Ақтамберді Сарыұлы «Күлдір-күлдір кісінетіп» «Балаларыма өсиет» толғаулары 1-сабақ (8 сынып, I тоқсан )

 Ақтамберді Сарыұлы «Күлдір-күлдір кісінетіп» «Балаларыма өсиет» толғаулары 1-сабақ (8 сынып, I тоқсан )

Пән: Қазақ әдебиеті
Бөлім атауы: Дананың сөзі - ақылдың көзі
Сабақтың тақырыбы: Ақтамберді Сарыұлы «Күлдір-күлдір кісінетіп», «Балаларыма өсиет» толғаулары 1-сабақ
Оқу мақсаты: Б/С4.Шығарма бойынша жазылған әдеби сын-пікірлерге сүйене отырып, өзіндік сыни пікір жазу.
Сабақ мақсаты:
Оқушылар:
Шығарма бойынша жазылған әдеби сын -пікірлерге сүйене отырып, өзіндік сыни пікір жазады.
Сабақ барысы:
1.Миға шабуыл
«Өз жауабыңды көрсет» әдісі
Оқушыларға Ақтамберді Сарыұлы «Күлдір-күлдір кісінетіп», «Балаларыма өсиет» толғауларына байланысты айтылған сын-пікірлер таратылады. Оқушылар сын-пікірлерді алдымен жеке оқып шығады. «Өз жауабыңды көрсет» тәсілімен жұптасып, сын- пікірлерге қатысты қарапайым ойлар мен терең ойға негізделген сұрақтар құрастырып, талдайды. Жұппен талдап болғаннан кейін екінші жұппен топқа бірігеді. Бір топта төрт оқушы болуы керек. Топ мүшелері «Сұрақ? Жауап» тәсілі арқылы пікір алмасып, топтағы бір оқушы ортақ ойды сынып алдында мазмұндап айтады.Талдау аяқталған соң мұғалім сабақтың тақырыбы мен мақсатын сынып оқушыларымен бірлесе отырып анықтайды. Сабақ барысында мақсатты нәтижеге жету үшін тапсырмалар бойынша бағалау критерийін жасайды.
Бағалау критерийі Дескриптор
Шығарма бойынша жазылған әдеби сын -пікірлерге сүйене отырып, өзіндік сыни пікір жазады. • Шығарма бойынша жазылған сын-пікірлерді салыстырады;
• Жазылған сын-пікірлерге сүйеніп сыни пікір жаза алады.
2.Қызығушылығын ояту
1-тапсырма
"Әңгіме кестесі»
Сынып оқушылары жұппен шығарма негізінде «Әңгіме кестесін» толтырады.
Толғау тақырыбы Толғаудағы құндылықтар Тақырыпқа сай қандай сын-пікірлерді келтіре аласыз? Өз көзқарасыңыз. Толғаудан қандай қорытынды шығаруға болады?
2-тапсырма
«Сұрақ қою, қайта сұрақ қою» әдісі
1-қадам. Шығарманың мазмұнына сұрақтар дайындау;
2-қадам. Оқушылар оқығандары бойынша бір-біріне сұрақтар қояды және талқылайды. Оқушылар «Ыстық орындық» немесе «Жарық астындағы оқушылар» стратегиясы арқылы белгілі әдебиеттанушы рөліне ене отырып, басқа оқушылардың сұрақтарына жауап береді. Әрбір оқушының белгілі бір әдебиет сыншысы ретінде өз сыныптастарының сұрақтарына жауап беруге мүмкіндіктері бар:
• Кейіпкердің ойы мен сезімі
• Уақыт және оның олар үшін маңыздылығы
3. Мағынаны тану
3-тапсырма « Жолдар..., Анықтау..., Талдау...,» әдісі
