша анықтап, кері байланыс береді.
Бағалау критерийі:
Оқушылар
 Кері тригонометриялық функциялардың мәндерін дұрыс анықтайды.
 Кері тригонометриялық функциялардың мәндерін дұрыс есептейді.

4. «Тригонометриялық теңдеулер» бөлімін қайталау.
Оқушылар мұғаліммен бірге қарапайым тригонометриялық теңдеулердің шешу жолдарын қарастырады. №4 тапсырманы жұпта орындайды.
Мұғалім оқушылардың жұмысын критерий бойынша бағалап, кері байланыс береді.
Бағалау критерийі
Тригонометриялық өрнектерді дұрыс түрлендіреді.
 Тригонометриялық теңдеулерді қарапайым тригонометриялық теңдеулерге келтіреді.
 Қарапайым тригонометриялық теңдеулерді шығарады.
 Шартты қанағаттандыратындай теңдеудің түбірлерін көрсетеді.......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 531



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!