Астана – мәдениет пен өнер ордасы Неологизм (6 сынып, II тоқсан )

 Астана – мәдениет пен өнер ордасы Неологизм (6 сынып, II тоқсан )

Пән: қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Астана – мәдениет пен өнер ордасы
Сабақтың тақырыбы: Астана – мәдениет пен өнер ордасы. Неологизм
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) Т/А6.1.2.1 - әлеуметтік-мәдени, ресми-іскери тақырыптарға байланысты диалог, монологтердегі (хабарландыру, жаңалық) көтерілген мәселені талдау
6.4.3.1. неологизм, термин, диалект сөз, кәсіби сөздердің қолданыс аясын түсіну және ажырата білу
Сабақтың мақсаттары: Тақырыпқа байланысты мәтіннің мазмұнын игереді, көтерілген мәселені түсінеді, талдау жасайды.
Сабақ барысы: Мұғалім сабақтың тақырыбын анықтау үшін оқушыларға сабақ презентациясында берілген суретті көрсетеді. Оқушылар сурет арқылы сабақ тақырыбына болжам жасайды.
- Мына ғимараттар қай қалада орналасқан? Бұл қай қала?
- Сабақ тақырыбымен қандай байланысы бар?
Мұғалім сабақ мақсатымен таныстырады. Оқушылар мен мұғалім бірлесе отырып сабақтың бағалау критерийлерін әзірлейді.
Тыңдалым алды тапсырма
1-тапсырма
ЖЖ. Оқушылар төмендегі сұрақтар бойынша жұпта пікірлеседі.
- Астана қаласы туралы не білесің?
- Астананың ең көрікті жерлері деп қандай ғимаратты айтуға болады?
- Астанадағы қандай спорт кешендері, мәдениет орындары бар? Олар қалай аталады?
Жұпта оқушылар өз пікірлерін ұсынады. Бірнеше жұптың жауабы тыңдалады.
2-тапсырма
Әр жұпқа «Неологизм сөздер» туралы таратпа материалдар беріледі. Жұптағы оқушының бірі неологизм туралы мәліметті оқып танысады, қасындағы оқушыға айтып береді. Тыңдағаны туралы жұбы сұрақ қойып, екеуі талдайды.
Тыңдалым тапсырмасы
Оқушылар алдымен кестеде берілген сұрақтармен танысып алады. Содан кейін мұғалім оқушыларға Әли мен Сая деген екі кейіпкердің диалогынан тұратын мәтінді тыңдатады. Олар мәтінді тыңдап отырып төмендегі кестені толтырады. Тапсырма жеке-жеке орындалады.
Кесте
сұрақ жауап
«Астана-Бәйтерек» кешенінің мұнарасы неше әлемнен құралған?
«Атамекен – Қазақстан картасы» этно-мемориалды кешенінде неше облыс орналасқан?
«Қазақ елі» мемориалды кешенінің биіктігі нені бейнелейді?
Думан ойын-сауық орталығындағы су қоры?
Оқушылар жұппен бірге бір-бірінің кестесін тексеріп, мәліметтердің дұрыс-бұрыстығын тексереді. Нәтиже бойынша бір-біріне ұсыныс айтады. Оқушылар ұсыныстар бойынша кестелеріне толықтырулар мен түзетулер жасайды.
Тыңдалымнан кейінгі тапсырма
«Шеңбер» стратегиясы.
Оқушылар шеңбер құрып отырады. Төмендегі сұрақтар бойынша талдау жүргізеді.
- Неологизм қандай сөздер?
- Айналадағы, қоғамдағы өзгерістерге байланысты қандай жаңа сөздерді білесің?
- Диалогтың мазмұны не туралы?
- Әлиге қандай кешен ұнады? Несімен ұнады?
- Саяға ерекше әсер еткен қандай ғимарат?
- Диалогтан қандай мәліметтер алдыңдар?
- Бұл кешендердің ерекшеліктері неде?
- Диалогта қандай неологизмдер кездесті?
(Оқушылардың ықтимал жауаптары: неологизм сөздер - елорда, руханият, кешен, монумент, мұхитарал)
Дескрипторлар:
- кестеге кем дегенде үш мәліметті дұрыс толтырады;
- мәтін мазмұны не туралы екенін біледі;
- диалог кезінде тақырыпқа байланысты сөз тіркестерін орынды қолданады,
- мәтінде кездескен неологизмдерді атайды;
- өз пікірін толық жеткізеді.....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 3 812



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?