Оқушыларға тапсырма орындамас бұрын газет-журналдардан алынған «Жырау шығармашылығының тақырыптық және көркемдік» тақырыбындағы ақпарат таратылады. Оқушылар Ақтамберді толғауларына байланысты ақпараттармен танысып болғаннан кейін мұғалім үстелінің үстінен қызыл, жасыл, көк, сары түсті үлестірме қағаздарды таңдап алады. Өздері таңдап алған қағаз түстеріне байланысты төрт топқа бөлінеді. Интерактивті тақтадан немесе флипчартқа жазылған «Ақтамберді –тарихи тұлға», «Қоңыраулы найза қолға алып», ««Күмбір- күмбір кісінетіп» толғауы –патриоттық туынды», «Толғауы тоғыз ханды түзеткен» тақырыптары көрсетіледі. Әр топтан бір оқушы шығып тақырып таңдап алады. Топ мүшелері толғауды бірінші тақырыптармен салыстырып анықтайды, содан кейін әртүрлі ақпарат көздерінен жазып алған деректермен байланыстыра отырып талдап, қорытынды ойларын тақырыпты таңдап алған оқушы келесі топқа барып айтады. Осылайша барлық топ бір-бірінің жұмыстарын тыңдап, ой бөліседі.
Қабілеті жоғары оқушы тақырыпты анықтап, деректермен байланыстырады, қабілеті орта оқушы қорытынды ойды келесі топқа баяндап жеткізеді.
4. Бекіту
4-тапсырма
Оқушылар алдыңғы тапсырмада бөлінген топтарымен отырады. Топтағы әр оқушы «Сенің білгің келетін сұрақтар?» әдісі бойынша толғау ойынша үш түрлі сұрақ құрастырады. Үш сұраққа «5-5-1» әдісі бойынша бірінші бес сөйлем құрастырады. Екінші бес сөйлемді бес сөзге қысқартады, үшінші бес сөзді бір сөзге қысқартады. Сабақ қорытындысында оқушылар «Пирамида» тәсілі бойынша :
1. Cенің сұрақтарың...,
2. Сенің есіңе бүгінгі күнді түсіретін ойлар...,
3. Сенің бүгін білгенің…» тіркестері бойынша қорытынды жасап, өзін- өзі бағалайды.
5.Салыстыру
5-тапсырма «Бірдей... Әртүрлі?» тәсілі
Оқушылар алдыңғы тапсырмада бөлінген топтарымен отырады. Тапсырманы орындау барысында «Бірдей... Әртүрлі?» тәсілі қолданылады Топ мүшелері алдымен шумақтарды жеке таңдайды. Содан кейін жұппен шумақтарды салыстырады. Топтағы оқушылардың таңдаған шумақтары бірдей болуы мүмкін, барлығы өздері таңдаған шумақтарды бірінші топта жеке-жеке оқып шығады. Оқып болғаннан кейін алдыңғы тапсырмада таңдап алған тақырыптары бойынша толғауға сын-пікір жазады. Әр топтан бір оқушы ортаға шығып, толғау бойынша жазған сын- пікірін оқиды. 4 оқушы пікірлерін оқып тұрғанда қалған оқушылар ерекше әсер берген жолдарды
Ерекше әсерлі пікірлер қандай жағдайды сипаттайды ұмытылмайтын тұстар кейіпкердің ойы мен сезімі сенің ойың мен сезімің
- деген кесте бөліктеріне жазып отырады. Кесте интерактивті тақтадан көрсетіледі. Интерактивті тақтадан көрсетуге мүмкіндік болмаса оқушылар анық көретіндей етіп флипчартқа сызып, тақтаға іліп қоюға болады.
6.Бағалау.
Шығарманың ұнаған және ұнамаған тұстарын есіңе түсіріп, жеке «Ішкі және сыртқы» кестеге толтыр. Ақтамберді Сарыұлы «Күлдір-күлдір кісінетіп», «Балаларыма өсиет» толғаулары бойынша «ішкіге» – шығарма бөліктерінің өзі келісетін, ұнаған тұстары, «сыртқыға» – өзіне ұнамаған, қарсы пікірі жазылады.
ішкі сыртқы
Оқушылар жұмыстарын аяқтағаннан кейін сабақтың басында өздері бірлесіп жасаған бағалау критерийі бойынша топтық бағалау жасайды.
Мұғалім қабілеті орташа оқушыларды спикер болуға бағыттайды. Қабілеті жоғары оқушылар олардың жауаптарына толықтыру енгізіп, кері байланыс беріп қорытынды жасайды.....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 1 676



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?