Қазақ даласы не себепті «Дешті Қыпшақ» деп аталды? 2-сабақ (Қазақстан тарихы, 7 сынып, ІІ тоқсан)

  Қазақ даласы не себепті «Дешті Қыпшақ» деп аталды? 2-сабақ (Қазақстан тарихы, 7 сынып, ІІ тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7.2A Х – XІІІ ғғ. Қазақстан территориясындағы мемлекеттер
Сабақ тақырыбы: Қазақ даласы не себепті «Дешті Қыпшақ» деп аталды? 2-сабақ
Сабақ мақсаттары: Қыпшақтардың Еуразия тарихындағы орнын анықтап, көрші елдермен қарым-қатынасын талдау, қыпшақтардың қазақ халқының ата-тегі екендігін дәлелдеу.
Ұйымдастыру сәті. Сыныпты топқа бөлу
(Б) Ой шақыру. «Бұрын...бұрын,... қазір...кейін, кейін»
Оқушыларға орта ғасырлық Қазақстанның саяси картасындағы мемлекеттерді көрсетіп сұрақ-жауап арқылы тақырыпқа шығу.
- ХІІІғ дейін Алтай тауынан Қара теңізге дейінгі жерлерді қамтыған мемлекет қалай аталды? (ХІІІғ-дан бұрын бұл мемлекет Дешті-Қыпшақ деп аталды)
- ХІ ғасырға дейін Қазақстан территориясында қандай мемлекеттер болды? (Оғыз, Қимақ, одан бұрын Түрік, Түргеш, Қарлұқ қағанаттары өмір сүрді)
-- Қазір біз оқып жатырған кезең- ХІғ-да Қазақстан территориясының көп бөлігін қандай мемлекет алып жатқан? ( «Шығыс Дешті Қыпшақ»)
-Кейін Дешті Қыпшақтың территориясына қандай мемлекеттердің жерлері енді? (Кейін Дешті Қыпшақтың территориясында Ресей, Украина, Кавказ, Қазақстан мемлекеттері пайда болды)
- Қыпшақтардың мұрагерлері, кейін қыпшақтар территориясын иемденген халық? (Кейін қыпшақтардың мұрагерлері қазақтар пайда болды)
Оқушылар қазақ халқы - қыпшақтардың ұрпағы екенін болжау арқылы сабақ тақырыбын анықтайды.
(М) Сабақтың тақырыбы, мақсаттары мен бағалау критерийлері таныстырылады.
(Б) «Білу және түсіну» дағдысына негізделген
тапсырма-№1 «Сәйкестендір» Жаңа ұғымдармен жұмыс
Сабақ барысында кездесетін жаңа ұғымдардың мағынасын оқушылардың алдын-ала түсінуіне жағдай жасалады. Оқушылар «жұбыңды тап» тапсырмасы бойынша Дешті қыпшақ, яланкуг половшылар, дурут, йетиоба, тоқсоба, бөрілер ұғымдарын тиісінше мағынасымен сәйкестендіреді.
Дешті Қыпшақ – Қыпшақтар даласы;
Яланкуг – құл;
Половшылар – далалықтар;
Дурут – төрт тайпа;
Йетиоба –жеті тайпа;
Тоқсоба – тоғыз тайпалы;
Бөрілер – ең беделді тайпа;
Дескрипторлары:
/Жаңа ұғымдар жазылған карточканы оқушылар мағынасына қарай сәйкестендіру арқылы жұптарын табады/
Зерттеу сұрақтары:
 Қыпшақтардың осындай ұлан-байтақ жерге ие болуының себептері қандай?
 Қыпшақ тайпаларының этникалық ерекшеліктері, шаруашылығы туралы қандай тарихи деректер ақпарат береді?
 Қыпшақтар қандай елдермен саяси қарым-қатынаста болды?......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 696



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі