Қазақша өлең: Базар Жырау Оңдасұлы (Жігіттік) » ZHARAR © 2016 | базар жырау оңдасұлы Жігіттік өлең стихи на казахском базар жырау казакша олен, базар жырау оңдасұлы өлеңдері, стихи на казахском языке базар жырау, базар жырау олендери, Жігіттік




  • »

Қазақша өлең: Базар Жырау Оңдасұлы (Жігіттік)

Қазақша өлең: Базар Жырау Оңдасұлы (Жігіттік) казакша Қазақша өлең: Базар Жырау Оңдасұлы (Жігіттік) на казахском языке

Жігіттіктің екпіні -
Қаптаған қара дауылдай!
Күркіреп жауған көктемде
Қара нөсер жауындай!
Тұтынса берік, тозбайтын -
Күдері қылыш бауындай!
Жігіттікте қайғы жоқ,
Қадірін біліп күте алса,
Он екі мүше сауынды - ай.
Аңсары ауып сол кезде,
Әркімдер жеңсік болды -
Жаңа піскен қауындай.
Безенген жігіт сыналар -
Қарындастың дауында - ай.
Басылады бір күні
Бірте - бірте сол дәуір -
Мұнарланған сағымдай.
Желдей заулап басыңнан,
Өте шығад шұбалған -
Бәйге атының шаңындай.
Алладан ақуал келгенде,
Батырлар тұрмас бағында - ай.
Жаһанды жалғыз билеген
Патшалар тұрмас тағында - ай.
Алаш дұшпан, мысалы,
Аңдысып тұрған көзіңнің
Қарасы мен ағындай.
Мен сендерді көрмесем,
Қалайынша сондықтан
Шыдайын не ғып сағынбай?


Санат: KZ портал » Қазақша Өлеңдер жинағы | | 40
Рейтинг:
(голосов: 0)

.

. .