Әлемдік мәдениеттің дамуына Орталық Азия халықтарының қосқан үлесі (Қазақстан тарихы, 10 сынып, І тоқсан)

 Әлемдік мәдениеттің дамуына Орталық Азия халықтарының қосқан үлесі (Қазақстан тарихы, 10 сынып, І тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Орталық Азия және әлемдік өркениет
Сабақ тақырыбы: Әлемдік мәдениеттің дамуына Орталық Азия халықтарының қосқан үлесі
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 10.1.3.1 Орталық Азия халықтарының материалдық мәдениет жетістіктерін талдау арқылы адамзаттың дамуына қосқан үлесін қорытындылау;
10.1.3.2 Орталық Азия халықтарының рухани мәдениеті мен ғылым саласындағы жетістіктерін талдау арқылы адамзаттың дамуына қосқан үлесін қорытындылау.
Сабақ мақсаты: Орталық Азия халықтарының материалдық және рухани мәдениетінің жетістіктерін сипаттау.
1-сабақ (40 минут)
Зерттеу сұрақтары:
 Орталық Азия халықтарының материалдық мәдениетінің өзгешелігі неде?
 Орталық Азия халықтарының материалдық мәдениеті неліктен әлемдік мәдениеттің дамуында ерекше орын алады?

БЫМ Орталық Азия халықтарының мәдениетіне ортақ суреттер топтамасын ұсыныңыз (тәңірлік дін, отқа табыну, шаманизм, ғалымдар әл-Фараби, әл-Хорезми, Ж. Баласағұни, Ұлы Жібек жолының картасы, ою-өрнек, текемет, жылқы, үзеңгі, ыдыс-аяқ, зергерлік бұйымдар, т.б. ).
Т Орталық Азия халықтарының мәдениетінің жетістіктерін анықтау. Оқушылар жетістіктер тізімін дайындауы қажет. Анықталған жетістіктерді материалдық және рухани жетістіктерге топтастыруға беріңіз.
Т Оқушыларға Орталық Азия халықтарының материалдық мәдениет жетістіктері туралы мәтін беріңіз. Мәтінде Орталық Азия халықтарының шаруашылық пен тұрмыс саласындағы, қолөнер, сәулет өнері, бейнелеу мен мүсін өнеріндегі жетістіктері туралы ақпарат қамтылуы керек.
Б Мәтінді оқыған соң алдыңғы жетістіктер тізімін толықтыруға беріңіз. Осыдан соң жетістіктер тізімін шаруашылық және тұрмыс, қолөнер, сәулет және бейнелеу өнері салаларына топтастыру тапсырмасын ұсынып, осы салалар бойынша оқушыларды топтарға бөлуге болады.
Т Әр топ материалдық мәдениеттің өздеріне бөлінген салалары бойынша ең маңызды үш жетістікті анықтайды. Бұл жетістіктерді неліктен маңызды деп есептейтіндігін негіздейді.
1-топ - шаруашылық және тұрмыс
2-топ – қолөнер
3-топ - бейнелеу өнері
4-топ – метал өндіру


Т Жаңа құрылған топтар осы материалдық мәдениет жетістіктерінің арасындағы байланысты көрсететін интеллект карта дайындауы керек. (Мысалы, көшпелі мал шаруашылығы – қолөнер (мал өнімдері – негізгі материал)-...)
Б Қорытындылау
М. Дәптерге Орталық Азия халықтарының материалдық мәдениетінің адамзат мәдениетінің дамуына қосқан үлесін бес сөйлеммен қорытындылаңыз.

2-сабақ(40 минут)
Зерттеу сұрақтары:
 Орталық Азия халықтарының қандай рухани мәдениет жетістіктері әлемдік мәдениеттің дамуында ерекше орын алады?
 Орталық Азия халықтарының ғылым саласындағы табыстарын қалай бағалаймыз?....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 3 672



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі