Қыпшақ хандығы 3-сабақ (Қазақстан тарихы, 6 сынып, ІІ тоқсан)

 Қыпшақ хандығы 3-сабақ (Қазақстан тарихы, 6 сынып, ІІ тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6.2A Х – XІІІ ғғ. Қазақстан территориясындағы мемлекеттер
Сабақ тақырыбы: Қыпшақ хандығы 3-сабақ
Сабақ мақсаты: Қыпшақтардың халықаралық қатынастарға ықпалын талдау негізінде Еуразия тарихындағы орнын бағалау.
Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыларға Қыпшақ хандығы және көршілес мемлекеттердің аумағы белгіленген картаны көрсетіп, келесі сұрақтар бойынша ой талқы жүргізіңіз:
Қыпшақтардың кең байтақ аумақты иеленуінің себептері қандай? Қыпшақ хандарының жүргізген ішкі және сыртқы саясатының нәтижелері туралы қандай болжам жасауға болады?
Сабақтың оқу мақсаттары мен бағалау критерийлерін таныстырыңыз.
Сабақтың зерттеу сұрағы:
• Қыпшақтар қандай елдермен саяси қарым-қатынаста болды?
• Қыпшақ хандарының жүргізген сыртқы саясатының нәтижесі қандай?
• Қыпшақтар ұлан-ғайыр жерге қалай ие болды?
Т 1-тапсырма. Оқушыларды 3 топқа бөліп, келесі тақырыптары бойынша интеллект карта дайындап, қорғау тапсырмасын беріңіз:
1-топ. Қыпшақтардың Хорезм елімен қатынастары
2-топ. Қыпшақтардың Киев Русі және Византиямен қарым-қатынасы
3-топ. Қыпшақтардың әскери өнері
Бағалау (топтар бірін-бірі бағалайды)
Бағалау критерийі: Қыпшақтардың дипломатиялық және әскери саладағы жетістіктерін талдайды.
Дескрипторлар:
Қыпшақтардың Хорезм елімен қарым-қатынастарының екі күшті жағын және екі әлсіз жағын көрсетеді (1-топ);
Қыпшақтардың Киев Русі және Византия елдерімен қарым-қатынастарының екі күшті жағын және екі әлсіз жағын көрсетеді (2-топ);
Қыпшақтардың әскери өнер жетістіктеріне дәлел келтіреді (3-топ);
Жұмысты дайындауда және қорғауда «Ұлы Дала» ұғымын қолданып, қыпшақтарға қатысты мәнін түсіндіру (ортақ).
Оқушылармен бірге дескрипторларды толықтыру жасаңыз. Мысалы:
- Негізгі үш фактінің (дәлелдер) келтірілуі;
- Топ оқушыларының толық қатысуы;
- Қорытынды ойдың ұсынылуы;
- Уақыт регламентін сақтау, т.с.с......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 1 358



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!