👈 қаріп өлшемі 👉

Тұңғыш саяхатшы (3 сынып, III тоқсан )

 Тұңғыш саяхатшы (3 сынып, III тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Өнер»
Сабақ тақырыбы: Тұңғыш саяхатшы
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтемеу) 3.3.3.1 мұғалім қолдауымен оқылған мәтінді логикалық бөліктерге бөліп, әр бөлікке ат қойып жоспар құру
3.2.6.1* өлең, мысал, нақыл сөз, аңыз, бата, әңгіменің жанрлық ерекшеліктерін анықтау
3.3.7.1 жіберілген пунктуациялық, орфографиялық және әріптік қателерді мұғалімнің қолдауымен тауып түзету және шағын мәтінді жетілдіру
3.3.8.1 кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазу, жазу қарқынын жеделдету
Сабақ мақсаттары: Берілген мәтіннің негізгі бөлімдерін анықтау;оны түсіну және түсінгенін көрсете алу.
Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі
Оқушалырдың сабаққа дайындығын тексеру, жағымды көңіл-күй орнату.
Қазақ тілі сабағының ұранын айтқызу.
(Ұ) «Жалғасын тап» ойыны
Қол өнері - кілемде,
Сөз өнері - .......... тілде
Осы мақалды толықтырып, мағынасын ашу.
-Сабақта не жайлы әңгіме өрбітеміз деп ойлайсыңдар?
-Өнер туралы тағы қандай мақал білесіңдер?
Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау. Мақсаты негізінде бағалау критерийлерін анықтау.
(МК)(Т) Оқушылар «Тұңғыш саяхатшы»» «Дәйексөз» тәсілімен мәтінінге байланысты ақпарат табу ұсынылады..
Тұңғыш саяхатшы
Омбы қаласындағы әскери оқуға барғанда Шоқан он жаста ғана еді. Оған дейін үш жыл ескіше оқығанымен, орыс тілінентүк білмейтін. Бірақ оқуға зерек бала орыс тілін тез үйреніп алып, білім жағынан құрбыларын басып озады. Кітапқа құмарланған Шоқан оқу орны басшыларынан жергілікті кітапханадан кітап алып оқуға рұқсат алады, өйткені ол оқушыларға арналған кітапханадағы кітаптардың бәрін азғана уақыт ішінде түгел оқып шығады. Шоқан бәрінен де гөрі саяхат туралы кітапты қызығып оқиды, өйткені өзі де саяхатшы болуды арман етеді. Шоқанның кітапқа әуестігі жұрттың бәріне мәлім болады, сондықтан оқытушылар жас Шоқанды болашақ зерттеуші немеме ,алым болады деп есептейді. Шоқан әлі күнге мәлім емес елдердің сырын білуді армандайтын, сол себепті оның ұшқыр қиялы жолдастарын таң қалдыратын еді.
Шоқан қазақ даласы, көшпелі тұрмыс туралы әңгімелерді білуге ықылас қояды, себебі олардың келешекте пайдасы боларын түсінетін. Шоқан ғылымға әбден беріледі, сондықтан әскери қызметтен бос уақытының бәрін Жоңғария туралы мәліметтер жинауға жұмсайды.
Ю.Н.Бессонов, В.Я.Якубович
(Ұ)Мәтіннен кейінгі жұмыс
Оқушылар «ДЖИГСО» стратегиясымен «Тұңғыш саяхатшы» әңгімесін бөліктерге бөліп, әр бөлігіне ат қойып жоспар құрады.
(Ұ) (Ө) Оқушылар «Ой бұлты» әдісімен өтілген тақырыпқа қатысты мәтін жазу стилін жетілдіру мақсатында эссе жұмысын орындайды, тақырыпқа қатысты ойға келген сөздер мен сөз орамдарын тізіп жазады.
(Ө,Ж)Дәптермен жұмыс
Сөздерді оқып, оларға сұрақ қой. Мағыналарынақарайкестегеорналастыр.
Жұлдыз, тау, ата, көк, екі, оқыды, үлкен, ақын, жуынды, жеті, отыз, адам, құс, жүзді, биік, жасыл.
Зат есім---
Етістік----
Сын есім--
Сан есім--
Зат есім мен етістіктерді тіркестіріп жаз.
Қайық, бала, бақа, доп, құс, ұшақ, ағаш, балақай.
Жүзеді, секіреді, ұшады, өседі, жүреді.
Оқушылар жұпта отырып, бір-бірінің ойларымен/қиялдарымен бөліседі......

Құрметті оқырман! Файлдарды күтпестен жүктеу үшін біздің сайтта тіркелуге кеңес береміз! Тіркелгеннен кейін сіз біздің сайттан файлдарды жүктеп қана қоймай, сайтқа ақпарат қоса аласыз! Сайтқа қосылыңыз, өкінбейсіз! Тіркелу
Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:


Қарап көріңіз 👇



Жаңалықтар:
» «Елімізде ескі несиелер кешіріледі»: министрлік өзгерістерді түсіндірді. 27.07.2022
» Кәрім Мәсімовтың шетелдегі 3 млн доллары елге қайтарылды 19.07.2022
» Түркістандық өртеніп жатқан ғимараттың төбесінен туды алып шықты 19.07.2022

Келесі мақала, жүктелуде...
Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы