Әдепті бала - арлы бала (5 сынып, I тоқсан, 2 бөлім )

 Әдепті бала - арлы бала (5 сынып, I тоқсан, 2 бөлім )

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Мектеп өмірі
Сабақтың тақырыбы:Әдепті бала - арлы бала
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары:О5. Қосымша ақпарат көздерінен тақырыпқа байланысты мәліметтерді ала білу.
Сабақтың мақсаттары:Барлық оқушылар орындай алады:
Қосымша ақпарат көздерін оқиды
Оқушылардың көпшілігі орындай алады:
Қосымша ақпарат көздерінен мәліметтерді таба алады
Кейбір оқушылар орындай алады:
Қосымша ақпарат көздерінен алынған ақпараттарға өз көзқарасын білдіре алады.
Сабақ бырысы: Оқушылармен амандасу.
«Мына қасиеттер кай кейіпкерге тән?»
Қожа - шашы қайратты, орта бойлы, жасы он екіде
Жанар — Қожамен бірге оқиды. Дауысы әдемі, ән салады. Сыныптағы бірінші үздік оқушы.
Сұлтан —Бойы ұзынша арық келген жігіт. Қожадан екі-үш жас үлкен, жаман қылықтарға әуес.
Майқанова — Қазақ тілі пәнінің мұғалімі, Қожа оқитын сыныптың жетекшісі. Ол адамгершілігі мол әрі ақылды ұстаз.
Оқу мақсаттары мен жетістік критерийлерімен таныстыру
Топтарға мақал-мәтелдерді қиындыларға бөліп таратып беру
1-топ: Әдепті бала — арлы бала,
Әдепсіз бала — сорлы бала.
2-топ: Жаманға айтқан ақылың,
Далаға атқан оқпен тең.
3-топ: Татулық — табылмас байлық.
4-топ: Жақсы адам — елдің ырысы,
Жақсы жер — жанның тынысы.
Бағалау «Бас бармақ»
Берілген мақал-мәтелдерді оқушылар дұрыс құрастырып, мағынасын түсіндіреді, сабақтың тақырыбымен танысады;
Әдептілік, адамгершілік туралы әңгімелей отырып, мынадай сұрақтар қою.
1.Әдептілік деген не? Оны қалай түсінесің?
2.Әдепті бала қандай деп ойлайсың?
3.Қожаның өз мінез-құлқы жайында ойлауына не мәжбүр етті?
4.Қожаның сотқар болуы мен әдепті жолға түсуіне не себеп болды?
Бағалау «Үш шапалақ»
Топтық жұмыс
Төрт сөйлем» тәсілі арқылы жұмыс жүргізу. Оқыған мәтін бойынша оқушылар төмендегі 4 тапсырманы жаңа сөздерді пайдалана отырып, орындаулары тиіс:
1. Пікір. Оқыған мәтін бойынша өзіндік пікірлеріңізді бір сөйлеммен жазыңыздар.
2. Дәлел. Өз пікірлеріңізді бір сөйлеммен дәлелдеңіздер.
3. Мысал. Пікірлеріңізді өмірмен байланыстырып, мысал келтіріңіздер.
4. Қорытынды. Тақырып бойынша қорытынды шығарыңыздар
«Менің атым Қожа» повесінен тауып жазу
1-топ: Қожаның сотқар болуына әсер еткен факторлар
2– топ: Қожаның әдепті жолға түсуіне әсер еткен факторлар
Қосымша ақпарат көздерінен мәліметтер тауып оқу
ІІІ топ: Адамдың сотқар болуына әсер ететін факторлар әсер
ІV топ: Адамның әдепті болуына әсер ететін факторлар
Бағалау «Екі жұлдыз, бір тілек».....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 1 559



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі