Қазақша өлең: Ақтамберді жырау (Күлдір-күлдір кісінетіп) » ZHARAR © 2017 | ақтамберді сарыұлы жырау Күлдір-күлдір кісінетіп өлең стихи на казахском актамберды сарыулы жырау казакша олен, ақтамберді сарыұлы жырау өлеңдері сайты, стихи на казахском языке актамберды сарыулы жырау, актамберды жырау казакша олендер, Күлдір-күлдір кісінетіп




  • »

Қазақша өлең: Ақтамберді жырау (Күлдір-күлдір кісінетіп)

Қазақша өлең: Ақтамберді жырау (Күлдір-күлдір кісінетіп) казакша Қазақша өлең: Ақтамберді жырау (Күлдір-күлдір кісінетіп) на казахском языке

Күлдір-күлдір кісінетіп,
Күренді мінер ме екеміз?!
Күдеріден бау тағып,
Ақ кіреуке киер ме екеміз?!
Жағасы алтын, жеңі жез,
Шығыршығы торғай көз
Сауыт киер ме екеміз?!
Ор қояндай жүгінтіп,
Аш күзендей бүгілтіп,
Жолбарыстай шұбарды
Тандап мінер ме екеміз?!
Сол шұбарға мінген соң,
Қоңыраулы найза қолға алып,
Қоңыр салқын төске алып,
Қол төңкерер ме екеміз?!
Жалаулы найза жанға алып,
Жау қашырар ма екеміз?!
Тобыршықты әндіген
Толтыра тартар ма екеміз?!
Тобылғы түбі құралай,
Бытыратып атар ма екеміз!
Жарлауға біткен жапырақ -
Жамылсақ, тоңар ма екеміз?!
Жазыққа біткен бүлдірген -
Сұғынсақ, тояр ма екеміз!
Тобылғы сапты қамшы алып,
Тұмар мойын ат мініп,
Қоныс та қарар ма екеміз!
Ел жазылып жайлауда,
Жақсылар кеңес құрғанда,
Мұртымыз өрге шаншылып,
Бұрын да сөйлер ме екеміз?!


Назад Вперед
Санат: KZ портал » Қазақша Өлеңдер жинағы | | 167
Рейтинг:
(голосов: 0)

.

MixAdvert

MarketGid

Соңғы пікірлер:
. .